Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Абайдың қара сөздері

Ана тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
Мақсаты:
Білімділік: Қара сөздерді мәнерлеп оқу, қара сөздерді, нақыл сөздерді танып – білу, нақыл сөздің мәнін бүгінгі өмірмен байланыстыру.
Дамытушылық: Оқушылар қара сөздерді жатқа айту арқылы сөзді қоры молаяды, дүниетанымы артады, өз ойларынан нақыл сөздер, өлең құрастыру арқылы шығармашылық қабілеті артады.
Тәрбиелік мақсаты: Қара сөздерде кездесетін үлгі аларлық сөздердің мағынасын түсіне отырып, оқушылар жақсы мен жаман қылықтарды ажырата білуге тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру.
Сабақта қолданылған технология: СТО
Сабақта қолданылған әдіс – тәсілдер: талдау – жинақтау, баяндау, сұрақ – жауап, ой жаңғырту, кластер, ассоциация, болжау, аквариум, инсерт кестесі.
Сабақта қолданылған көрнекіліктер, техникалық құралдар:
үнтаспа, интерактивті тақта, Нақыл сөздер, Абай Құнанбаев портреті,
шағын кітап көрмесі.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кідіріс.
«Біз ұйымшыл топпыз»
а/ Әр топ спикерін тағайындау.
ә/ Топтың сабаққа дайындығы.

І. Қызығушылықты ояту:
Ойын «Аққала ойыны» / оқушылар әр түрлі қозғалыста жүріп аққала бейнесін құрауға қажетті суреттерді қиыстырып музыка тоқтаған сәтте тұра қалады./
Аққала жасаған балалар орындарына топ құрап отырады.

Инсерт кестесін тарату.
Абайдың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу.
– Авторы кім?
– Оқушылар « Абай Құнанбаев» деп жауап береді.
2. Оқушылар ойы: / интерактивті тақта бойынша жұмыс жүргізу./

Абай Құнанбаев

Кім: Ұлы ақын
Азан шақырып қойған есімі: Ибрагим Құнанбаев
Өлеңдері: «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Жазғытұры», «Күз», «Қыс»
Әкесі: Құнанбай
Анасы: Ұлжан
Әжесі: Зере

2. Үнтаспадан тыңдау.
«Әдептілік, ар – ұят адамдықтың белгісі.»

Талапбек: Ассалаумағалейкум, ата!
Зерделі: Сәлеметсіз бе, ата!
Атасы: Армысыңдар балалар! Өркендерің өссін «Адамдықтың белгісі иіліп сәлем бергені» дегендей, сәлемдесуді ұмытпағандарың мені қатты қуантады.
Бұл жолы айтар әңгімем де адамдық, имандылық, ізеттілік, білімділік жайында. Құлақ салынды, қарақаттарым!

ІІ. Мағынаны ажырату.
1. «Әдептілік ар – ұят – адамдықтың белгісі, Тұрпай мінез тағы жат надандықтың белгісі.» дегендей……
Абайдың отыз сегізінші қара сөзінен:
Қара сөзде адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Ол, бірінші надандық, екінші еріншектік. Үшінші залымдық.
а/ Абайдың қара сөзін магнитофоннан тыңдалады.
ә/ Үш топтан үш оқушы мәнерлеп оқу.
б/ Қара сөздегі нақыл сөздерді жазып есте сақта.

/Интерактивті тақтамен жұмыс:/ Жақсыдан үйрен
● Адам бойындағы жақсы қасиеттер.
Адам: → Қайырымды, парасатты, терең ойлы, еңбекқор, адал, білімді, ізденгіш, инабатты, талапты
● Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер.
Адам: → Мақтаншақ, ұятсыз, қанағатсыз, білімсіз, рақымсыз, күншіл, надан, залым

3. Ой толғау.
1. Абайдың он жетінші қара сөзіне талдау.
Үш топқа жеке мәтіннің сөздерін бөліп беріп, аялдамамен оқыту әдісі арқылы қара сөзді талқылау.
1. топ Ақыл
2. топ Қайрат
3. топ Жүрек

а/ Мәтіннің бірінші бөліктерін тарату
б/ оқушы ойын тыңдау болжам жасауларына назар аудару.
в/ Мәтіннің екінші бөлігін тарату.
г/ Болжамдарын салыстыру.
д/ Қорытынды пікірлерін тыңдау

2. Адамның бойындағы жақсы – жаман қасиеттерді салыстыра отырып нақыл сөздер, шағын өлең, ЭССЕ құрастыру.
1. топ. Нақыл сөз, мақал – мәтел
3. топ. Шағын өлең.
4. топ. ЭССЕ

Қорытындылау.
Бағалау
Үй тапсырмасы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Сабақ жоспары әдебиеттік оқу 4 сынып Абайдың қара сөздері

© Дереккөзі

To Top