Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай»

Сабақтың тақырыбы: Абай. «Желсіз түнде жарық ай»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Абай Құнанбаевтың өмір жолынан мағлұмат беру. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.
Дамытушылық: Оқушының ой – өрісін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұлы ақынның кемеңгерлігін дәріптеу адамгершілікке, өз елін, туған жерін, табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Абай Құнанбаевтың суреттері, сөзжұмбақ, сынау сұрақтар.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқулықтарымен мен дәптерлерін түгендеп, зейіндерін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Арыстан мен қазы» мазмұны. Арыстанға мінездеме беру, қозыға мінездеме беру.
3. Жаңа сабақ.
Мұғалім: Балалар, мына сөзжұмбақты шешсек бүгін кім туралы өтетінімізді білетін боласыңдар

1. Дүниедегі ең асыл да қымбат адам кім?
2. Сиырдың төлі не деп аталады?
3. Тұңғыш мектеп ашып, балаларды білім алуға шақырған адам кім?
4. Қозының енесін ата.
Мұғалім: Олай болса балалар, Абай туралы жалпы білетіндерімізді еске түсірейік.
Мұғалім: 1. Абай – кім?
1. Ол нешінші жылдары өмір сүрген?
2. Оның тұңғыш өлеңдер жинағы нешінші жылы шықты?
3. Абайдың анасының аты кім?
4. Әжесінің аты кім?
Оқушы: 1. Қазақтың ұлы ақыны.
2. 1845 – 1904
3. Оның тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы шықты.
4. Абайдың анасының – Ұлжан.
5. Әжесінің аты – Зере.
Абай туралы сурет көрсете отырып, қысқаша мәлімет беріп, дәптерлеріне жазғызу.

Туған кездегі есімі: Ибраһим Құнанбайұлы
Қызметі: ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси қайраткер
Туған күні: 10 тамыз 1845
Туған жері: Қарқаралы, Семей облысы
Ұлты: қазақ
Қайтыс болған күні: 6 шілде 1904 (58 жас)
Қайтыс болған жері: Семей облысы
Әкесі: Өскенбайұлы Құнанбай
Анасы: Ұлжан

«Желсіз түнде жарық ай» өлеңімен таныстыру.
(Өлеңді мәнерлеп оқыту, түсіндіру, оқушыларға оқытып жарыстыру.)
Мұғалім: Балалар үш қатар болып жарысайық. Бұл адамдар қандай екені туралы сызба арқылы жазамыз.(тақтамен жұмыс)
Шығармашылықпен жұмыс.
1 – қатар. «Жақсыдан үйрен»
талапты, білімді, ақылды, адал, терең ойлы,
қайырымды, еңбекқор, талатты
2 – қатар. «Жаманнан жирен»
Еріншек, білімсіз ұятсыз, арсыз, мақтаншақ, рахымсыз, өтірікші, надан
3 – қатар. «Бала Абай»
Сазгер, ойшыл, ақын, кемеңгер, аудармашы

4. Сергіту сәті.
Қорытынды. Балалар біз кім туралы білдік? Абайдың қандай өлеңімен таныстық? Абай ата кім болған? Не үйренгенімізді тексеріп көрейік.
(Тесттік сұрақтарды пайдаланып, сабақта қорытындылау. Бір – біріне тексерту.)
1. Қазақтың ұлы ақыны кім?
а) Ыбырай; ә) Абай; б) Шоқан.
2. «Абай жолы» роман – эпопеясын кім жазды?
а) М. Әуезов, ә) Ш. Мұртаза; б) Ж. Жабаев.
3. Абайдың әжесінің аты кім?
а) Ұлжан; ә) Зере; б) Тоғжан.
4. «Орын таппай баптанба» деп келетін өлең жолдары қай өлеңнен алынған?
а) Күз; ә) Ғылым таппай мақтанба; б) Желсіз түнде жарық ай.
5. Абайдың туған жерін белгілеңіз.
а) Қарағанды; ә) Алматы; б) Семей.
Үй тапсырмасы. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін жаттап келу.
Бағалау: Жақсы қатысқан балаларға баға қою


Ашық сабақ бастауыш сынып Абай Құнанбаев желсіз түнде жарық ай

© Дереккөзі

To Top