Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Авторлық бағдарлама «Бастауыш сыныптардағы геометрия»

Авторлық бағдарлама «Бастауыш сыныптардағы геометрия»

Түсінік хат
Бұл бағдарлама математика курсының бір бөлігі болып табылатын геометрия бойынша 1 – 4 сыныптардағы бұрынғы қолданыстағы, бірақ кеңейтілген және тереңдетілген геометриялық түсініктерді қарастырады. Сабақтарда баланың танымдылық деңгейіне бағытталған, қорытындысында қоршаған ортадағы объектілерді салыстыра, негізгі түсініктер мен терминдер, анықтамалар қарастырылады. Материал баланың танымдылық қабілетін арттыратын қызық ойын түрінде берілуі тиіс. Бастауыш сыныптарда геометрияны оқытудың басты міндеті – мектептің орта және жоғарғы буындарында геометрияны үйренудің базасын дайындау болып табылады.
Балаларды тек ұзындықпен, ауданмен және көлеммен ғана таныстырып қоймай, оларды тек сызғышпен ғана пайдалануға үйретпей, циркульмен де үйрету керек. Сонымен қатар, бұрыштарды салуға және өлшеуге транспортирді пайдалануды үйрету қажет. Оқу жылында аптасына мақсатты түрде 1 сағат өткізу жоспарланды.

Осы аталған курс бойынша өткізілетін сабақтар тек геометриялық материалдарды ғана емес, конструкторлы – тәжірибелік тапсырмалар негізіндегі тақырыптарды да қамтиды.
Сабақты өткізу әдістемесінде бастауыш сынып оқушыларының мүмкіншіліктері мен жас ерекшеліктері есепке алынды. Материалдың бөлімдері ертегі, әңгіме, жұмбақ, ойын, мұғалім және оқушы немесе оқушы және мұғалім түріндегі диалог сияқты танымдық формада берілген.
Оқушылардың жаңа геометриялық, яғни, нүкте, сызық, тік сызық, қисық сызық, жабық және т. б. формалармен таныстырғанда балалардың осы жасына сай келетін түсінікті өлең шумағы қолданылады. Тақтада соған лайықты айтылған «Нүкте, нүкте, үтір, бейнесімен бейнеленген, суреттелген сол геометриялық фигуралар қайтадан анықталады. Бұған көптеген мысалдар келтіруге болады. Арнайы курсты 2 сыныптан бастаған жөн.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Авторлық бағдарлама бастауыш сыныптардағы геометрия

© Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top