Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Адам деген ардақты ат

Сабақтың тақырыбы: Адам деген ардақты ат
Сабақтың мақсаты: «Адамгершілік» ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: адами қасиеттер туралы түсінік беру;
Дамытушылық: балалардың адамгершілік қасиеттерін дамыту, жағымды қарым – қатынас жасай білуге үйрету;
Тәрбиелік: ізгілікті, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, сюжетті суреттер
Әдістер: әңгімелесу, ойын, жаттығу, түсіндіру, сахналау.
Эпиграф: Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан. Абай

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Шаттық шеңбері
Мұғалім балалармен сәлемдесіп, оларды шаттық шеңберін құрып, бір – бірімен сәлемдеседі.
 Үлкенге де сіз! (Оң қолын алға созады)
 Кішіге де сіз (сол қолын алға созады)
 Баршаға жанды құрметтеп, (екі қолын кеудеге қояды)
 Бас иеміз біз! (бас иеді)
Е. Өтетілеуовтің «Нағыз адам боламын» атты өлеңін мұғалімге ілесіп бірге қайталайды.
Бүгін титтей баламын,
Әлі – ақ жігіт боламын.

Сонда, мүмкін, мен ғалым,
Әлде шофер боламын. Ел сыйлайтын мұғалім,
Әлде шахтер болармын.
Сонда ұста, не артист,
Не дәрігер болармын.

Әлде, әлде… Білсеңдер,
Жалғыз ғана талабым:
Ер жеткенде, ел сенер
Нағыз адам боламын!

Әңгімелесу. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбына бағыттау мақсатында әңгімелесу өткізеді. Әңгімелесуге мынандай сұрақтар қойылады:
Ата – анаң қандай болғаныңды қалайды?
Өзіңнің кімге ұқсағың келеді?
Нағыз адам дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар өз түсініктерін ортаға салып айтады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, өзі қорытынды жасайды.
Мұғалімнің сөзі:
– Дұрыс айтасыңдар, балалар, ата – анамыз біздің жақсы адам болғанымызды қалайды. Әрдайым ақылдарын айтады. Біздер ақылды, әдемі адамдарға ұқсағымыз келеді. Өзіміз де мейірімді, адал, білімді болып өсуге талпынамыз.
ЖАҢА АҚПАРАТ
– Балалар, не тәтті?
– Ананың сүті тәтті.
– Не жұмсақ?
– Ананың қолы жұмсақ.
– Не қатты?
– Атаның жүрегі қатты.
– Кім жақын?
– Тату болса, ағайын жақын, ақылшы болса, апайың жақын.
– Бауырмал болса, інің жақын, алдыңа тартқан адал асың,
– Қимас жақын қарындасың.
– Не қымбат?
– Алтын ұяң – Отан қымбат,
– Құт – береке, атаң қымбат.
– Аймалайтын, анаң қымбат.
– Асқар тауың әкең қымбат.
– Дүниеде не қымбат?
– Адам қымбат
– Адамға не қымбат?
– Бала қымбат.

Мәтінмен жұмыс.
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Ол үшін сабақта оқушыларға «Кім боласың?» Ж. Жұмаханованың атты мәтінмен танысу ұсынылады. Мәтінді алдымен мұғалім оқып береді. Сосын оқушылар өздері оқиды. Мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
 Атасы немересіне адам бол дегенде не айтқысы келді?
 Сендер «Адам бол» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сергіту сәті
Кел, санайық екеуміз:
Бас бармағым – әкем,
Балан үйрек – апам,
Орта терек – ағам,
Шылдыр шүмек – мен,
Титтей бөбек – сен,
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Адам деген ардақты ат жүктеу


Адам деген ардақты ат адамгершілік адами қасиеттер жағымды қарым қатынас

© Дереккөзі

Tags: Адам деген ардақты атадамгершілікадами қасиеттержағымды қарым қатынас

Related Posts

Бастауыш сынып

Земля моя, ты будешь раем! Закрепление

Бастауыш сынып

Сложение и вычитание числа 5

Бастауыш сынып

Cу – тіршілік негізі

Бастауыш сынып

Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)

Бастауыш сынып

Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»

Бастауыш сынып

Бастауыш сыныптарда білім беру қызметін психологиялық саралаумен қамтамасыз ету

Бастауыш сынып

Тиін туралы

Бастауыш сынып

8 санын қосу және азайту

Бастауыш сынып

Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы

Бастауыш сынып

Оспанхан Әубәкіров «Ара мен Шыбын»

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021