Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Айлакер түлкі ертегісі

Ертегі әлемінде атты сахналау
Айлакер түлкі ертегісі
Драмалық ойын: Ертегіні драматизациялау (сахналау)
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын сахналау барысында кейіпкерлердің рөлдеріне еніп, диологты сөйлеуге үйрету. Дауыс ырғақ, түрлі интонация, қимыл – қозғалыспен, кейбір ым – ишарамен бейнені келтіре білу қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Қатысушылар:
Бастаушы:
Тауық: Інжу
Әтеш: Мансур
Үйректер: Жансая мен Досжан
Тауыстар: Жанел мен Жантөре.
Қоян: Ескендір
Түлкі: Гүлназым

Бастаушы: Баяғы бір заманда орман ішінде алай – дүлей дауыл соғады. Дауылдың қатты соққаны соншалық ағаштарды тамырымен құлатып, жуан бұтақтарды сындырып, жапырақтарды ұшырып әкетеді. Аңдар қорыққанынан өз індеріне тығылыпты. Осылайша дауыл бірнеше күн соғып, артынша тынышталыпты. Сол орманда Әтеш пен Тауық өмір сүріпті. Дауыл олардың балапандарын ұшырып әкетіпті. Жел тынышталғанда Тауық Әтешке:
Тауық – Мен мұнда енді қала алмаспын. Бізге басқа жерге қоныс аудару керек

Әтеш: Жарайды ендеше басқа қоныс іздейік

Бастаушы: Әтеш Тауықтың сөзіне келісіп, қоныс іздеуге бірге аттаныпты.
Сөйтіп, олар жолда келе жатса, алдарынан екі үйрек кездесіпті.

Үйрек: Тауықтан: – Сіңлім! Қайда жол жүрмексіңдер?

Тауық пен Әтеш: Біз енді бұл орманда қалуға қорқамыз, сондықтан жаңа қоныс іздеуге бара жатырмыз.

Үйректер: Ендеше бізді де өздеріңмен бірге ала кетіңдерші, бізде мұнда тұрғымыз келмейді

Бастаушы: Әтеш пен Тауық келісіп, төртеуі бірге жолға шығыпты.
Көп ұзамай оларға екі Тауыс кезігіпті.

Тауыстар: Барлықтарың қайда бара жатырсыңдар?

Сонда барлығы: Бұл орманда тұру қауіпті, сондықтан басқа жерден қоныс іздеп бара жатырмыз.

Тауыстар: Ендеше бізді де ала кетіңдерші, бізге де кауіп төніп тұр

Бастаушы: Енді олар алтау болып, жаңа қоныс іздепті.
Жолдан бұларға Қоян да ілесіпті. Кенет қайдан шыққаны белгісіз алдарынан Түлкі шығыпты. Ол қоныс аударушыларды көріп таңғалып, былай дейді: –

Түлкі: Шырақтарым, қайда бағыттап бара жатырсыңдар?

Барлығы: Біз мына орманда қалуға қорқамыз, сондықтан өзімізге жаңа қоныс іздеп бара жатырмыз.

Түлкі:- Біздің орманнан кетпеңдер!
Мен бір жақсы жер білемін. Сол жерді көрсетейін бе? Онда тып – тыныш және сендер онда рақат өмір сүресіңдер!

Бастаушы: Бірақ Түлкі айтқан жерді мақтап, алдағаны сонша, ақырында бәрі сол жерді көруге көніп:

Барлығы: Жарайды, ең әуелі мақтаған жерге барып, көрейік. Ұнамаса әрі қарай кете береміз.

Бастаушы: Түлкі оларды дәл өзінің ініне әкеліп алып

Түлкі:- Бұдан әрі жол тар, мен алдына шығайын, ал сен¬дер бір – бірден менің артымнан жүріңдер»

Бастаушы: Осы сөзден кейін ол ініне жылмаң етіп түсіп, жасырынып қалды. Ал оның артынан бірінші Тауыс кірді, сосын Әтеш, тағы қалғандары. Түлкінің алдағанын білген Қоян жылдам секіріп, апаннан шығып кетті. Қатты жүгіретін Қоянға Түлкі жете алмады. Бірақ аңқау кұстарды жеп қойды.

Тәрбиеші: Жалелова Ү. С.
Айлакер түлкі ертегісі жүктеу


Ертегі әлемінде атты сахналау айлакер түлкі ертегісі ертегіні драматизациялау сахналау

© Дереккөзі

Continue Reading
Ұқсас тақырыптар...
To Top