Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Алма бағы

Білім беру саласы: Шығармашылық
Білім бөлімі: Сурет салу
Апта тақырыбы: Дұрыс тамақтану. Дәрумендер
Тақырыбы: Алма бағы
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі жайлы түсініктерін кеңейту, күздің ерекшеліктерін, белгілерін атай отырып, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру. Алма ағашының құрылысының ерекшеліктеріне сәйкес оның бөліктерін, бір – біріне қатынасын дұрыс бере білуді үйрету. Ағаш бұтақтарын қылқаламның ұшымен жіңішке етіп, жапырақтарын тігінен сүйкей жағу, алманы дөңгелектей бояу тәсілімен салуға жаттықтыру.
Әдіс – тәсіл: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Қолданатын көрнекілік: Алма бағындағы алмалар көрінісінің суреттері, бояу, қылқалам, су, сүлгі.
Билингвистикалық компонент: алма – яблока

Мотивациялық қозғаушы
Балалар бір – бірімізге қолымызды беріп, алақан арқылы жылулық танытып, жақсы лебіз білдірейік.
– Жарайсыңдар балалар осы жүрегіміздің жылуын үнемі бір – бірімізге сыйлап жүрейік.
Есік қағылып, Күз падишасынан хат келеді.
Күн суып салқындап,
Ағаштар сарғайып, жапырағын төгеді.
Көкөніс, жеміс, жидек піседі.
Қырман мол астыққа толады.
Жел соғып, жиі жаңбыр жауады.
Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Айтыңдаршы, балаларым бұл көрініс жылдың қай мезгілінде болады?

Ұйымдастырушы
ізденуші – Өте жақсы бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Күз сыйлығы» деп аталады.
Күз падишасының тапсырмаларын орындау.
1 – тапсырма. Күз айларын атаңдар?
2 – тапсырма. Жыл мезгілдерін ата?
– Балалар, біз қазір сурет көрмесіне саяхат жасаймыз. Суреттерге зер салып, дұрыстап қарап алыңдар. Содан соң, кімге қандай сурет ұнағанын әңгімелеп беріңдер.
– Суретте қандай көрініс бейнеленген?
– Күзді неге алтын, жомарт күз деп атайды?
– Неге қараша айын қоңыр күз деп атайды?
– Күз туралы кім тақпақ біледі?
Ал балалар біз суретші болғандықтан мынадай ойын ойнайық. «Бір түсті заттарды ата?»
Сурет көрсетіп, ондағы алма бағындағы ағаштар жайлы сипаттап, алма ағашының құрылысына, ерекшеліктеріне назар аудара отырып, ағаштың бұтақтарын тігінен сүйкей жағу, алманы дөңгелектей бояп салу тәсілдерін көрсетемін. Сурет әдемі, тартымды болу үшін алдымен ойланып сюжет құру, түстерді тиімді пайдалана білу керектігін түсіндіремін.
Сергіту сәті.
Ағаштар шайқалып,
Желменен билейді.
Басылса жел енді,
Тыныштық енеді.
Алма бағы жүктеу


Алма бағы алма ағашы бейнелеу өнері дұрыс тамақтану дәрумендер

© Дереккөзі

To Top