Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.

Тақырыбы: Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Ана тілі.
Мақсаты:
1. Оқушыны Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен таныстыра отырып, «Арыстан мен Тышқан» арасындағы мысалды оқып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
2. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту
3. Адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ – жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір – біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. «Ара мен Шыбын» атты Оспанхан Әубәкіровтің мысал – өлеңінде Шыбын Араға не деді? Ара оған неге бірден келісе салмады? Қонақ күтуге Шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген? Шыбынның қонақты дұрыстап күткісі келмей тұрғанын оның қай сөздерінен байқауға болады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Егер сен араның орнында болсаң, не істер едің? Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады? Кесте бойынша өзіңнің сипаттауың жайлы не айтар едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 3 класта қандай шығармасымен таныстық? («Кедей» өлең) Онда не жайлы еді? Кедей деп кімдерді атаған?

Ү. Жаңа сабақ:
Кіріспе. Сұлтанмахмұт Торайғыров – талантты, дарынды ақын әрі жазушы.(1893 – 1920). Ол небары 27 жас қана өмір сүрген. Сол азғана өмірінде ақын артына мол мұра қалдырды. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп жырлаған жалынды ақын мысал өлеңдер де жазды. Сұлтанмахмұт Торайғыров төмендегі мысал өлеңінде күштінің әлсізді менсінбейтін іс – қылығын әшкерелейді.
Кітаппен жұмыс. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Арыстан мен Тышқан» мысалын түсініп, жалғастырып оқу. Сөздік жұмыс.
Күпшек – дөңгелектің білік кигізілетін, шабақтар қондырылатын ұңғы тесіктері бар ортаңғы бөлігі.
Зиян – залал, зақым.
Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
1. Мысалдан адамдардың бойындағы қандай мінез – құлықтар байқалады? Арыстанның сөзінен оның қандай мінез – құлқын байқауға болады? 2. Мысалды бөліктерге бөл. Ат қой. (Тышқанның ойнақтауы. Арыстанның (көңілшектігі) мейрімділігі. Тышқанның Арыстанды құтқаруы.). Ары қарай не болады деп ойлайсың?

ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Мысал мазмұнына сәйкес келетін мақал – мәтел ізде. Мысалдағы арыстан мен тышқан әрекетінен адамның қандай қасиеттерін аңғаруға болатынын кестеге жазып шық
Сұлтанмахмұт Торайғыров жөнінде не білесің? Арыстан (қандай?) Тышқан (қандай?)

ҮІІІ. Үйге тапсырма:
1. түсініп оқу, мысалды жалғастырып көр.
2. Бағалау.


Күнделікті сабақ жоспары Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі Арыстан мен тышқан

© Дереккөзі

Tags: арыстан мен тышқанкүнделікті сабақ жоспарыСұлтанмахмұт Торайғыров өмірі

Related Posts

Бастауыш сынып

Земля моя, ты будешь раем! Закрепление

Бастауыш сынып

Сложение и вычитание числа 5

Бастауыш сынып

Cу – тіршілік негізі

Бастауыш сынып

Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)

Бастауыш сынып

Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»

Бастауыш сынып

Бастауыш сыныптарда білім беру қызметін психологиялық саралаумен қамтамасыз ету

Бастауыш сынып

Тиін туралы

Бастауыш сынып

8 санын қосу және азайту

Бастауыш сынып

Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы

Бастауыш сынып

Оспанхан Әубәкіров «Ара мен Шыбын»

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021