Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Арыстан мен тышқан

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сұлтамахмұт Торайғыров. Арыстан мен Тышқан
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу; Мысалдағы негізгі ойды ашу
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: мәтінді мәнерлеп, түсініп оқиды
оқушылардың басым бөлігі: мысалдағы түйінді ойды ашып, адам бойындағы мінез құлықтарды ашады.
кейбір оқушылар: Мысалды рөлге бөліп сахналайды, ары қарай жалғастырады.
Тілдік мақсат: Оқушылар:
мәтінді оқи алады; жаңа сөздерді анықтап, сөздік қорын молайтады.
Негізгі сөздер мен тіркестер: сай – пана, сейіл құру, зиян, азат
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Жаңа сөздердің мағынасын түсіну Сіз неліктен екенін айта аласыз ба?
Бұл сөздер неге қатысты берілген?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Мысалдан не түйгенін жазады
Арыстан – лев – lion
Тышқан – мышь – mouse
Жетістік критерийлері мәтінді мәнерлеп, түсініп оқи алды; мысалдағы түйінді ойды аша алды.

Сабақтың басы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
ІІ. Топқа бөлініп, сынып ережесін еске түсіру
Ертегі, аңыз, мысал, жұмбақ

ІІІ. Үй жұмысын тексеру
«Түрлі түсті хат қалта» әдісі
1. «Ара мен Шыбын» атты мысал – өлеңнен не түйдің?
2. Мысалдағы Араны сипатта
3. Мысалдағы Шыбынның үйін, жататын жерін көзіңе елестетіп, суреттеп айтып бер
4. Мысалдағы қонақ күту жайы туралы не айтасың?
«Сәйкесін тап» ойыны

ІҮ. Миға шабуыл
«Ізде, тап!» ойыны
Ааааьитпрнерапенаиыдщешнцрапдщйыеееыамиарыстанииипрноллюжэфнменрапнемвпвекртышқаниюжибляжфоегерахйщшлартмисяч
Қандай сөздер шықты?

Сабақтың ортасы
Сабақ мақсатын айту
Оқулықпен жұмыс
Автор туралы мәлімет
– С. Торайғыров (1893 – 1920) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл аулында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ақын, жазушы, әрі педагог. Жастарды оқуға үндеген «Неге жасаймын», «Шәкірт ойы», т. б. өлеңдердің, «Қамар сұлу», т. б. көркем шығармалардың иесі.
Мысалды өз бетінше оқып шығу. Түсінбеген сөздер мен сөз тіркестерін түртіп алу
«Сөздік гол» ойыны (көркем сөздерді меңгеру):
«Сөздік гол»
«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі
1. Мәтінді сатылай кешенді талдау
2. Рөлдік ойын
Мысалды ары қарай жалғастырып, сахналап көрсетеді
3. Венн диаграммасы
4. Акроним әдісі
Кері байланыс
Алақан, үш саусақ, жұдырық
Сабақты қорыту
«Менің түйгенім…» мысалдан қандай ой түйгеніңді жаз.

Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы, Төребай би ауылы ауылы
Мұғалімнің аты жөні: Жұматаева Айжан Айдарбайқызы

Арыстан мен тышқан. жүктеу


Сұлтамахмұт Торайғыров арыстан мен тышқан қысқа мерзімді сабақ жоспары әдебиеттік оқу 4 сынып

© Дереккөзі

To Top