Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Атаның сөзі, ақылдың көзі

Сабақтың тақырыбы: Атаның сөзі, ақылдың көзі
Сабақтың мақсаты:
Жас жеткіншектердің бойына халқының қадір қасиетін сіңіріп, кішіге қамқор болуға, ата – бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу, ұнамды – ұнамсыз, әдепті – әдепсіз қылықтарды ажырата білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ұлағатты сөздер, шарлар, Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би, Абай Құнанбаевтың, Н. Ә. Назарбаев суреті, слайдтар«Ана жүрегі» бейнеклипі,« Қарттар үйі» бейнеклипінен үзінді, көрініске қажетті құралдарды пайдалану.

Сабақтың барысы:
Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар, кешіміздің қадірменді қонақтары. Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада жүрген қолайсыз сөздерге тыйым қояды. Бұның бәрі тәрбие. Ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ғибрат аларлық, тамаша тәлім – тәрбие берелік өсиет сөздер өте көп.
Ақылды қария – ағып жатқан дария дей отыра, бүгін сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылып отырған «Атаның сөзі, ақылдың көзі» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.

Хош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Мұғалім:
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға сынып оқушыларының ата, әжелері қатысып отыр. Оқушылар мен сендерге жұмбақ айтамын сендер оны шешіп, хормен айтуларың керек.

Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған

Ол кім? Атаң
Атаңның баласы
Кей кезде таласып
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
ол кім? әкең

Аймалайды күнім
Мейірімді жүзі күлімдеп
Тәтті – ақ дейді немере
Бала шырындай иісің деп
Ол кім? әжең

Әлпештеп өзіңді өсірген,
Нағашы әжеңнің баласы
Төрінде жалпиып көсілген
Бұл күнде жиеннің анасы
Ол кім? Анаң

Ендеше «Қарттарым аман сау жүрмісің» бөліміне сөз кезегін берейік.
Қарттар үйі туралы бейне клипті тамашалап, ортаға салып талқылау
Әдеби монтаж
Дүниеге келер бір рет,
Дария кеуде тау мүсін
Құрыштан құйған құдірет –
Қарттарым аман – саумысың.

Оңтүстік Қазақстан облысы
Арыс қаласы №1 жалпы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі:
Қыдырбаева Бейсенкүл Алиакбарқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Тәрбие сағаты отбасы туралы қарттар күніне арналған атаның сөзі ақылдың көзі

© Дереккөзі

To Top