Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Ауаның маңызы. Ауаны ластанудан сақтау

Тақырыбы: «Ауаның маңызы». Ауаны ластанудан сақтау. (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
1. Ауаның тіршілік үшін, тірі табиғат үшін пайдасын ғылыми түрде дәлелдеу, ауаның серпімділік, сығымдық қасиеттерін тәжірибелер жасау арқылы көрсету. Ауаның ластану көздері мен ластануды болдырмау туралы бастапқы көзқарас қалыптастыру, ауаның тіршілік үшін маңыздылығын ұғындыру.
2. Оқушылардың қоршаған орта туралы білім – біліктерін дамыту, сөйлеу тілін, ой – өрісін, шығармашылығын дамыту.
3. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дамытпалы сабақ.
Әдіс – тәсілі: ой шақыру, әңгімелесу, «Үш қадам сұхбат» әдісі, тәжірибелер жасау, сұрақ – жауап, ой қорытындылау, интерактивті тақтамен жұмыс, оқулықпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі, ана тілі, география, физика.
Көрнекіліктер: интерактивті тақтадан табиғат көріністері, тәрбиелік мәні бар сөздер, сызбалар,, май шам, доп, шыны ыдыстар, резеңке, шар,.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру.
Оқушыларды сабаққа дайдығын тексеру.
– Сабаққа дайынбыз ба?
– Өткен сабақта біз қандай тақырыппен таныстық?
– «Ауа», «Ауаның қасиеті».
Қызығушылығын ояту. «Көрінбейтін сиқыршы»
– Балалар, сендер білесіңдер ме? Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен сендер күнделікті кездесіп отырасыңдар. Бірақ оны көрмейсіңдер, тек сезесіңдер. Есікті тарс жапты, терезені ашып жіберді, ағаштың бұтағын жанап өтті. Кейде тіпті арқаңнан ептеп итеріп жібергенін сезесіз, «дөрекіленіп» бас киіміңді де жұлып әкетеді. Егер сен кенеттен жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жөнелгенін көрсең, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанына сене бер. Теңселіп тұрған егінді, басын шұлғып ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көзбен көрмегенмен, оның күнделікті ісі мен мінез – құлқы сендерге таныс. Ол үнемі сендерді қоршап тұрады.
– Бұл не?…
– Ауа.
– Ол қайда? Оны қалай сезесіңдер? (Әңгімелесу)
Ой шақыру стратегиясы
Көздеріңді жұмыңдар деп, мұғалім қолына желпеуіш алып, желпи бастайды. Оқушылардан сұрайды?
– Бетіңе не соқты?
– Ауа бетке соққанда салқындайсың.
– Ауаны көрдің бе?
– Сездін бе?
– Ауа тіршілік үшін өте пайдалы. Ал ауа болмаса айнала қандай күйге түсер еді?
– Бір уақыт мұрындарыңды қысып, дем алмаңдар. Қанша уақыт шыдай аласың?
Тапсырмалар:

2. Үй жұмысын тексеру
1. Тәжірибелер жасау.
2. Дәлелдеу.
3. Өз ойларын ортаға салу.
● Оқушылар өздері дәлелдейді.
1 – тәжірибе: – Бір стакан суға қант салды. Судың бетіне ауа көпіршіктерінің шыққанын көрдің. Не байқадыңдар? Кез – келген заттың бойында не бар? Кез кезген заттың бойында ауа бар.
2 – тәжірибе: Шыны ыдысқа су құйып, стаканды төңкеру. Стаканға су кірмейді. Неліктен? Себебі стакан ішінде ауа бар, ол орын алып тұр.
3 – тәжірибе: – Доптың екі бүйірін қыссаң, қабысып ішіне кіреді. Жіберіп қалсаң, серпіліп қайтадан өз орнына келеді. Неліктен? Доп ішіндегі ауа сығылады.
4 – тәжірибе: Үйлердің терезесіне екі қабат әйнек қойылады. Екі қабат әйнек арасында ауа болады. Ауа үйдегі жылуда сыртқа шығармайды. Себебі ауаның бойынан жылу нашар өтеді
5 – тәжірибе: Қыс кезінде тері тон, жүн қолғапты неге киесің? Әрине, тоңбау үшін. Олардың түгінің арасында ауа бар. Сол ауа денеңнің жылуын сыртқа шығармай ұстап тұрады.
6 – тәжірибе: Майшамды үшке бөліп, жағып, біреуін стаканмен, екіншісін банкамен жауып, үшіншісін ашық қалдырамын.
– Қай шырағдан бұрын сөнеді? Ауа отты жандырады.
Үй жұмысын бекіту.
– Кез келген қуыста, кеңестікте, бос жердің бәрінде ауа барын қалай дәлелдей аласыңдар?
Ауаның қасиетіне тоқталу.
Ауа → дәмсіз → иіссіз → түссіз → көзге көрінбейді
Ауа → сығылады → серпіледі
Тақтамен жұмыс:
Топтастыру стратегиясы
Дәмсіз иіссіз түссіз
Көзге көрінбейді сығылады
Серпіледі жылуды сақтайды отты жанғызады
Өтілген материалдардан сұрақтар қою
Блиц – сұрақтар

3. Жаңа сабақ
– Ауаның бүкіл тіршілік үшін тигізетін пайдасын айтыңдаршы. Ауасыз адам, жануар және өсімдік тіршілік ете алмайды.
Ауа – тіршілік көзі
Сабақты слайд арқылы түсіндіру
– Ауа тіршілік, тірі табиғат үшін өте қажет. Бізді қоршап тұрған ауа бізді түрлі табиғи қауіптен сақтайды. Ауа болмаса, күннен түскен қызу жер бетін күйдіріп кетер еді. Күн сәулесін ауа жан – жақты таратады.
Сондықтан да бізді күн күйдіріп кетпейді.
Полиглот
Ауа — воздух — air
Күн — солнце — saan
Жер — земля — earth
А) ауаның космоста, биік тауда, теңіз түбінде қажеттігі туралы әңгіме.
Ә) ауаның қасиеті, маңызы жайлы, ауаның бүкіл тіршілік үшін тигізетін пайдасын сызба арқылы көрсету.
Сөздікпен жұмыс
Акваланг – су астында жүзетін адамдардың тыныс алу үшін арнайы, ішіне ауа толтырылған аппарат.
Батискаф – терең мұхиттардағы су астын зерттеуге арналған арнаулы аппарат.
Адам өзінің жақсы өмір сүру үшін түрлі құрылыстар, зауыт, фабрикалар салады. Бірақ тазалық ережелерін сақтамағандықтан айналаны ластап, адам денсаулығына зиянын тигізеді.
Сызбамен жұмыс
Табиғи жолмен ластану Адамның іс – әрекеті салдарынан ластану
1. Жанартаулардың атқылауынан 1. Жылу электр станцияларынан
2. Шаң – тозаңнан 2. Мұнай өңдеу
3. Улы газдан 3. Металл өндіру
4. Орман өртенуінен 4. Көліктерден
5. Өсімдік пен жануарлардың 5. Лас су қалдықтарынан
қалдығы шірігенде 6. Күл – қоқыстан

Осындай ластанған ауасы бар жерлерді экологиялық аймаққа жатқызамыз. Ол жерлерде экологиялық проблемалар болады.
Біз жеріміз де сондай экологиялық аймаққа жатады.
Слайдпен жұмыс.
6. Қорытындылап бекіту.
«Үш қадам сұхбат» әдісі
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
– Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның қандай маңызы бар?
– Ауаны ластамау үшін не істеу керек?

Қорытындылау:
– Балалар, ауа туралы көп мағлұмат алдық. Сонда сендер не білдіңдер, не үйрендіңдер?
– Табиғи ластану мен адам әрекетінен ластанудың қандай айырмасы бар?
– Ауаны ластанудан сақтау үшін өзің қандай үлес қосасың?
– Ауа тіршілік үшін өте қажет. Айналамызда жасыл өсімдік неғұрлым көк болса, ауада соғұрлым таза болады. Таза ауада демалсақ, спортпен айналыссақ, денсаулығымыз зор болады.
Ауа тіршілік көзі. «Ауа өмір тынысы» деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса өмір де тоқтайды. Ең қымбатты, қасиетті нәрсе «Ауадай қажет» деп ауаны ерекше бағалайды.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?,
Тіршілікте адам қымбат сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат алатұғын дем қымбат.
Үйге тапсырма: Оқу, түсінік айту,
Бағалау.
«ҚУАНЫШТЫ ХАБАРЛАМА»
Құрметті ата – ана! Бүгін сіздің балаңыз ________________
Дүниетану сабағында белсенділік көрсетті. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындап шықты. Рахмет!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Ашық сабақ дүниетану ауаның маңызы ауаны ластанудан сақтау

© Дереккөзі

To Top