Мақсаты: а) Оқушыларға ауа – райы туралы мағлұмат беру. Ауа – райы мен климатты айыра білуге үйрету.
Ә) ойлай білуге, білгенінің дамытуға жетілдіру.
Б) табиғатты қорғай білуге, оны күте білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Кеспе қағаздар, жарты шарлар картасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
– жақсы оқу керек.
– бір – бірімізбен дос болайық
– ауырмау керек
– әрқашан жақсылық болсын
– жоғары дәрежеде білім алу
– ата – анам, ұстаздарым, бәріміз аман болайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Кәне балалар «ауа қабығы» тақырыбын мәнерлеп оқып жіберейік.
– Мәнерлеп оқыту. Аяжан.
– Түсінік сұрау. Лаура. Алтынбек. Әсем
– Баспа беттерінен шолу. Мерует.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекітуге сұрақтар.
Кеспемен жұмыс.
10 50 60
40 20 30
1. Ауаның түсі қандай? түссіз, мөлдір.
2. Сені қоршап, бүкіл тіршілікке жағдай жасайтын не? ауа.
3. Ауаның қасиеті. Серпіледі, сығылады
4. Ауадай қажет дегенді қалай түсінесің?
5. Ауа мен тіршілік иелері арасында қандай байланыс
6. Метеориттер деген не?
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Кеспе қағаздары бойынша жаңа сабақтың тақырыбын ашып алу.
а) кіріспе сөз.
Ә) ауа – райына тоқталу.
Б) метеорологиялық станция
В) климат
Г) картамен жұмыс.
Ауа – райы дегеніміз – белгілі бір жердегі тәулік ішінде болатын атмосфераның төменгі қабатының жағдайы.
Климат дегеніміз белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы қайталанатын атмосфераның төменгі қабатының тұрақты жағдайы немесе ауа – райының белгілі бір аумақтағы көп жылдық режимі.
V. Сабақты бекіту.
1. Ауа – райы деген не?
2. ауа – райын бақылау үшін не қажет?
3. неге бақылайды?
4. ауа – райының қандай құбылыстарын білеміз?
VІІ. Үйге тапсырма.
Ауа – райы. Климат. Оқып, түсінік айту.
VІІІ. Бағалау
Ашық сабақ бастауыш сынып ауа райы климат дүниетану пәні
© Дереккөзі