Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Ақ бұзау. Жуан дауыстылар

Ана тілі 1 – сынып
Сабақтың тақырыбы: Ақ бұзау. Жуан дауыстылар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жуан дауыстылар туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен жуан дауыстыларды таба білуге үйрету. Төрт түлік туралы мағлұмат беру арқылы, малдардың адам өміріне пайдасын ұғындыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың еркін сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, көркем жазу дағдысын қалыптастыру. Өз ойын анық жеткізу, шығармашылық қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелілігі: Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау.
Көрнекілігі: төрт түлік суреттері, шаблондар, төрт түлік пірлерінің суреттері, парақшалар, кеспе әріптер, слайд, Ж. Смақов. Сөзжұмбақ, сауалнама, бағалау мониторг т. б.
Түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төріме еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой,
Ал қанекей, бәріміз
Сәлеметсіз бе дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Боз бие» өлеңін жатқа оқу.
– Балалар біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?
– Төрт түлік.
– Төрт түлікке нелер жатады?
– Осы 4 түлік аталары қалай аталады?
Ендеше бүгінгі сабағымызды топпен жүргіземіз.
1 топ Ойсылқара
2 топ Қамбарата
3 топ Шопаната
4 топ Зеңгібаба
5 топ Сексеката
Сауалнама жүргізу
– Оқушылар берілген сұрақтардың дұрыс жауабын шаблондар
арқылы көрсетеді.
1. Дауысты дыбыстар қатарын тап:
а) б, в, г
+ ә) а, ә, е
2. «К» қандай дыбыс?
+ а) дауыссыз
ә) дауысты
3. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
а) 40 әріп
+ ә) 42 әріп
4. Жуан дауыстыларды тап;
а) ы, і, ә, о, ұ, е.
ә) а, о, ұ, ы.
5. Қазақ алфавитінде неше дыбыс бар?
а) 40 әріп
+ ә) 42 әріп

III. Мағынаны таныту.
Сөзжұмбақ шешу.
1. Қой бағатын адам.
2. Қойдың қас жауы.
3. Түйе баласы
4. Жылқы баласы
5. Сиыр иесі
6. Жылқы атасы
7. Кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбыс.
Жауабы: (Шопан, қасқыр, бота, құлын, зеңгібаба, қамбарата, (у))

Бұзау ненің төлі?
– Ендеше, балалар біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы
«Ақ бұзау» деп аталады.

IY. Оқулықпен жұмыс
Өлеңді оқып, мағынасын түсіндіру.
Өлең не туралы? – бұзау
Оқулықтағы суретпен жұмыс
– Суретте кімді көріп тұрсыңдар?
– Баланы
– Баланың жанында не бар?
– Бұзау
– Бұзау ненің төлі?
– Сиырдың төлі
Ақ бұзау сөзіне дыбыстық талдау жасау
– Бұзау сөзін буынға бөлу – сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады – 2буын (Бұ – зау)

Өлеңді жазған балалар ақыны Жақан Смақов.
СМАҚОВ Жақан (1932 – 1974). Жаңаарқа ауданы Ынталы колхозында туған. қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1955 жылы Талдықорған облыстық газетінде бастайды.
Өткен ғасырдың 50 – 60 жылдары «Сыйлық», «Қаз – қаз бас», «Жастық сыры», «Ақтауық», «Бақ – бақ», «Сылдырмақ», «Жүз бір жұмбақ», «Қарақат», «Тамшы» деген өлең жинақтары басылады. Бұлардан басқа «Біздің апай Түсекең», «Менің бөпем», «Ғажайып бұлттар», «Саяхат» деген суретті кітаптарын шығарады. Аяулы ақын 1974 жылы Алматы қаласында қайтыс болды. өзі оқыған «Ынталы» орта мектебіне Жақан Смақовтың аты берілген.
Алдағы уақытта оқулықтан, газет – журналдардан оқып танысасыздар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Ақ бұзау Жақан Смақов жуан дауыстылар ашық сабақ ана тілі 1 сынып жоспар бастауыш сыныптарына

© Дереккөзі

To Top