Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Аңыз арнасы. Бекболат Әдетов

Астана қаласы,
№64 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Курманкина Гульбарам Бодаевна

Сабақтың тақырыбы: Аңыз арнасы. Бекболат Әдетов
Сабақтың мақсаты:
1. Домалақ ана өмірінен түсінік беріп, өз апаларыңа деген сыйластық, құрмет, аялау қасиеттерін дарыта отырып аңыздың мазмұнын ашуға үйрету.
2. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, ойлау қабілеттерін, көркем әдеби тілде сөйлеу қабілеттерін дамыта түсу.
Сабақтың көрнекілігі: Пайғамбардың ана туралы сөзі, үнтаспа, түрлі түсті қарындаштар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылықты ояту.
– Сендерге ең жақын адам кім?
– Ана сөзіне қандай тіркестер айта алар едің? «Топтастыру арқылы».
Мысалы, асыл ана, жан ана, Домалақ ана, т. с. с.
Тақырыппен таныстыру.
Сұрақ: Домалақ ана туралы қандай мағлұматтарың бар?
Стратегия бойынша кестені толтыру арқылы орындау.
«V» – мен білемін
«-» – көршімнен толықтырдым
«+» – мен үшін жаңа
«?» – білгім келеді
Оқушылар әрқайсысы жеке дәптерлеріне орындайды.
Топ құрамында пікір алысып, әркім өзіне толықтыру енгізеді.
(Кестенің 1 – 2 тарауларын жазады.)

II. Мағынаны тану.
«Болжау» арқылы оқу. Мәтінді оқиға желісіне байланысты үш бөліккебөлу.
Сөздік жұмысын өткізу.
Мазмұнымен жұмыс.
Әр бөлімді жалпылама қорытындылау.
Жоспар құру. Дәптерге жазып алу.
Сергіту сәтінің орнына: Гүл салу. Әркім өзінің салған гүлін анасына теңесін, анаңды қандай түске бояр едің? Неліктен бұл түсті таңдадың?
(Түстерге байланысты психологиялық сараптама жүргізсе болады. )
«Кубизм» стратегиясы бойынша топтарда жұмыс.
1 – топ. Қырғыз батырына сипаттама беру.
2 – топ. Домалақ анаға сипаттама беру.
3 – топ. Сары айғырды алып қалу себебі неде?
4 – топ. Әңгімеде қай заман оқиғасы суреттелген?
Тапсырмалар әдеби көркем сөздермен әсерлендіріліп орындалуы тиіс.
Барлық топтардың орындаған тапсырмаларын тыңдау.

III. Ойтолғау.
«Екі жақты күнделік» стратегиясын пайдалану.
Маңызды фраза ————– Не үшін маңызды
Сабақты қорыту ретінде ана туралы мақал – мәтел айтып, мазмұнын ашу.
Аңыздың тәрбиелік мәні неде?
Үйге тапсырма.


Аңыз арнасы Бекболат Әдетов сабақ жоспары бастауыш сынып

© Дереккөзі

To Top