Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Балақай, атың кім?

Сабақтың тақырыбы: Балақай, атың кім?

Сабақтың мақсаты׃
Қазақ салты бойынша балаға ат қою рәсімдері туралы, ат қоюдың ежелден қалыптасқан жүйесі барын түсіндіру.
Қойылған есімнің құпиясы мен мағынасы адам өміріне үлкен рөл атқаратынын, ақыл – ойына, сана – сезіміне тікелей қатысы барын, өмірден өз орнын табуғу ықпал ететінің меңгерту.
Өз есімдерінің мәнін түсініп, ата – ана сенімін ақтауға баулу, қоршаған ортамен байланысын арттыру, көшбасшылық қабілетке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі׃ Мұхтар Шахановтың жыр жинағы, Шалқар энциклопедиясы, Балдырған журналы, «Күн жүйесі» тақырыбындағы балаларға арналған кітаптар сериясы, слайдтар, интернет материалдары.
Пәнаралық байланыс ׃ Дүниетану, математика.
Сабақтың барысы׃
Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе бөлім.
Балалар, бүгін сабақта халқымыздың ат қою рәсімі, жөн – жоралғылары туралы көп нәрсе білеміз.

Бала – адамның бауыр еті. Қай ата – ана да өз шаңырағында шыр етіп сәби дүниеге келгенінде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда, әрбір ата – ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені, есімдердің адам өміріне ықпалы өте айрықша.

Оқушылар.
Мұхтар Шаханов.
Ақжүніс.
Мықтылардың күйін шертіп өтер күн,
Заман – терек, адам соның бұтағы,
Мен туғанда, досым, сенің әкеңнің
Жазылыпты Абай жайлы кітабы.

Айкөркем.
Менің әкем соны оқып,
Ұзақ түндер отырыпты оңаша.
Бір биікпен табыстым деп тамаша,
Шаттаныпты балаша.

Ерқанат.
Айқара ашып аспанын,
Жинап барлық достары мен қастарын
Ниетімді құптар деп,
Бұл есімде ерекше бір құт бар деп,
Мына мендей перзентіне сол күні
Ат қойыпты Мұхтар деп.

Сәуле.
– ХА – ха – ха! Көкіректе арман көп,
Біздің ауыл иттерінің аты да
Келеді ылғи «Бөрібасар», «Арлан» боп.
Бірақ әлі қасқыр алған бірі жоқ,-
Қасқыр түгел қоян ұстар түрі жоқ,-
Деп күліпті төрде отырған бір кісі.

Жарасбек.
Жұрт шаттығын су сепкендей басыпты
Әлгі адамның әжуалы күлкісі.
Әкем сонда бесігіме сүйеніп,
Кеп тұрыпты көңілменен құлаған.

Бексұлтан.
– Ұлым, сенен сұранам,
Тірлігіңде бой көрсетпе жырадан.
Ұлым, мені таба қылма мынаған,
Қыран болсаң кеңістік көп қайда да,-
Деп сеніммен жымиыпты жай ғана.

Ақмарал.
Қас қылғандай, қалжыңын тасқа ұрғандай,
Атқа міндім…
Болса да көп арманы,
Әкем марқұм ол күнді көре алмады.
Көре алмады ол тағдырдың мергендігін,
Ұланының жырдан гүл тергендігін.

Ержан.
Менің тұңғыш кітабым басылғанда,
Үміт оты алдымнан шашылғанда
Анам байғұс шаттықтан жарылардай,
Жыртық, ескі кебісін сүйрелектеп,
Көршілерге жүгірді күйбелектеп.
Нұрлы.
Сосын үнсіз тұрды да ойға қалып,
Үйренбеген әлі де тойға барып
Менің титтей елеусіз кітабымды
Ұлы томның қасына қойды апарып.

Аягөз.
Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата – анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз сәбиінің есімін қойғызады. Кейде олар келісе отырып, бала есімін өздері таңдайды. Егерде әке – шешесі, ата – әжесі тірі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін солар қояды. Мұндайда үлкен кісілердің айтқаны – заң. Олар айтқан есімді ата – анасының азан шақыртып, сәбиіне қоюы – бұлжытпай орындалатын міндет.
Мұғалім׃
Бұрындары балаға есімді бесікке бөлер алдында қойған. Баланы бесікке бөлерде күн ілгері ауыл – аймаққа хабар беріліп, әркім қал – қадірінше той жасайды. Тойға жиналғандар балаға қатысты екі шараны жүзеге асыратын болған.

Жанель.
Бірінші кезекте балаға ағайын – туысының ұйғарымымен өздері іштей құптап жүрген есімді қою. Мұны сол ауылдың ең беделді азаматы сәбиді қолына алып азан шақырып, үш рет бала есімін құлағына қайталайды.

Гүлнұр.
Шариғат заңы бойынша, нәресте туған соң үш күннің ішінде оған азан шақырып, ат қою керек. Сәби есімі үш рет құлағына қайталанады.

Аружан.
Баласының атын ырымдап қою – ата – анасының ниетін білдіреді. Қазір де көп адам баласына ғұлама болсын деп – Марғұлан, Қаныш, ақын болсын деп – Абай, батыр болсын деп – Едіге, Жәнібек, Алпамыс, ақылгөй ана болсын деп – Зере, Айғаным деп ырымдап ат қойып жатады. Кейінгі кезде елімізде Нұрсұлтан есімді балалар да көбейе бастады.

Марал.
Баламның аты затына сай болсын деп небір жаһангер қолбасшы, дінбасы, пайғамбар есімдерін де беретіндер болған.

Мұғалім׃
Сәбиге ат қоюдағы салт – дәстүр негізінен, қазақ халқында балаға ат қойғанда ата-аналардың арқа сүйейтін ең басты он бес салт-дәстүрі бар.
Олар:
Оқушы.
1. Балаға артық саусағына қарай ат қою.
Есімдері: Артық, Артықәлі, Артықбай, Қосекен.

2. Балаға тіл – көз тимейді деген ниетпен ат қою.
Есімдері: Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай.

3. Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою.
Есімдері: Тасболат, Тастемір, Шымырбай.

4. Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою.
Есімдері: Аман, Аманкүл, Есен, Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын, Тұрсынкүл т. б.

5. Бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқсанбай, Ұзақбай.

6. Бұрын-соңды болған қару-жарақ аттарына байланысты ат қою. Есімдері: Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқпарбай т. б.

7. Елдің ардақты азаматтарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа туылған балаға ат қою
Есімдері: Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Исатай, Қазыбек, Махамбет, Сәбит т. б.

8. Ерекше көзге түскен белгілеріне қарай ат қою.
Есімдері: Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет, Меңдібай, Меңдігүл, Сүндет.

9. Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою.
Есімдері: Ғали, Жамал, Зылиха, Иса, Мұхаммед, Омар, Оспан, Сүлеймен, Хадиша.

10. Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің атын қою.
Есімдері: Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар т. б.

11. Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою.
Есімдері: Лекер, Шалабай, Шалабек.
12. Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат қою.
Есімдері: Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат.

13. Соңғы балаға ат қою.
Есімдері: Кенжебай, Кенже – гүл, Кенжетай.
14. Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты ат қою.
Есімдері: Арыстан, Аюбай, Бота, Ботагөз, Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш т. б.

15. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда ат қою.
Есімдері: Болған, Тойған, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан т. б.

Мұғалім׃
Біздің дана халқымызда «Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты болады» – деген наным-сенім бар.
Олай болса өз есіміміздің қандай мағына беретіндігі туралы шығарма жазып келуді берген едім. Кім оқиды?

Мұғалім׃
Ырымдап ат қою – қазақтың қанына сіңген дәстүрі. Соның ішінде бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою – бұрындары жақсы ырым саналған. Және де ата – бабаларымыз жаңа туған нәрестеге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен баласына әдейі түпкі мағынасы сиықсыз есімдерді де қойған. Мұндай дәстүр қазақтарда ғана емес, орыстарда да бар. Орыс халқында: Клавдия (ақсақ), Ардалион (лас), қазақ халқында: Жаман, Қиқым т. б.
Ауданымыздағы Есет – Дәрібай кесенесі, Есет Көтібарұлы туралы әңгімелеу.
(Шалқар энциклопедиясы).
Көрдіңіз бе, біздің қазақ халқының сәбиіне ат қоярда ырымға қалай сенетіні, ырымды қалай сақтайтыны. Тіпті, Шыңғыс атамыздың өзі Шоқан өмірге келгенінде ол Сегізсерідей әрі ақын, әрі батыр болсын деп оның есімін Мұхаммед – Қанапия қойған көрінеді.

Мұғалім׃
Қызық есімдер.
Республикалық «Жас Алаш» газетінде жарияланған бір мақалаға арқа сүйесек, 24 жылда 20 баланы дүниеге әкелген Қамаш апай қыз бала тоқтап, орнына ұл келсін деген ырыммен 8 қызының есімін Тоқтар деп атапты.

Мәселен, әлемдегі ең ұзын есім Үндістан азаматының еншісінде. Оның аты 1478 әріптен тұрады. Есімін толық айтып шығу үшін 10 минут уақыт керек екен.
Ал ең қызық фамилия 19 ғасырда өмір сүрген француз азаматында болған. Қызықтығы сол, оның фамилиясы – 1792, яғни тек сандардан құралған. 1792 текті сол адам өзінің төрт баласына жылдың алғашқы төрт айының атын қойған. Нәтижесінде, балаларының толық аты – жөндері (яғни аты мен фамилиясы) – Қаңтар 1792, Ақпан 1792, Наурыз 1792 және Сәуір 1792 болып тіркелген.
Сондай – ақ, Испанияда өтетін қызықты есім иелерінің съездіне қатысушылар арасында «Екі келі күріш», «Мен картопты жақсы көремін» есімді адамдар да кездескен. Олар Үндістанның Кандмахал ауданының тұрғындары екен.

Ал, Латын Америкасында бір адамға қосарланған аттың сыртында бірнеше есімді, яғни, 8 – 9 атты бірақ қою дәстүрі қалыптасқан. Оны Бразилия мен Мексиканың
телевизиялық сериалдарынан айқын аңғаруға болады. Бұл теледидарлық хикаяттарда Луис – Карлос – Фернанда – Аугусто – Мария – Хосе – Игнасио деген есім шұбалаңқы айтылмайды ма?

Адам атына планеталардың ықпалы Ғылыми деректерге сүйенсек, адамның туған кезеңінің, маусымның тағдырға тигізер әсері мол.
Әсіресе, қысты күндері туғандардың басты қасиеті пысықтық, көктемде туғандарға жұмсақтық, жаз мезгілінде туғандарға қайырымдылық, күзде туғандарға шаруақорлық қасиеттер тән. Есімдері түрлі әріптен басталатын жас жұбайлар есімдері ұқсас, бір әріптен басталатын адамдарға қарағанда бақытты өмір сүреді екен. Мәселен, Марат, Хасен. 4+1+2+1+4=12. 5+1+3+5+ 5=19. 12+19=31. Қорытынды сан (31). Яғни, 1 – 9 – ға дейінгі бір таңбалы санға сәйкес – тендіріледі. 31 – бұл (3+1=4).
Міне, осы 4 саны сіздің есіміңіздің саны болып есептеледі. Назар аударыңыз!
Әрбір әріп белгілі бір санға сәйкес келсе, әрбір сан белгілі бір планетаның ықпалына бағынады. Адам өз есімінің қай планетамен байланысты екенін төмендегідей тәсілмен анықтай алады
Осы кесте бойынша әрбір адам өз есімінің тиесілі санын анықтап, сол арқылы қай планетаның мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін білуіне болады. Әрбір есімнің санына сәйкес планеталардың ықпалына орай адам бойында қалыптасатын ерекше қасиеттер:

1. Күн. Күн планетасының ықпалындағылар: кө – емдер, асқақ көңілді тәкаппар, астамшыл және жауапкершілігі мол адамдар.

2. Ай. Сезімтал, талантты, шығармашылыққа бейім ойшыл-қиял кеңістігі мол көпшіл, сезімтал да парасатты жандар.

3. Юпитер. Кеңпейіл, оптимист, адамның тілін та – ба білетін қасиеті мол, бірден шешім қабылдай қоймайтын, идеалист жандар.

4. Уран. Тік мінезді және бірбеткей, өзімшіл болып келеді, жақсы жұмыс істеп, адамдармен тез достасады.

5. Меркурий. Көпшіл, епті және табиғатында бастамашыл, әр нәрсені білуге құмар, сыншыл, сәтсіздікке мойымайды.

6. Шолпан. Табиғатында сезімтал, сүйкімді, аздап тәкаппарлау, іскер, әр уақытта қай істе де жолы болғыш.

7. Нептун. Жұмсақ мінезді және материалдық жағдайы әркелкі, сезімтал, ымырашыл, қайырымды философтар.

8. Сатурн. Ішкі жан – дү – ниесі сезімтал, бірақ сырт көзге суық көрінеді. Прагматик, жетістікке өз еңбегімен ғана қол жеткізеді. Бірбеткей, өте сақ, бірақ оларға әр уақытта сенім артуға болады.

9. Марс. Қайратты, қызба, басынан сөз асырмайтын, қысымға төзбейтін, өзімшіл, қай уақытта да тек өзіне ғана
А – Ә – 1 Е – 5 Л – 2 Р – 2 Х – 5 Ы – І – 1
Б – 2 Ж – 2 М – 4 С – 3 Ц – 3 Ь – 1
В – 6 З – 7 Н – Ң – 5 Т – 4 Ч – 7 Э – 6
Г – Ғ – 3 И – Й – 1 О – Ө – 7 У – Ұ – Ү – 6 Ш – 2 Ю – 7
Д – 4 К – Қ – 2 П – 8 Ф – 6 Щ – 9 Я – 2

Сондай – ақ адам есіміндегі әрбір әріптің өзіндік құпиясы мән – мағынасы бар.
Әріптер құпиясы
А – Ә – күш, салтанат, билік.
Б – биік сезімге биімділік, тұрақтылық.
В – тұрақсыздық, жүйеліктің жоқтығы.
Г – құпиялық, болмашыға мән берушілік, тиянақтылық.
Д – көпшілдік, ақжарқындық, кінәмшілдік.
Е – өмір сүруге бейімділік, сөзге құмарлық.
Ж – өзіне деген сенімсіздік, маңыздылық, ішкі сырына беріктік.
З – материалдық тұрғыдан қанағаттанбаушылық, жоғары сезімталдық.
И – нәзік руханилық, әсерленгіш, бейбітшіл.
К – Қ – төзімділік, күйгелектік.
Л – әртістік, ұсақшылдық, қисын, әр нәрсені ойлап табушылық.
М – қамқоршылдық, ұялшақтық, еңбексүйгіштік.
Н – шығармашылық амбиция, денсаулыққа мән берушілік, алғыр ой.
О – ерекше сезімталдық, құпия толғаныс.
П – қарапайымдылық, жалғыздық, идеяның молдығы, сыртқы түріне мән беру.
Р – өзіне деген сенімділік, үнемі шиыршық ату.
С – билікке құмартушылық, кінәмшілдік.
Т – идеал іздеушілік, сезімтал шығармашылық тұлға.
У – жараланғыш, үркектік.
Ф – жұмсақтық.
Х – заңға бағыныштық, сезімнің екіұдайлығы.
Ш – қызғаншақтық, әзілқойлық.
Ы – іспен көрінушілік.
Я – өз орнын бағалай білушілік, зиялылық, шығармашылық бейімділік.

Бекіту׃ Ойын. «Сен қандай ұлансың?»
Оқушылар өз аты қандай әріптен басталса, сол әріпке байланысты талдау жасауы.

Міне балалар, ат қою рәсімі туралы көп нәрсе білдік. Ата-анамыз қойған есімімізде үлкен мән барын ұғындық. Сол атымызға дақ түсірмей, ата-анамыздың үмітін ақтайтын, елімізді сүйетін, өз Отанын қорғай білетін ұлан болып өсейік.
Сабақ аяқталды. Рахмет.

Сен қандай ұлансың?
1. Сабаққа үнемі дайындаласың ба? Ия – 2, жоқ – 1
2. Жиі ренжисің бе? Ия – 20, жоқ – 10
3. Көңіл – күйің тез өзгере ме? Ия – 1, жоқ – 2
4. Армандай

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы.
Танатарова Разия Нурымовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Ат қою есім таңдау есімің кім әдемі есімдер

© Дереккөзі

Continue Reading
To Top