Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Бастауыштарға арналған тест жұмысы

Математика
1. Қандай сан 2, 3 және 7 сандарына қалдықсыз бөлінеді?
а) 24
в) 35
с) 42
д) 48
2. Берілген мысалдардың қате шығарылғанын тауып белгіле:
а) 69: 6=11(қ. 3)
в) 12: 5=2(қ. 7)
с) 13: 4=3(қ. 1)
3. Суретте неше үшбұрыш, неше шаршы бар?
а) 5 үшбұрыш, 2 шаршы
в) 6 үшбұрыш, 3 шаршы
с) 4 үшбұрыш, 2 шаршы
4. Амалдың орындалу ретін пайдаланыпп отырып, мыналарды шығар: 120: 60+15•2 – 10=
а) 41 в) 22 с) 32 д) 20
5. 8 (кубы ) нешеге тең?
а) 64 в) 138 с) 512 д) 16
6. Тура емес теңдікті тап:
а) 175• 4 =700 с) 325: 5 =65
в) 318 •3= 954 д) 720: 4=170
7. Дүкенде әрқайсысында 20 кг – нан 4 жәшік сәбіз және әрқайсысы 10 кг болатын 3 жәшік картоп сатты. Барлығы неше кг көкөніс сатылды?
а) 20: 4+10•3=35 с) 20•4+10•3=110
в)(20+10)+(4+3)=37 д)(4+3)•(20+10) = 210

Дүниетану
1 «Тату болса, ағайын жақын
Ақылды болса, апайың жақын
Бауырмал болса – інің жақын…» деген ұлы сөздерді кім айтқан?
а) Төле би
в) Қазыбек би
с) Әйтеке би
2. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы»жаңа Заңы қашан қабылдады?
а) 1999ж 11шілде
в) 1998ж 11шілде
с) 1997ж 11шілде
3. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Назарбаев қашан сайланды?
а) 1992ж 1желтоқсан
в) 1991ж 1желтоқсан
с) 1993ж 1желтоқсан
4. Жеке немесе бірнеше отбасы бір шаруашылыққа бірігеді, ондай адамдар:
а) фермерлер в) шаруа қожалықтары с) бизнесмендер
5. Жалпы халықтық мерекелерді ата:
а) Мұғалімдер күні
в) Тәуелсіздік күні
с) Шахтерлер күні
6. Ұлттық ойындарды ата:
а) Шаңғы, жеңіл атлетика,«қашпа доп»
в) Ақ сүйек, қыз қуу
с) Дойбы, суға жүзу
7. Төс пен асықты жілік кімге беріледі?
а) күйеу жігіт
в) қызға
с) үлкенге

Қазақ тілі
1. Қай бағандағы жалғауларды көп нүктенің орнына қойып сөзді аяқтауға болады?
Қуыршақ…, өсімдік…, шағала…,
а) дар в) тар с) тер
дер тер дер
лер лар дар
2. Болымсыз етістіктер қатарын көрсет.
а) сыз, теже, күл, үз, бол
в) сыздың, тежедің, күлдің
с) сызба, тежеме, күлме, үзбе, болма
3. Негізгі зат есімдерді белгіле.
а) Білім, кемпірқосақ, талапты.
в) Достық, боран, торсыл
с) Жақсылық, қойшы, құлыншақ
д) Қант, жапырақ, ант
4. Түбір сөзге жұрнақ қосу арқылы жасалған сөздің атауы:
а) негізгі в) туынды с) дара д) күрделі
5. Жуан буын сөздерді көрсет:
а) терезе, гүл
в) оқушы, мұғалім
с) қоңырау, сабақ
д) балапан, әтір
6. Туынды етістікті белгіле:
а) ақшыл в) ара
с) тісте д) кел
7. Түбір сөзге жұрнақтан кейін жалғанатын:
а) шылау
в) жұрнақ
с) жалғау
д) қосымша

Ана тілі
1. «Жылан торғайды арбап жейді»дегенді Ақбілек бала кезінде естіген. Қай шығарма жолдарында келтірілген?
а) М. Сүндетов «Қайырымдылық»
в) Ж. Аймауытов «Торғай»
с) Ы. Алтынсарин «Өзен»
2. «Ақбілек» романының авторы кім?
а) Ы. Алтынсарин
в) Ә. Қоңыратбаев
с) Ж. Аймауытов
3. «Қақ» сөзінің мағынасы:
а) аласа
в) іркіліп қалған жауын суы
с) кең жазық
4. «Ақсақ киік»кімнің өлеңі?
а) Сәбит Мұқанов
в) Сәкен Сейфуллин
с) Иса Байзақов
5. «Арқарға үлкен мүйіз неге керек?» әңгімесінің авторы кім?
а) Кәдірбек Сегізбаев
в) Ақселеу Сейдімбек
с) Жақан Смақов
6. «Үрейі ұшқан балапан жүнін үрпитіп, дуалға жабыса түсті»деген жолдар қай шығармада келтірілген?
а) Торғай
в) Қамқорлық
с) Көжек
7. Мал өсірсең, қой өсір,
Өнімі оның көл – көсір.
а) жұмбақ
в) мақал
с) жаңылтпаш

Тест жауаптары
Ана тілі
1 2 3 4 5 6 7
а с в в а а в

Қазақ тілі
1 2 3 4 5 6 7
в с д в с с с

Математика
1 2 3 4 5 6 7
с в а в с д с

Дүниетану
1 2 3 4 5 6 7
в с в в в в а


Дүниетану математика қазақ тілі ана тілі тест бастауыштарға арналған

© Дереккөзі

Tags: ана тілібастауыштарға арналғандүниетануқазақ тіліматематикаТест

Related Posts

Бастауыш сынып

3 сынып «Түбір мен қосымша»

Бастауыш сынып

Ауа дегеніміз не?

Бастауыш сынып

Жаратылыстану сабағында зерттеу жүргізудің ерекшеліктері

Бастауыш сынып

Дауыссыз дыбыстың жуан айтылуы

Бастауыш сынып

Қош бол, сүйікті Әліппем

Бастауыш сынып

Алтын балық

Бастауыш сынып

Ө дыбысы мен әрпін қайталау

Бастауыш сынып

Бар байлықтың басы – нан

Бастауыш сынып

Мәлік Ғабдуллин «Батыр Бауыржан»

Бастауыш сынып

Шыбын мен көбелек

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021