Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Бастауышым бастамам, бізді алға бастаған

Тақырыбы: Бастауышым бастамам, бізді алға бастаған.
(ашық тәрбие сағаты)
Мақсаты. А. Білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру.
Ә. Мектепті, ұстаздарды, ата – ананы құрметтеуге, Отанының адал ұл – қызы болуға тәрбилеу.
Б. Ақыл, ой – өрісін дамыту, бастауыш сыныбымен, білімнің алған есігін ашқан ұстаздарымен қоштасарда, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып сәт – сапар тілеу.
Көрнекілігі. Слайд, суреттер, нақыл сөздер
Барысы.
Мұғалім. Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар, сіздер! « Бастауышым бастамам, бізді алға бастаған» атты бастауыштың қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Алдарыңызда тұрған балалар осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған бүлдіршіндер еді. Енді сол кіп-кішкентай бүлдіршіндер міне бойлары өсіп, ойлары өсіп жоғары сыныпқа өтуге дайын тұр.

Оқушыларым биік шыңдардан көрінуіне тілектеспін. Қадамдарың құтты болсын!.
Қазақстанның елжанды азаматы болыңдар.
1 – жүргізуші: Аралбек
Армысыздар мұғалімдер әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан
Өмір деген ұзақ жолда тарландар.
Бүгінгі күн қоштасады бастауышпен балалар
Әні менен жырына, тарландарым, сал құлақ
Кеше сәби, бүгін міне жас ұлан
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
2 – жүргізуші Ғасыржан
Қош кепсіздер, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім нұр тамар
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Қош кепсіздер, ар тұлғалы әкелер
Қыран құстай болашағын мәпелер
Бүгінгі күн бастауышпен қоштасады
Азамат боп кеше сәби – еркелер.
Жүргізушілер: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!

Білімділік – тіршіліктің тірегі,
Мәншүк апай тереңнен түсіндіреді
Сөйлегенде мәдениетті тілменен
Барлық жанның елжіреген жүрегі.
Келесі кезекте ұстазымыз Мәншүк апайды шақырамыз

Хор: Мұғалім, ғазиз мұғалім.
1 – оқушы: Аралбек
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарқын
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
2 – оқушы: Арман
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен
Жаныма сіңді сенің асыл киең
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың
Мектебім саған мәңгі басымды ием.
3 – оқушы: Сұлтан
Мектеп үйім, ұстаздарым, ата – анам
Сенен өсіп сенен ғана нәр алам
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Би: «Мектеп вальсі»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Бастауышпен қоштасу қоштасу кеші сценарийі қош бол бастауышым

© Дереккөзі

To Top