Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар ЖИНАҒЫ (әдістемелік құрал) | Бастауыш сынып

Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар ЖИНАҒЫ (әдістемелік құрал)

Мазмұны:
1. Түсінік хат…………………………………………………………. 4 – бет
2. Мақсаты мен міндеттері………………………………….. 5 – бет
3. Дидактикалық материалдар арқылы жеке тұлғаны дамыту 6 – 7 – бет
4. Ойын түрлері және шарттары……………………………. 8 – 16 – бет
5. Логикалық есеп – тапсырмалар………………………………. 17 – 23 – бет
6. Жұмбақтар, метаграммалар, анаграммалар………… 24 – 33 – бет
7. Оқушылардың құзыретті қабілеттерін қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар (1 – сынып)……………………. 34 – 39 – бет
8. Ашық сабақтар, сыныптан тыс іс – шаралар…………… 40 – 62 – бет
9. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………….. 63 – бет

Түсінік хат
Ұсынылып отырған «Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы» мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулық ретінде арналған. Аталмыш дидактикалық материалдар жинағының мақсаттары: оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту, пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру, дидактикалық материалдар арқылы сапалы білім беру, қызықты сабақ өткізу.
Дидактикалық материалдар – қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс – әрекеттің бір түрі, өзін – өзі басқаруды жетілдіреді. Білім беру саласында жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі – оқушыларды өзін – өзі басқаруға үйрету. Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибеме оқыту жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымда ұсынылып отырған дидактикалық материалдарды түрлендіріп өткізу әдістерін еңгіздім.
Жаңа технология әдістері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді.
Ұсынылып отырған «Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы» сауат ашу, қазақ тілі, математика сабақтарында қолданатын ойындардан, жұмбақтардан, логикалық есептерден, метаграммалардан және бірнеше сабақ әзірлемелерінен тұрады.
Осы жинақта берілген материалдар мен тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне негізделіп құрастырылған.

Мақсаты:
1. Оқушыларды ойын арқылы жеке тұлға ретінде дамытуға көмектесу.
2. Ойын барысында балалардың жан дүниесін тану, оны сыртқа шығару жолдарын меңгерту.
3. Әр баламен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік беру.
4. Бірлікке, достыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:
1. Жеке тұлғаны өнегелі бағытта болуын тәрбиелеу.
2. Жеке тұлғаны шығармашылық қабілеттілігінің дамуына жағдай жасау, білім алуға қызығушылықтарын арттыру.
3. Оқушылардың ойын, құзыретті тапсырмалар арқылы өздігінен білім алуларына, ізденулеріне мүмкіндік беру.

Дидактикалық материалдар арқылы жеке тұлғаны дамыту.
Әр адамның болашақта жеке тұлға болып қалыптасуына ата – ана тәрбиесінен бастап, балабақша, мектеп, жоғары оқу орнында алған тәрбиесі мен білімнің маңызы зор. Баланы ұлттық рухта қалыптастыруда басты нысана жас ұрпақтың кішкентайынан өз тілін меңгеріп, ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп, қазақы болмысты сезіне өсуі. Ұлт болып қалыптасу жолында барлық соған апарар мүмкіншіліктерді пайдалана білу қажет. Әрбір педагогтың белсенді іс – әрекеті, түйінді шешімі, үлкен ізденісті рухани дамыған, бәсекелестікке дайын, құзыретті қабілеттері дамыған жеке тұлға ретінде жетілдірген ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған жөн. Жеке тұлға белгілі бір әрекеттер нәтижесінде қалыптасады. Тұлға үнемі даму үшін әрекет шығармашылықпен байланыста болу керек. Менің ойымша, жеке тұлға қалыптастыруда негізгі құралдардың бірі – дидактикалық материалдар (ойын, логикалық есеп – тапсырмалар, жұмбақтар, метаграммалар, анаграммалар, құзыретті қабілеттерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар).
Дидактикалық материалдар бастауыш сынып оқушыларына өте тиімді. Дидактикалық материалдардың негізгісі – ойын. Ойын арқылы оқыту мен тәрбиелеу баланы жалықтырмайды, қызығушылығын оятады, белсенділіктерін арттырады, денсаулықтарын нығайтады. Балалардың ертеңгі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басының ерекшеліктері, беделдері оның бүгінгі ойын әрекеті үстінде қалыптаса бастайды. Ойын арқылы баланың шығармашылық мүмкіндіктері, эмоционалдық көңіл – күйі және ерік – жігері бүршік атып, білінеді.
Ойын – баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе.
Дидактикалық материалдар бастауыш сынып оқушыларының сабаққа белсенді де қызығушылықпен қатысуына әсерін тигізеді.
12 жылдық білім беруге көшу мақсатында мұғалім құзыретті болуы тиіс. Осыған байланысты оқушылардың да құзыретті қабілеттерін дамыту қазіргі заман талабы. Құзыретті тапсырмалар арқылы бала өмірге бейімделіп, ақпаратты қабылдап, қарым – қатынас жасай білуді үйренеді.
Дидактикалық материалдарды пайдалану нәтижесінде оқушылардың бойында ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, белсенділік, өмірге бейімделуі, құзыретті қабілеттері, ұйымдастырушылық қасиеттері қалыптасады.

Ойындар және шарттары..
«Дыбыстар әлеміне саяхат» ойыны.
Ойынның мақсаты: әріптер туралы білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Әр балаға жеке – жеке әріптерді тарату. Сол әріп туралы айту. Сөз құрау.

Сөз ойла, тез ойла!
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Ойынның шарты: Шашылған әріптерден бірнеше сөз құрау.

«Достасқан буындар»
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы қай буынын айтса, екінші келесі буынын тауып сөз құрауы керек

“Жоғалған сөз”
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.
Ойынның шарты: берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою

… келді…. еріді. Құстар жылы жақтан……. Ағаштарда… жарылды. Гүлдер…. Адамдар… киінді. Малдар…….

«Кім көп біледі?» ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты:
1. «Б» дыбыстан басталатын сөзге мысал ойла.
2. Білгіштің хаты.
Біз Білгішбектен хат алдық. Ол өзенге барып балық аулапты. Жинаған балықтарының атында «б» дыбысы бар екен. Ол сендерден көмек сұрайды. Қандай балықтар екенін айтып жіберейік. (бекіре, табан, алабұға, камбала) (Дыбыс таңдау» ойыны. Сөйлемдегі сөздер бірдей дыбыстан басталу керек.
Мысалы: Оспан орманнан оралып, орындыққа отырды.

«Жоғалған әріп» ойыны.
Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Берілген сөздерде көп нүктенің орнына жоғалған әріпті таңдап қою керек.
… ор,… алық,… ота, та… а,… оран.

«Кім тапқыр?».
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Антонимдері бар мақал – мәтелдер жазу. Мысалы:
Ашу -…, ақыл -…

«Жалғасын тап» ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушылардың ауызша тілдерін дамыту.
Ойынның шарты: Оқушылар мақал – мәтелдің жалғасын тауып, түсінгендерін ауызша айтады.
1. Отанды сүю………
2. Досы көпті жау алмайды,…………
«Сөзден сөз тер» ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның мақсаты: Кез келген сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздегі әріптерден бірнеше құрастыру керек. Мысалы: бауырсақ сөзі – бауыр, бал, су, ара, ар, ауа, қас, бақ ас, қар, сақ, қуыр, рас, сау.

“Сөйлем қуаласпақ”
Ойынның мақсаты: оқушылардың көру, есту, ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топқа суреттер үлестіріледі. Әр топтың оқушылары бір – бір сөйлемнен айтып, сол сурет бойынша ауызша мәтін құрастырады.

«Синтаксистік касса» ойыны.
Ойынның мақсаты: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам, құс, т. б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.

«Кедергіден өту» ойыны.
Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырмасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.

«Шашылған әріп» ойыны
Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойынның шарты: оқушыларға бірнеше әріптер беріледі. Сол әріптерден оқушылар сөз құрастырып шығарады. Мысалы, заж (жаз); ақба(бақа); рақ (қар); ғаша (ағаш); лмаа (алма); Аталау (Алатау); іпл (піл).

«Вагон құрау» ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.

Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«№2 орта мектебі» КММ
Құрастырған: Уристимбаева Л. М.
Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар ЖИНАҒЫ (әдістемелік құрал) жүктеу


Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы әдістемелік құрал дидактикалық материалдар

© Дереккөзі

To Top