Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық»

А. Ж. Сарымсақова,
№24 лингвистикалық мектеп – гимназиясының бастауыш класс мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев. Қамқорлық
Сабақтың мақсаты: Мәтінді мәнерлеп, саналы – түсініп оқу, мағынасын ашу
а) Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын түсінуге, айта білуге, дағдыландыру;
ә) Ой – өрістерін кеңейту, сөздік қорын молайту, мәтінді талдауға, қорытынды шығара білуге қалыптастыру;
б) Қоршаған ортаны қорғауға, аялауға баулу, әдепті, тәртіпті, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік, талдау, суреттеу
Сабақтың көрнекілігі: автор портреті, тірек сызбалар, магнитофон
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық (магнитофоннан әуен жіберіледі).
– Балалар, көзімізді жұмайық, өзімізді керемет табиғат ортасында жүрміз деп сезінейік. Айнала қандай әсем, әдемі, жап – жасыл. Жан – жануарлар, өсімдіктер әлемін көз алдымызға елестетейік. Қандай сұлу табиғат! (әуен тоқтатылады). Көзімізді ашайық. Осы табиғаттан қандай әсер алсаңыздар, сондай әсермен сабаққа кірісейік.

ІІ. Негізгі бөлім. 1. Кіріспе. Ой қозғау.
– Балалар, біз қандай тараумен танысып жатырмыз?
– «Табиғат – менің өз үйім!»
– Табиғатқа не жатады?
ТАБИҒАТ – ағаш, тау, құс, өзен, шөп, аң
– Осы сөздердің қайсысына байланысты мәтіндер оқыдық?
– Өзен, жануар, тау, құс т. б.
– Онда, балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз да осы табиғатпен байланысты болмақ. Табиғатқа біздер не жасауымыз керек?
– Қамқор болуымыз керек.
– Қалай қамқор боласың?
– Суарамын, ақтаймын, қопсыту, тазалау т. б.
– Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Қамқорлық» деп аталады. Бұл мәтіннің мазмұны сіздердің айтқан ойларыңызға сәйкес келе ме екен, танысып көрелік.
2. Жаңа сабақты меңгерту. Мағынаны ашу.
Бағыттап оқу стратегиясын пайдалану.
а) мәтінді түсіндіре отырып оқу (оқушылардың ойын тыңдай отырып, мәтінмен салыстыру).
ә) сөздік жұмысын жүргізу.
Аша ағаш – рогатка,
шарбақ – ағаштан жасалған қоршау,
жан далбаса – жан ұшыра немесе есі кетіп,
әккі – дәніккен,
бейқам – алаңсыз,
дуал – қоршау,
безбүйрек – тасжүрек,
топшысынан – аяғынан,
пәтер – ұя.
б) оқушылар бөлімге бөле отырып, іштей оқиды. Әр бөлімге ат қояды.
І бөлім – «Сотқар Жантас»
ІІ бөлім – «Қожаның қамқоры»
ІІІ бөлім – «Торғайдың жаңа пәтері».

Қызығушылығын ояту.
Мәтінмен жұмыс.
а) Жантас пен Қожаға мінездеме беру;
ә) мәтінді әрі қарай жалғастыр…
б) Жантас пен Қожаға хат жазу.

Автор туралы түсінік.
– Балалар, мәтінді оқыдық, талдадық. Ал, «Қамқорлық» әңгімесінің авторы – Бердібек Соқпақбаев.
Автор туралы толық мағлұмат беру.
Рефлекция.
– Б. Соқпақбаевтың осы мәтіні ұнады ма? (жіңішке сұрақ)
– Егер сендер осындай Жантас сияқты сотқар балаға кезіккен жағдайда не істер едіңдер? (жуан сұрақ)
– Балалар, осы мәтін бойынша торғай, Қожа, Жантас сөздеріне бес жол өлең құраңдар.
Сабақтың түйіні.
Күшті болсаң, әлсіздерге қамқор бол,
Үлкен болсаң, кішілерге қамқор бол.
Азамат боп атқа мінер шағыңда
Ата – анаңдай кісілерге қамқор бол!
ІІІ. Үйге тапсырма. Мәтінді оқу, мәтінге байланысты мақалдар жинау.
IV. Бағалау


Бердібек Соқпақбаев қамқорлық әдебиеттік оқу бастауыш сынып сабақ жоспары

© Дереккөзі

Tags: әдебиеттік оқубастауыш сыныпБердібек Соқпақбаевқамқорлықсабақ жоспары

Related Posts

Бастауыш сынып

3 сынып «Түбір мен қосымша»

Бастауыш сынып

Ауа дегеніміз не?

Бастауыш сынып

Жаратылыстану сабағында зерттеу жүргізудің ерекшеліктері

Бастауыш сынып

Дауыссыз дыбыстың жуан айтылуы

Бастауыш сынып

Қош бол, сүйікті Әліппем

Бастауыш сынып

Алтын балық

Бастауыш сынып

Ө дыбысы мен әрпін қайталау

Бастауыш сынып

Бар байлықтың басы – нан

Бастауыш сынып

Мәлік Ғабдуллин «Батыр Бауыржан»

Бастауыш сынып

Шыбын мен көбелек

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021