Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық»

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жазушы өмірін еске түсіре отырып мағлұмат беру, мәтіннің негізгі идеясын ашу, оқушының оқу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: Ой – өрістерін кеңейту, сөздік қорын молайту, мәтінді талдауға, қорытынды шығара білуге қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға, аялауға баулу. Әдепті, тәртіпті, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау, суреттеу
Сабақтың көрнекілігі: Автор портреті, слайд, суреттер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1топ: Ертегінің мазмұнын айту
2 топ: Ертегі бойынша сурет салу
3 топ: Туған жер туралы мақал – мәтел жазып келу
Балалар осы ертегі ертегінің қай түріне жатады?
Ертегі
↓

▪ Халық ертегі → Қиял – ғажайып, шыншыл, жан – жануарлар.
▪ Әдеби ертегі

ІҮ. Ой қозғау
– Балалар, біз қандай тараумен танысып жатырмыз?
Табиғатым – менің өз үйім!
Табиғат нешеге бөлінеді?
Өлі табиғат, тірі табиғат
– Адам және барлық тіршілік атаулы, жан – жануарлар, құстар, жәндіктер, өсімдіктер бәрі табиғат перзенті. Ақындар табиғатты анаға теңеген. Табиғат мейірімді ана сияқты, өзіндегінің бәрін адамға жан – жануарларға береді.
Көктемде осы табиғатты құстарсыз елестету мүмкін емес
Көктем айында барлық тіршілік атаулы өзінің қарбалас кезін бастайды. Құстар туған жерге оралып, ұя салып, балапан өргізеді. Ал жануарлар ұрпақ көбейтіп, төлдейді. Сондықтан барлығымыз осы табиғат перзенттеріне қамқорлық жасауға міндеттіміз.
– Қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер?

Ү. Жаңа сабақ
– Олай болса, балалар бүгінгі өтетін тақырыбымыз да осы табиғатпен байланысты болмақ.
Бүгінгі сабағымызда Б. Соқпақбаевтың « Менің атым Қожа» повесінен алынған шағын үзіндімен танысамыз. Тақырыбы « Қамқорлық» деп аталады.

Балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы қазіргі Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келді.
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Бірінші жыл ауылда мұғалім болып еңбек етті.
«Қазақфильм» киностудиясында редактор болып, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» басылымдарында қызмет етті.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
«Бейнеу ауданының әкімдігінің
«Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі» КММ – нің
бастауыш сынып мұғалімі Джубаназарова Алия
Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық» жүктеу


Бердібек Соқпақбаев қамқорлық ашық сабақ қоршаған ортаны қорғау табиғатты аялау

© Дереккөзі

Tags: Ашық сабақБердібек Соқпақбаев қамқорлықҚоршаған ортаны қорғаутабиғатты аялау

Related Posts

Бастауыш сынып

Земля моя, ты будешь раем! Закрепление

Бастауыш сынып

Сложение и вычитание числа 5

Бастауыш сынып

Cу – тіршілік негізі

Бастауыш сынып

Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)

Бастауыш сынып

Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»

Бастауыш сынып

Бастауыш сыныптарда білім беру қызметін психологиялық саралаумен қамтамасыз ету

Бастауыш сынып

Тиін туралы

Бастауыш сынып

8 санын қосу және азайту

Бастауыш сынып

Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы

Бастауыш сынып

Оспанхан Әубәкіров «Ара мен Шыбын»

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021