Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

«Бесік жыры», «Тұсау кесу жыры»

Сабақтың тақырыбы: «Бесік жыры», «Тұсау кесу жыры»

Сабақтың мақсаты: 1. Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрін дәріптеу, соның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала, баланы бесікке бөлеу, тұсау кесу дәстүрін атадан балаға жеткізу. Бесік жырының, тұсау кесу жырының маңызын ұғындыру.
2. Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, дәлелдей білуге, сөйлеу мәдениетін, топпен жұмыс істеу, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Салт – дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке, мейірімділікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, талдау, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Кітаптар, суреттер, «Қазақ халқының салт – дәстүрлері» фильмінен үзінді, интерактивті тақта, слайдтар, бағалау жетондары..

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
2. қорытындылау
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту
2. Ой қозғау.
3. Қорытындылау.
4 Жаңа материалмен жұмыс.
5. Сергіту сәті.
6. Ырым – тыйым сөздер
7. Қорытындылау.
ІV. Сабақты қорыту
V. Үйге тапсырма.
VI. Бағалау.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Өс, ұлан!» Өтебай Тұрманжанов жатқа сұрау
Өлең мазмұнына байланысты мақал жинастыру.

Мысалы: Ерте тұрсаң, алдыңнан күн шығады,
Жай тұрсаң алдыңнан түн шығады.
Денсаулық – зор байлық.
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмаудың жолын ізде
Дені саудың – жаны сау.
3. Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту. Жұмбақ шешу.
Иесі анық – сәби,
Әрі төсек, әрі үй.
(Бесік)
2. Ой қозғау
– Бесік деген не? Бесік неден жасалған?
– Бесікке жатқан бала бар ма?
– Бесікке байланысты қандай салт – дәстүрлерді білесіңдер?
– Тұсау кесу рәсімін көрдің бе?
Слайдқа назар аударып, оқушылардың шілдехана, бесік той, тұсау кесу туралы ойларын тыңдау.

3. Жаңа сабақ
– Бесік – бабамыздан қалған киелі мүлік.
Қазақ бесікті қатты қадірлейтіндігі сонша, қазақ атасы жатқан бесікке баласы, немересі, шөбере, шөпшегін бөлейді.
Бесікке салуды көрсету. (фильмнен үзінді )

– Балалар, «Атадан қалған асыл мұра» бөліміндегі «Бесік жырымен», «Тұсау кесу»
Адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған мәдени нұсқалары, ұлағатты сөздері, көркем туындылары, ұрпақтан – ұрпаққа, атадан – балаға мирас ретінде жетіп отыр. Бұл тарту Атамұра деп аталады. Қазақ халқының дәстүрлі киім-кешегінен бастап, үй жиһаздары, ата – кәсіп құрал – саймандары, тарихи ескерткіштері, туған өлке, туған жер, туған тіл бәрі де мұра болған.
Басты мұралардың бірі – «Бесік жыры».
Тұсау кесу туралы айту

1) Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді әндетіп оқу. Оқушыларға түсініп оқыту.
2) Сөздік жұмыс:
Күрмеу – баланың аяғына байланған ала жіп
Тақым – тізенің астыңғы, ішкі жағы

4. Есіңе сақта!
Бесік жыры баланы тыныштандырып, жұбатады екен. Балаға жағымды әуенмен айтылады, әуен – сазсыз мәні де, сәні де болмайды.

5. Сергіту сәті. «Ұйықта, бөпем» Қимылмен орындалады.
6. Ырым – тыйым сөздер:
Бос бесікті тербетпе.
Бесікті бір қолмен көтерме
Бесікті ашық қалдырма
Сабақты қорытындылау.

7. Сұрақтар беріледі.
I. «Бесік жырын» айтып отырған кім?
2 Апасы сәбиге қандай жақсы тілектер айтты?
3Тұсау кесу рәсімін көрдің бе?

8.. Үйге тапсырма: «Бесік жырын», «Тұсау кесу» қалағанын жаттау, Үлкендердің айтқан осындай жырларын білсең жазып ал.
3. Хрестоматиядағы «Әпкесінің әлдиі» деген жырды түсініп оқу.
9. Бағалау.


Бесік жыры бастауыш сынып әдебиеттік оқу 2 сынып ашық сабақ жоспары

© Дереккөзі

To Top