Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Біз – табиғат қорғаны

Тәрбие сағатының тақырыбы: Біз – табиғат қорғаны
Мақсаты: Табиғат адамзаттың асыраушысы, еңбек етіп өмір сүретін ортасы екенін түсіндіру. Табиғат, Жер – ана, Туған жер, Атамекенін сүйіп, аялай білу, перзенттік борышын орындауға үйрету. Туған жер табиғатының әсемдігін сақтауға, сүюге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, табиғат туралы суреттер.

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
«Бұл қай мезгіл?» жұмбақ ойын
Кіріспе
Бейнебаян. Жыл мезгілдері
– Балалар біз бұл бейнебаяннан нені көрдік?
– Жыл мезгілдері
– Ашық аспан, нұрын шашқан күн, жайқалған гүлдер, сайраған құстар
– Яғни осының барлығын бір сөзбен айтқанда не дейді екенбіз?
Мұғалім сөзі: Адам – Табиғат пен Жер ананың төл перзенті. Дүниеде екі ана бар. Біріншісі – тіршілік, табиғат ана, екіншісі – адамның анасы. Табиғат тіршілік көзі, сондықтан да табиғи заңдылықтарды қатаң сақтау керек.
Адамзат табиғатты бастапқы күйіндегідей тұтас, таза түрінде сақтап қалуға тырысқанымен ғаламшарымыздағы экологиялық жағдай күннен – күнге нашарлап бара жатыр.
Қазір баршамыз экология сөзін естіп біліп жүрміз. Бұл ғылым сонда нені зерттейді? Экология сөзі гректің «ойкос»- үй, тұрғынжай және «логос»- ілім деген сөздерінен шыққан. Яғни бұл – баршамыздың ортақ үйіміз. Табиғат туралы ілім. Осы жалпы ғаламшарлық үй болып табылатын табиғатты адамдар өздерінің өрескел әрекеттерімен бүлдіріп жүр. Сондықтан барша адамзаттың алдында тұрған міндет – табиғаттың байлығын болашақ ұрпаққа сақтау, қастерлеу. Сондықтан арнайы күндерді қамтитын экологиялық күнтізбе құрастырылған.
16 қыркүйек – Халықаралық жердің озон қабатын қорғау күні
20 қыркүйек – Орманды қорғау күні
27 қыркүйек – Теңізді қорғау күні
4 қазан – Жануарларды қорғау күні
29 желтоқсан – Биологиялық көптүрлілік күні
22 наурыз – Дүниежүзілік су күні
1 сәуір – Құстарды қорғау күні
18 – 22 сәуір – Қорықтар мен ұлттық саябақтарды қорғау күні
22 сәуір – Жер күні
5 маусым – Қоршаған ортаны қорғау күні
17 маусым – Құрғақшылықпен күресу күні

Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам санасынан тыс жаратылыстан пайда болған дүние. Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының құтты – қоныс мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі жер бетіне көрік берген сәні демекші. «Біздің жер шарымыздың әсем табиғаты» атты бейнебаянды тамашалайық.
Осы бейнебаяннан біз табиғаттың екі түрін де көріп отырмыз. Осы біздің келесі бөлімімізде табиғатқа байланысты сауал болмақ.
Сыныпқа сауал
Табиғатты біз кім үшін қорғаймыз? (Адам үшін)
Табиғатты кімнен қорғаймыз? (Адамнан)
Көрініс «Ақ қайыңның мұңы»
Оқушылар «Табиғат» туралы тақпақтарын айтады

Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен тікелей байланысты болған. Ғасырлар бойы табиғат аясында тіршілік ете жүріп, оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді.
Бейнебаян: «Еліміздің сұлу өңірлері» көрсетіледі.
Соңғы жылдары елімізде табиғатты қорғау шараларына көңіл бөлініп, әр аймақтың табиғи ерекшелігін сақтап қалуға үлкен мән берілуде. 1997 ж 15 – шілдеде «Қоршаған ортаны қорғау» туралы, 1997 ж 6 – тамызда «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» туралы заңдар қабылданды.. Және оны жүзеге асыруда көптеген жұмыстар жүргізілуде.
Бейнекөрініс: Қазақстанның қорғалатын аумақтарын көрсету.
Ұлжан: Адам мен табиғат егіз. Табиғат – адамзаттың еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Табиғат мейірімді ана сияқты, өзіндегі барды түгелімен адамға, жан – жануарға береді. Демек адам өзін асырайтын Жер – Анамен шын мәнінде кіндіктес, яғни оның перзенті.
Жайнарбек: Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, денсаулыққа пайдаланатын дәріміз, тыныс алатын ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғаттың тартқан баға жетпес сыйы.
Аружан: Адам мен табиғат егіз дедік, ол рас. Табиғат асыраушың, қорғаушың десек те болады. Ата – бабамызың «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» деп айтқан сөзі тегіннен тегін емес.
– Табиғатқа арнап ән шумағын жазған ұлы адам кім еді?
– Абай Құнанбаев
– Ән сабағында жаттаған ән қалай аталады?
– «Желсіз түнде жарық ай»

Қорытынды
Қорыта келгенде адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой деймін. Табиғат байлықтарын қорғау білу азаматтық борыш.
Оны аялап, сүйе білейік.
Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім – кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: Сөндірілмей тасталған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір ағаштың өсуі үшін қаншама жылкерек екенін өздерің білесіңдер. Кейбір тентек балалар гүлдерді жұлады, құстардың ұясын бұзады, жазықсыз жәндіктерді өлтіреді. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстай білейік. Табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.
Білместік жасаған тірілер атынан,
Кешірім сұраймыз жас ұрпақ атынан!
Топтасайық, достасайық бәріміз,
Осыменен бағаланар біздің ұят арымыз!


Табиғат қорғаны табиғат экология

© Дереккөзі

To Top