Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Біз шыныққан баламыз | Бастауыш сынып

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім аумағы; «Денсаулық»
Білім бөлімі: Дене шынықтыру.
Тақырыбы: Біз шыныққан баламыз
Мақсаты: Балаларға түрлі кедергілерден өтуді үйрету, шыдамдылық пен ұқыптылық қасиеттерін дамыту. Ұжымдаса жұмыс жасауға баулу, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал – жабдықтар: бөрене, доғалар, құм салынған қапшықтар.
Сөздік жұмыс: қос аяқпен секіру, еңбектеу.

Мотивациялық – қозғаушылық
Тәрбиеші балалармен бірге залға паровоз болып кіріп бір қатарға сапқа тұрады.
– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
– Біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр солармен де амандасайық.
– Ал енді шеңберге тұрып, жаттығуымызды жасайық.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп – кішкентай ағаштар,
Биік болып өседі.
Құлпыра бер кең далам,
Өскен ағашты көрейін.
Жапырағыңмен жасыршы,
Қойныңа мен енейін.
(қимылмен қайталайды)

Ұйымдастыру – іздестіру
Ұйымдастыру кезеңі.
– Балалар, менің ұялы телефоныма қояннан хат келіпті.
«Сәлеметсіңдер ме, «Балапан» тобының балалары, менің атым Қоян. Сендердің балабақшаларыңда балалар көп деп естідім және олардың бәрі бір – бірімен дос екен, менің де сендермен дос болғым келеді. Бірақ мен алыс орманда тұрамын. Анашым маған үйден жалғыз шығуға болмайды деген. Сондықтан сендерді қонаққа шақырамын»
– Қалай балалар барамыз ба?
– Қоянның үйі орманда екен, олай болса жүріңдер серуенге шығайық.
Тәрбиеші балаларды жеңіл жүріспен алып жүреді.
– Балалар қараңдаршы бұл құстың ұясы, қане құстар қалай ұшады?
(құстардың жүрісін салады)
– Балалар, ал мынау қандай жануар? Аюлар қалай жүреді? Қорбаңдап жүреді, дұрыс. Қане аюдың апанының қасынан ақырын аяқтың ұшымен, бір сызық бойымен жүріп өтейік.
– Орманда көптеген жануарлар мекен етеді, мынау қасқырдың апаны, қасқыр жыртқыш аң, олар да төрт аяқтар жүреді, бізде қасқыр сияқты төрт аяқтап мына доғалардың өтейік.
– Балалар, міне қоянның үйі де көрінді.
Қоян шығып, балалармен амандасады.
– Сәлеметсіңдер ме, балалар, менімен бірге менің сүйікті тақпағымды айтасыңдар ма?
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы – қырлы жерлермен,
Ытқып – ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.


Дене шынықтыру біз шыныққан баламыз табиғатты аялау шыдамдылық пен ұқыптылық

© Дереккөзі

To Top