Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Бір уыс мақта

№6 «Айголек» ересек тобында ұйымдастырылған
ашық оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті. Тіл дамыту.
Тақырыбы: Бір уыс мақта
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы. Алтынсарин өмірімен таныстыру. Оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелеуге, мәнеріне келтіре айта білуге үйрету.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Балаларды адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ы. Алтынсарин портреті, әңгіме мазмұнына салынған сюжеттік суреттер.
Сөздік жұмыс: шапан, мақтаның қиқымы, мамық.
Керекті құралдар: сюжетті суреттер
Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Мотивациялық қозғаушы
«Шаттық шеңбері»
– Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
– Бір – бірлеріне жылы сезім, күлкі сыйлау. Әр баланың төсіне күлімдеген смайликтер тағу.

Іздену – ұйымдастырушы
– Балалар, бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы
«Бір уыс мақта».
Әңгіменің авторы туралы қысқаша мәлімет беру. Ыбырай Алтынсарин қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогі. Балаларға арнап көптеген ертегілер, әңгімелер жазып қалдырған. Әңгімелері: Қарға мен құрт, Сауысқанмен қарға, Әке мен бала, Түлкі мен ешкі.
Бүгінгі танысатын әңгімеміз «Бір уыс мақта» деп аталады.
Әңгімені мәнерлеп оқып беру.
Бір кішкентай қыз, әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты.
– Балам дүниедегі жаратылған жанды – жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып жерде қалатыны болмайды,- деп, Сол сөзді айтып отырғанда қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады.
– Әже осы қиқымның еш нәрсеге керегі бола қалмас,- деп
– Шешесі:
– Балам сол да жерде қалмайды,- деді. Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып мақтаны тұмсығына тістеп қана алып ұшып кетті. Қыз әжесінен:
– Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті. оны неғылады?- деп сұрады. Әжесі айтты.
– Көрдің бе балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді,- деді.
Бір уыс мақта жүктеу


Бір уыс мақта Ыбырай Алтынсарин өмірі қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсарин

© Дереккөзі

Tags: Бір уыс мақтақазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ыбырай АлтынсаринЫбырай Алтынсарин өмірі

Related Posts

Бастауыш сынып

Ана тілі бойынша сабақтың жоспары (2 сынып)

Бастауыш сынып

Еңбекпен тапқан тиын

Бастауыш сынып

Ұстаз

Бастауыш сынып

Еңбектің наны тәтті

Бастауыш сынып

Тест 1 сыныптарға арналған

Бастауыш сынып

Қысқа мерзімді жоспарлар (әдебиеттік оқу 4 сынып)

Бастауыш сынып

М. Әлімбаев «Әнші Әміре»

Бастауыш сынып

Абылай хан

Бастауыш сынып

Әзиза Нұрмаханова «Шығыс шынары»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин. «Біржан сал»

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021