Қортынды сабақ
Тақырыбы: «Бәрін білгім келеді»
Мақсаты: Балалардың алған білімдерін пысықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тілдерін жетілдіру, біліп – үйренуге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар: Ғажайып алаң, тапсырмалар, суреттер.
Сабақ түрі: ойын « Ғажайып алаң».
Сөздік жұмыс: ғажайып алаң, тыйым сөздер.
Шаттық шеңбер:
Біз көңілді баламыз,
Ойнап асыр саламыз.
Ашық аспан астында
Күндей нұрлы боламыз.
Бүгін біздің іс – әрекетіміз ойын түрінде өтеді. «Ғажайып алаң» – ойын алаңы, телеарнада жүргізілетін, кең тараған ойынның бірі. Әріптердің орнына, біз берілген тапсырмаларды орындаймыз. Ойынға дайынбыз ба? Ендеше, іске сәт!
1. Балалар бүгінгі біздің ашық оқу іс – әрекетіміз ерекше болмақ. Күндегі оқу іс – әрекетімізден ерекшелігі сіздер бүгін сайысқа түсесіздер. Ол үшін екі топқа бөлініп отырмыз.
І топ: «Алғырлар»
ІІ топ: «Тапқырлар»
Енді топтарымыз аты және ұранымен таныстырып өтсін.
2. Олай болса бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін берілген тапсымаларға дұрыс жауап берген топқа ұпайлар беріліп отырады.
Өте жақсы жауап берсе – қызыл дөңгелек.
Жақсы жауап берсе – Көк төртбұрыш.
Орташа жауап берсе – сары үшбұрыш.
3. Ғажайып сәт. Білім ханшайым кіреді. Қолында көптеген тапсырмалары бар.
Ханшайымның бірінші тапсырмасы шарларды жару арқылы ішінен шыққан сұраққа жауап береді.
І – бөлім. «Кім тапқыр»
1 – тапсырма.
Дауысты, дауыссыз дыбыс дегеніміз не? ІІ. Өткен сабақты қайталау
Тәрбиеші: – балалар біз сауат ашудан нені үйрендік?
Оқушылар: – оқуды жазуды.
Тәрбиеші: – дыбыс дегеніміз не?
Оқушы: дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз.
Тәрбиеші: – әріп дегеніміз не?
Оқушы: әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.
Тәрбиеші: – дыбыстар нешеге бөлінеді?
Оқушы: дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыс.
Тәрбиеші: дауысты дыбыс дегеніміз не?
Оқушы: Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырамай шыққан дыбыс.
Тәрбиеші: Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
• Оқушы: өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыс.
Тәрбиеші: – әріптерден не құралады?
Оқушы: – сөз.
Тәрбиеші: – сөзден не құралады?
Оқушы: – Сөйлем.
Тәрбиеші: – сөйлем қандай әріппен жазылады?
Оқушы: – бас әріппен.
Тәрбиеші: – Өте жақсы.
• 2 – тапсырма.
«Жоғалған әріп» ойыны
ше.. е, е.. еу, е. гін,
Сергіту сәті.
Шаршағанда ырғалып
Гүлге ұқсап дем алам
Қолымызды қозғалтып
Гүлдей болып жайқалам.
Берілген сөзді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.
Жұмбақ: Білімнен мол сый – асы.
Балдырғандардың ұясы. (Мектеп)
Бәрін білгім келеді, Қортынды сабақ. жүктеу
Бәрін білгім келеді қортынды сабақ ашық сабақ сайыс түрінде
© Дереккөзі