Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Бәсекеге қабілетті ұландар

«Бәсекеге қабілетті ұландар» (презентациясымен)
/Білім сайысы./

Білім сайысының мақсаты:
Сайыс кезеңдері арқылы қазақ халқының ұлттық ерекшеліктеріне тоқталып, білімді жан – жақты болуға үйрету. Білуге үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Компьютер.
Дәйек сөздер: «Білім адам баласының ортақ қазынасы»
Ж. Баласағұн.
«Білім беру реформасы – аса маңызды
құралдардың бірі.»
Елбасының Қазақстан
халқына арнаған жолдауынан.
«Өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес»
Н. Ә. Назарбаев.
«Жаңа ғасырдың білікті, білімді, ақыл – ойы
дамыған азаматын даярлау бүгінгі күн талабы.»

Кітапханашы:
Егемендік алған еліміздің болашағы – жас ұрпақ. Ал, ол ең алдымен мектепте тәлім – тәрбие алады, болашағын осында таңдайды. Сондықтан бүгінгі күні жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде мектептің алатын орны ерекше. Міне, мектеп кітапханасының басты мақсаты педагогика ұжымына, оқушыларға білім беру процесіне көмектесіп, оқушылардың кітапты сүйе білу, педагогикалық оқулықтарды оқу процесіне пайдалана білуге баулу болып табылады.
Жас жеткіншектердің көзі ашық, көкірегі ояу, заманының ұлы тұлғасы болуына кітапхананың тигізер үлесі өте көп. Күш – кітапта, оқу – білімсіз, рухани демеусіз, ешкім де алысқа ұзай алмайды. Бала – болашағымыз. Өсер ұрпақ өнегені өзгеден емес, өз ішімізден іздене, мадақтар да, мақтанар да ұлы перзентіміз болмақ.

Олай болса ортаға «Бәсекеге қабілетті ұландарымызды» шақырайық.
4 «А», 4 «Ә», сынып оқушылары: ——————————
Кітапханашы:
Бүгінгі сайысқа әділ баға беретін сарапшы ұстаздар:
———————-
Кітапханашы: Енді «Бәсекеге қабілетті ұландар» атты білім сайысының жоспарымен таныс болыңыздар. Білім сайысы төрт кезеңнен тұрады:
І – кезең: «Бәйге»
ІІ – кезең: «Халқым қандай десең,
Салтымнан сынап біл»
ІІІ – кезең: «Білім сайысы»
ІҮ – кезең: «Жорға»

– Ендеше, «Бәйге» кезеңін бастайық.
Бұл кезеңде сіздер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысыңыздар. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі бала жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін 10 балл алуға болады.
– Сәттілік тілейміз.

1 – сұрақ: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды?
Жауап: 1991 ж. 16 желтоқсан.
2 – сұрақ: Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім және қашан ұшты?
Жауап: 1991ж. 2 – қазанда Қазақ халқының перзенті Тоқтар Әубакиров тұңғыш рет ғарыш сапарына аттанды.
3 – сұрақ: Н. Ә. Назарбаев кім? Ол қашан қай жылы туылды?
Жауап: Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті
1940ж. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында туған.
4 – сұрақ: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?
Жауап: Қазақстан Республикасының – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.
5 – сұрақ: Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады?
Жауап: 1991 ж. 1 – желтоқсан.
6 – сұрақ: Мемлекет және қоғам қайраткері Д. А. Қонаев қай жылы дүниеге келді?
Жауап: 1912 жылы, 12 қаңтарда
7 – сұрақ: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының авторы кім?
Жауап: Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының авторлары:
Жұмекен Нәжімеденов.
Н. Ә. Назарбаев.
Ш. Қалдаяқов
8 – сұрақ. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан енгізілді?
Жауап: 1993 жыл 15 қараша.
9 – сұрақ. Талас ауданының әкімі кім?
Жауап: Қарабалаев Айтқазы Дәулетқұлұлы
10 – сұрақ. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі?
Жауап: карта.

Кітапханашы: Олай болса екінші кезең «Халқым қандай десең, Салтымнан сынап біл»
Бұл кезеңде әрқайсыңызға сұрақтар жазылған үлестірмелі қағаздар таратылады. Әр дұрыс жауап үшін 20 балл жинай аласыздар.

1) а) Ораза ұсталатын рамазан айында орындалатын қандай ән? (Жарапазан)
ә) Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген……. пішер. (тон)

2) а) Төрт түлікті ата. (Түйе, Сиыр, Қой, Жылқы)
ә) Мал өсірсең қой өсір
Өнімі оның……… (көл – көсір)

3) а) 22 – наурыз күнін «Жаңа күн» деп атаудың мәнісі не?
( Оның мәнісі: 21 – нен 22 – не қараған наурыз күні күн мен түн теңеледі.)
ә) Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде…… бол. (ұлтан)

4) а) Баланы тәй – тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең. (тұсау кесер)
ә) Білекті бірді жығар
Білімді……. жығар (мыңды)

5) а) Жаңа туған нәрестенің алғашқы көйлегі не деп аталады? (Иткөйлек)
ә) Қына тасқа бітеді.
Білім…… бітеді (басқа)

6) а) Жігіт адамның неше жұрты бар? (Үш жұрты: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)
ә) Ер бір өледі
Қорқақ……. өледі. (мың)

Кітапханашы: Құрметті сарапшы ұстаздар өткен екі кезең бойынша берген балдарыңызды айтсаңыздар. ( ұпай саны төмен екі оқушы сайыстан шығарылады)

Кітапханашы: Сайысымыздың үшінші кезеңі «Білім сайысы»
– Бұл кезеңде компьютерден ондықтарды таңдау арқылы пән бойынша сұраққа жауап бересіздер.
І. Математика 10 20 30 40
ІІ. Қазақ тілі 10 20 30 40
ІІІ. Ана тілі 10 20 30 40
ІҮ. Дүниетану 10 20 30 40

І. Математика:
10 балл. сұрақ: Текшенің (кубтың) неше өлшемі бар?
жауап: 3 өлшемі бар: ұзындығы, ені, биіктігі.

20 балл. сұрақ: Перпендикуляр түзулер деген не?
жауап: Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер
30 балл. сұрақ: Сиқырлы шаршының бос тор көздерін толтыр
40 балл. сұрақ:
Қанат 5 кг алмұрт үшін 350 теңге төледі, ол 210 тенгеге қанша кг алмұрт сатып ала алады?
Жауабы: 350: 5= 70 тг /1 кг алмұрттың бағасы/
210: 70= 3 кг алмұрт сатып ала алады.

Қазақ тілі
10 балл. сұрақ: Ғарышкер сөзіне дыбыстық талдау жаса.
жауап:
Ғ – дауыссыз, ұяң
А – дауысты, жуан
Р – дауыссыз, үнді
Ы – дауысты, жуан
Ш – дауыссыз, қатаң
К – дауыссыз, қатаң
Е – дауысты, жіңішке
Р – дауыссыз, үнді

20 балл. сұрақ: Дыбыс үндестігі деген не?
жауап: дауыссыз дыбыстардың бір – біріне ықпал етіп өзара үндесіп айтылуы.

30 балл. сұрақ: Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жаз.
жауап: мысалы: «Жаз ыстық болса, қыс суық болады»

40 балл. сұрақ: Досы деген сөзді септе
жауап:
Атау -досы
Ілік -досының
Барыс- досына
Табыс -досын
Жатыс -досында
Шығыс -досынан
Көмектес- досымен

Ана тілі
10 балл. сұрақ: Берілген мәтін шығарманың қай түріне жатады?
«Қару жисаң, мылтық жи, жаяу жүрсең – таяқ, қарның ашса – тамақ»
жауап: Шешендік сөз

20 балл. сұрақ: «Енді қайттім! Не істедім? Суға лақтырып жіберіп құтылу керек» деген жолдар сөйлесудің қай түріне жатады?
жауап: Монолог
30 балл. сұрақ: «Әліпби», «Тіл құралы» еңбектердің авторы кім?
жауап: А. Байтұрсынов
40 балл. сұрақ: Қазақ қызының сұлулығы суреттелген шығарманы ата?
жауап: Қыз Жібек

Дүниетану
10 балл. сұрақ: Көкжик тұстары қандай құралмен анықталады?
жауап: Тұсбағдар (компас)
20 балл. сұрақ: Қазақстан қандай елдермен шектеседі?
жауап: 1. Ресей 2. Қытай 3. Қырғызстан 4. Өзбекстан 5. Түркіменстан
30 балл. сұрақ: Мына тарихи – мәдени ескерткішті ата. Ол қай жерден табылған?
Жауап: Алтын адам. Есік қаласынан табылған.
40 балл. сұрақ: Әлемнің жеті кереметін ата.
жауап:
1. Хеопс перамидасы
2. Семирамиданың аспалы бағы
3. Александрия мұнары
4. Зевс мүсіні
5. Родос алыбы
6. Галикарнас кесенесі
7. Артемиданың ғибадатханасы

Кітапханашы: Енді сарапшы ұстаздардың бағасын тыңдасақ.
(ұпай саны төмен екі оқушы сайыстан шығарылады)

Ал сіздерге қалған төрттік бүгінгі «Бәсекеге қабілетті ұландар» жарысында өз білімдеріңізді көрсете білгендеріңіз үшін бүгінгі жарыстан мына кітапшаларды естелік ретінде қабыл алыңыздар. Келесі жарыстарда биік шыңнан көрініп жеңімпаз атана беріңіздер.

«Жорға» кезеңінде сайысқа түсіп, жоғары балл жинаған оқушы
«Бәсекеге қабілетті ұлан» аталады.
Ал енді дайын болсаңыздар бастайық.
Бұл кезеңде дайындалған 10 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңізге қарай ұпай жинауға болады. 1 сұрақ – 1 балл болып есептеледі.
Қанеки, іске сәт!
(Ұпайы жоғары оқушыдан бастаймыз.)

1. Сиырдың пірі. (Зеңгі баба)
2. Жылдан құр қалған жануар. (Түйе)
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. (Қазақ тілі)
4. Басты байлық. (Денсаулық)
5. Қара алтын. (Мұнай)
6. 12 ай. (Жыл)
7. «Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы. (Ы. Алтынсарин)
8. Абайдың әжесі. (Зере)
9. Көру мүшесі. (Көз)
10. Заттың сынын білдіретін сөз. (Сын есім)

2 – оқушыға қойылатын сұрақ.
1. Түйенің пірі. (Ойсылқара)
2. Жыл басы не? (Тышқан)
3. Жердің бетінде өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабат. (Топырақ)
4. Ақ алтын. (Мақта)
5. Орман дәрігері. (Тоқылдақ)
6. 7 күн. (Апта)
7. Есту мүшесі. (Құлақ)
8. «Абай жолы» роман – эпопеясының авторы. (М. Әуезов)
9. Заттың қимылын білдіретін сөз. (Етістік)
10. 16 – желтоқсан қандай күн. (Тәуелсіздік күні)

Кітапханашы: Білімдіден шыққан сөз – дүниені нұрға бөлейді. Білім ақылмен ұштаспаса, төңірегін қараңғылата түседі. Өмірмен жанасқан білім – бұл өлшеусіз байлық.
Білімді адамды ақшалы болмаса да жарлы деуге болмайды. Білімді сенен ешкім ұрлай алмайды, алғанмен оны бойына сіңіре алмайды.
Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың.
Олай болса бүгінгі жарыста «Бәсекеге қабілетті ұлан» деп __________________________ таныдық.

Осы бүгінгі жеңімпаз ұланымызды марапаттау рәсімі мектебіміздің директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары: Болғанбаев Әли Болатұлына беріледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


«Бәсекеге қабілетті ұландар білім сайысы презентация бастауыш сыныптарына арналған интеллектуалды ойын зияткерлік сайыс

© Дереккөзі

To Top