Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Гүл салынған ваза

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Жапсыру.
Сабақтың тақырыбы: Гүл салынған ваза
Мақсаты: қағазды бірнеше бүктеу арқылы қию әдісіне жаттықтыру, затқа қарап жапсыру дағдыларын қалыптастыру; қол бұлшық еттерін дамыту, математикалық ұғымдарын бекіту, сұлулықты сезіне білуге, әсемдікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, қайшы, желім, құмырадағы гүл, әже (қуыршақ).
Сөздік жұмыс: күлте.
Билингвальды компонент: гүл – цветок, құмыра – ваза.

Мотивациялық қозғаушылық
«Тілек шоғы» жылулық шеңбері.
Педагог әр баланың қолына бір – бір гүлден таратады. Педагог өз қолындағы гүлді тілек айтып, жанындағы балаға ұсынады. Гүлдер көбейіп, «тілек шоғы» болып, педагогтің өзіне оралады.
Кімде – кім жақсы тілек айтса, жақсы тілек айтса, сол үлкен жақсылыққа айналып өзіңе қайтады.

Ұйымдастыру – іздестіру
Педагог балалардың гүл туралы түсініктерін суреттер көрсету арқылы кеңейте түседі.
Тосын сәт:
Кенет есік қағылады.
Педагог:
– Балалар, біреу есік қағып тұр, кім келді екен?
Қолында гүлі бар әже кіреді.
Әжей:
– Бүгін менің немерем Әселдің туған күні,- дейді.
Педагог әжей әкелген гүлшоқты құмыраға салып қояды.
– Енді сіз біздің балалардың өнерін көріңіз.
– Балалар, Әселге арнап осындай құмырадағы гүлді жапсырып дайындық.
Билингвальды компонент: гүл – цветок, құмыра – ваза.
26 – бет, 10 – шы үлгіге қарау.
Құмырадағы гүл туралы әңгімелеу. Алдымен педагог балаларға қағаздан гүл бөлшектерін қиюды, содан соң гүлдерді жапсыру техникасын көрсетіп, түсіндіреді.
– Бірінші үш гүл күлтесін қиып аламыз, содан кейін қалған бөліктерін қиямыз.

Сергіту сәті.
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Тәрбиеші қарайды,
Аяққа бір, қолға бір.
– Міне, балалар, гүліміздің бөліктерін қиып алдық, енді оларды жапсыруға кірісейік.
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Балалардың жапсырған гүлдерін, күлтелерін, сабағын, жапырағын санату.
– Құмырада неше гүл бар?
– Күлтелерін санап көрейік?
– Сабағын санайық?
– Жапырағы нешеу екен?
Гүл салынған ваза. жүктеу


Гүл салынған ваза қағазды бірнеше бүктеу арқылы қию затқа қарап жапсыру

© Дереккөзі

Tags: Гүл салынған вазазатқа қарап жапсыруқағазды бірнеше бүктеу арқылы қию

Related Posts

Бастауыш сынып

Қос жұлдыз

Бастауыш сынып

Дәрумендер тұрағы – түрлі тағам құрамы

Бастауыш сынып

Алып бала 2-сынып

Бастауыш сынып

Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі

Бастауыш сынып

Дауыссыз К мен Г

Бастауыш сынып

Мұхтар Әуезов «Жетім»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)

Бастауыш сынып

Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

Бастауыш сынып

Тілашар тойы

Бастауыш сынып

Қалмақан Әбдіқадыров Жиб – Жица күресі (Қажымұқан туралы)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021