Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Джанни Родари «Ғажайып жаңбыр», «Шоколадтан салынған жол» | Бастауыш сынып

Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Джанни Родари «Ғажайып жаңбыр», «Шоколадтан салынған жол»
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «Әдебиеттік оқу» 4 – сынып оқулығы, интербелсенді тақта, интернет желісінен алынған суреттер.
Жалпы мақсаты: Итальян жазушысы Джанни Родари туралы түсінік беру, әңгіменің негізгі ойын таба білуге үйрету, қиял – ғажайып оқиға желісі бойынша шығармашылық іс – әрекеттерге баулу.
Оқыту нәтижелері: Автор туралы білімдері кеңейеді, әр топ мәтіндерді сын тұрғысынан ойын жеткізеді, нақты дәлел келтіреді, салыстырады.
Тапсырмалар: Ой қозғау, топпен жұмыс, АКТ, СТО, «Оқыта үйрету» әдісі, «Критерийлер»арқылы бағалау.
Түйінді идеялар: Топпен бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді. Өз ойларын ашық еркін жеткізуге дағдыланады.
Ресурстар: АТК, бағалау парағы арқылы бағалау, Венн диаграммасы, диалог, сұрақ – жауап, ватман, стикер, маркерлер.

Білу, түсіну (15 минут)
«Күн шуағы» шаттық шеңберін құрып, сыныптың психологиялық ахуалын өзгерту.
Шоколадтар арқылы төрт топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру.
1. Қызығушылығын ояту. Сөзжұмбақтың сұрақтары.
Сөзжұмбақ сұрақтары:/автордың аты жөнін шығару./
Аттың жартысы қай жерде жайылып жүр?/көгалда/
«Балама хат» өлеңін жазған кім?/Жамбыл/
«Жарты ат», «Балық құрсағында» деп аталатынәзілкеш оқиғаларды кім жазған?/Энрих Распе/
Ол қай халықтың жазушысы?/неміс/
«Үш жігіт туралы хикая» атты шығарманы жазған жазушы./Назым Хикмет/
«Атадан қалған тұяқ» әңгімесіндегі Әлеубектің шешесінің аты кім?/Жиһангүл/
«Жарты ат» ертегісіндегі соғыс кімдермен болды?/түріктермен/
«Акула» әңгімесін жазған жазушы кім?/Л. Толстой/
«Ісініп» деген сөзді басқаша қалай айтуға болады?/домбығып/
Артиллерист, зеңбірек, қайық деген сөздер қай мәтінде кездеседі?/Акула/
Кемені суда ұстап тұратын тетік./зәкір/
«Шығыс шынары» кімге арналған мәтін?/Әлия/
2. Слайд арқылы Италия қалалары арқылы мәлімет беру.
3. Ой қозғау. Топтарға тапсырма беру.

«Сәкен Сейфуллин атындағы
№ 2 орта мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар
жалпы білім беретін орта мектеп»
Мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі: Чабденова Н.
Джанни Родари «Ғажайып жаңбыр», «Шоколадтан салынған жол» жүктеу


Джанни Родари ғажайып жаңбыр шоколадтан салынған жол әдебиеттік оқу 4 сынып

© Дереккөзі

To Top