Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Диқан баба аңыз

Әдебиет
Сабақтың атауы: Диқан баба аңыз
Сілтеме: Әдебиет оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы: 1. Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
2. Оқушыларға молшылық туралы мағлұмат беру. Ой ұшқырлығын дамыту.
3. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, іскерлікке, нанды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: саяхат схемасы, аялдамалар суреттері, мақал – мәтелдер жазылған парақтар, бағалау парақтары, интерактивті тақта.
Сабақ түрі: аралас сабақ, саяхат сабақ.
Жалпы мақсаттар
Топқа бөлу 1, 2, 3 цифрлары арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасы Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Бар адамды құрметтеп
Бас иеміз біз.
Мұғалім: Мен оң қолымды жайып, жүрегімнен қуаныш алып сендерге сыйлаймын. Жер бетіндегі ең ақылды ең күшті кім? (адам). Ал сендер де ақылды, күшті, зеректісіңдер.
Ендеше біз өз білімімізге сеніп сабағымызды бастайық.

Қызығушылықты ояту
Кіріспе әңгіме.
Сонау – сонау атам заманда, адам жаңа адам болып келе жатқанда, Аспан ата мен Жер ана «жан бергенге дән беріп», жан біткенді жарылқап, Диқан баба жыл сайын жаңбыр орнына арпа – бидай, қар орнына аппақ ұн жаудырып отырған екен.
Сонан соң егін бейне жердің шөбі сияқты жыл сайын өзі өсіп – өніп, мезгілімен пісіп тұратын болыпты. Ол замандағы ел – жұрт «сенікі – менікі» демей, дайын астықты жинап алып, шетінен жей береді екен.
Бір жылы егін қалың шығыпты да, орасан, аста – төк болып, ішуге ауыз, қоярға жер табылмапты. Мұндай молшылықты көтере алмай, мейманасы тасыған адамдар: «Диқан баба, биылғыдай көп беріп қиқаңдама», — деп, кепиет сөз айтыпты. Көл – көсір астықты аяқасты етіп қорлапты. Бұл оспадарлыққа шамданған Диқан баба үш жыл ұдайы теріс қарап: «Ас қадірін білмесең, ашаршылық берсін жазаңды», — депті де, көктен жаудырғанды қойып, жер бетіне бір түбір дән өсірмей тастапты.
Ашаршылыққа тап болып, тентіреген жұрт Диқан бабаға қайтадан жалынып – жалбарыныпты. Шұбырып алдына барып, аяғына жығылыпты. Жұрттың білместігін кешірген Диқан баба оларды қайта есіркепті. Бірақ бұрынғыдай аспаннан арпа – бидай, ақ ұн жаудырмай, оның орнына жазда жаңбыр, қыста қар жаудырып: «Жауын – шашынның суына өздерің егін егіп, керектеріңе жарайтын қоректеріңді алып отырыңдар», — депті.
Ашаршылық көріп, ас қадірін білген жұрт маңдай терін төгіп, өз қолымен егін еккен екен.
Олар бұрынғыдай ас – азықты төгіп – шашып, «нантептілік» істемейтін, кесірлі – кепиет сөздерді айтпайтын болған екен.

4.«Сандықша» белгісі бар ауыл – сөздерге түсінік.
Сөздікпен жұмыс
Мейманасы тасу – астамшылық жасау.
Кепиет сөз – кесір сөз.
Оспадарлық – көргенсіздік.
Есіркеу – жаны ашу.
Диқан баба аңыз. жүктеу


Диқан баба аңыз ашық сабақ егіншілік диқаншылық дихин баба сабақ жоспары

© Дереккөзі

Tags: Ашық сабақДиқан баба аңыздиқаншылықдихин баба сабақ жоспарыЕгіншілік

Related Posts

Бастауыш сынып

Қос жұлдыз

Бастауыш сынып

Дәрумендер тұрағы – түрлі тағам құрамы

Бастауыш сынып

Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі

Бастауыш сынып

Алып бала 2-сынып

Бастауыш сынып

Дауыссыз К мен Г

Бастауыш сынып

Мұхтар Әуезов «Жетім»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)

Бастауыш сынып

Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

Бастауыш сынып

Тілашар тойы

Бастауыш сынып

Қалмақан Әбдіқадыров Жиб – Жица күресі (Қажымұқан туралы)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021