Connect with us

Бәрі туралы

google aikyn 1200 3

Бастауыш сынып

Дыбыстар қандай болады? | Бастауыш сынып

Дыбыстар қандай болады? | Бастауыш сынып

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы
Жаратылыстану 2 сынып
Сабақ тақырыбы: Дыбыстар қандай болады?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)
2. 5. 3. 1. дыбыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктеу;
2. 1. 1. 1. қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайларды және зерттеушінің тұлғалық қасиеттерін анықтау.

Бағалау критерилері
• дыбыстар қандай болатынын біледі;
• қатты және бәсең дыбыстар қай жерде қажет екенін білетін болады.
Сөздік қор: қатты дыбыс, бәсең дыбыс.
Құндылықтарды дарыту: Ұжымшылдыққа тәрбиелеу, жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарын қалыптастыру.
Пәнаралық байланыстар: Дүниетану, музыка, АКТ сабақтарымен байланыс орнайды.
Алдыңғы меңгерілген білім: Мөлдір денелер және материалдар

Сабақтың басы 5 мин
Ұйымдастыру.
(Ұ) Кел, жаныма тұр, сыныптас.
Өз алақаныңды маған аш.
Міне, менің қолым бос,
Жылуыма жылу қос!

Сабақ ортасы
(Ұ) Сабақты жаңа сабаққа көпір ретінде балалардың қозғалысы туралы өлеңнен бастау. Ойын ойнауды ұсыну.
Қане, бәріміз бейнелеп және айтып көрейік:
– Шегіртке қалай шырылдайды?
– Пойыз қалай жүреді?
– Барабанды ұрғанда қандай дауыс шығады?
– Жылан қалай ысылдайды?
– Шыбын қалай гүжілдейді?
– Маса қалай ызыңдайды?
– Мәшинелер қалай сигнал береді?
– Мысық қалай мияулайды?
– Есек қалай ақырады?
– Бұлардың бәріне ортақ қандай ұқсастық бар?
– дыбыстар
– Осы дыбыстар бізге қалай естіледі?
– Қатты, ақырын немесе бәсең
– Олай болса, бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпқа арналады деп ойлайсыңдар?
ОМ таныстыру.
 Қаттыбәсең дыбыстарды ажыратамыз;
 Қоршаған әлем құбылыстары мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайларды және тұлғалық қасиеттерімізді анықтаймыз.

Ары қарай мынадай сұрақтар қою арқылы 1 – тапсырма орындалады:
– Кімге қандай дыбыс ұнайды? Қандай дыбыстар ұнамайды? Неліктен?
– Кім футбол матчында болды
– Онда, әдетте, қандай дыбыстар шығады?
– Ол жерде қатты айқайлауға бола ма?
– Неліктен айқайлауға болады?
Стадионның суретіне қара. Онда не болып жатыр? Қандай дыбыстарды естуге болады, қане, салып көрейікші?(балалар стадиондағыдай айғайлайды) Бұл дыбыстардың қаттылығы бірдей ме?
– Стадион қандай дыбыс көзіне жатады?
– Стадион, адамдар көп жүретін көше қиылыстары және би алаңдары сияқты дыбыс көздерінен қатты дыбыстар шығады.
Бағалау: өздерін «Мықтымын!» деген смайликпен бағалайды.

(Ж; Қ) – 2 – тапсырма «Бұл қандай дыбыс?» ойыны
– Балалар, біз 1 – сыныптан білеміз дыбыстың қандай түрлері болады?
– табиғи және жасанды
– Олай болса, аудиожазба дыбысын мұқият тыңдайық.

«Табиғат дыбыстары» аудиожазбаларын қосып оқушылардың жауаптарын тыңдау. Олардың қалада және орманда болғанда нені сезінгендерін толық баяндауларына жағдай жасау маңызды.
(2 – ші мақсат осы жерде орындалады)

Табиғатта.
– Сенің ойыңша, табиғат аясы қандай дыбыс көзі болып табылады?

Жұптарға парақ үлестіріледі: бірі – айғайлауға, қатты дыбыс шығаруға болатын орындарды жазады, ал екіншісі – бәсең сөйлеу керек орындарды жазады.
Адам денсаулығына тым қатты дыбыстар зиян. Бәсең сөйлесетін және қатты айқайлауға болатын орындар бар.
Бағалау: жұптар бірін – бірі бағалайды.
Кері байланыс
Сергіту сәті:
«Қатты – бәсең» ойыны. Ойын ережесін түсіндіру. Оқушыларға қандай да бір дыбысты тыңдап, оның қатты немесе бәсең дыбыс екенін табуды ұсыну. Егер сипаттама қатты дыбысқа сәйкес келсе, оқушылар құлағын жабуы керек, ал бәсең дыбыс болса, сұқ саусағын ерніне қойсын. Мысалы, мынадай дыбыстарды таңдату: кітап беттерін парақтау, сағат тықылы, қоңырау үні, балғаның дауысы, өтіп бара жатқан мәшиненің дауысы, ұшақтың гүрілі, жанкүйерлердің шуылы, бұлақтың сылдыры, әтештің айқайы, шылдырмақтың дыбысы, тұяқтың дыбысы, үстелді қаламмен тықылдату және т. б.

(МК; Т; Қ) «Зерттейік».
– Қандай жерлерде бәсең дыбыстар
қажет? Қандай жерлерде қатты дыбыстар қажет?
Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаулар:
(3 топ құрылады)
– Топтағы оқушыларға үлестірмелі парақшалар таратылып беріледі;
– Үлестірмелі парақшаларда көрсетілген орындарға қандай дыбыстарды қолданған орынды екенін анықтайды.
– Жұмысты топ болып талқылайды.
Алынған нәтижені талқылайды.
Бағалау: 1 – топ – бас бармармақ арқылы бағалайды,
2 – топ – отшашу,
3 – топ – шапалақтау арқылы бағалайды.
Кері байланыс

Мектеп: Жеңіс НОМ
Мұғалімнің аты – жөні: Булантаева Г. Р.
Дыбыстар қандай болады? жүктеу
Дыбыстар қандай болады? жүктеу

Дыбыстар қандай болады жаратылыстану 2 сынып табиғат физикасы

© Дереккөзі

To Top