Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Дыбыс және әріп

Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп
Сабақтың мақсаты:
1. Дыбыстар және әріптерді, и, й, у әріптерінің жазылуы туралы алған білім, біліктерін қайталау; Я, Ю дыбыстарының қосарлы дыбыс екенін және жазылуын еске түсіру.
2. Әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу. Сөздік қорын, көру зейінін және есте сақтауын дамыту;
3. Топпен жұмыстар арқылы ұйымшылдыққа, бірін – бірі тыңдай білуге, табиғатты аялауға, үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ой қозғау, түсіндіру
Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі, дүниетану, өзін – өзі тану
Көрнекілігі: семантикалық карта, слайд,

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
490 – жаттығу
 У қандай дыбыс?
Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз дыбыс болады.
Дауыссыз дыбыстан соң сөз басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы дауысты дыбыс болады.
Семантикалық карта

Алдымыздан Аяжан мен Елдос шығып: Балалар, сандардың құпиясы туралы тереңірек білу үшін Білімпаз атайға сандар апара жатқанбыз. Алдымыздан мыстан кемпір шықты да, бір санды ұрлап әкетті Енді соны табуға бара жатырмыз. Көмектесесіңдер ме?
Мыстан кемпір: Әуелі сұрақтарға жауап беріңдер.

Ой қозғау
 Дыбыс дегеніміз не? /Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілеті үн дыбыс деп аталады/
 Әріп дегеніміз не?
/Жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады/
Демек, дыбысты айтамыз және естиміз ал әріпті жазамыз және көреміз.
 Дауыстар нешеге бөлінеді?/Дауысты, дауыссыз/
 Дауысты дыбыс қалай жасалады?
Ауа – өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
 Дауыссыз дыбыс қалай жасалады?
Айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.
 Әріптер жиынтығы қалай аталады?
Алфавит
Ағылшын тілінде қанша әріп бар?
26
Нешеуі дауысты дыбыс? Дауысты дыбыстарды ата.
6 A, E, I, O, U, Y
Нешеуі дауыссыз дыбыс?
20
ІІІ. Мағынаны таныту.
Түсіндіру
ЦБР /электронды оқулық/ №4066 сабақ
Аюда бар
Тиінде жоқ
Оюда бар
Түйінде жоқ (Ю әрпі)
Я, ю әріптері әдетте дыбыстардың қосындысын білдіреді.
Я қандай дыбыс?
Я – қосарлы дауысты дыбыс.
Я әрпі қандай дыбыстардан құралған?
Я әрпі йа дыбыстарынан құралған.
Сөзде йа дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына я әрпі жазылады.
Ю қосарлы, дауысты дыбыс.
– Ю әрпі қандай дыбыстардан құралған?
Сөзде йу дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына ю әрпі жазылады.
Ескерту!
И+у естілуі бойынша кей сөздер солай жазылады. Мысалы: Миуа – өсімдік, кейуана – жасы ұлғайған, кәрі, қарт мағыналарын білдіреді. айуан – жабайы аңдар, хайуан.

ІҮ. Тақтамен жұмыс
Көркем жазу
Ю ю Я я
494 – жаттығу Сөздерді көшіріп жаз.
Аю, оюшы, көркею, пияз, зиян, мия./иу, йа/
• Ю, я әріптері қандай дыбыстардың орнына жұмсалған?

495 – жаттығу
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
Әкем шөп маялады. Көктемде өзен суы молаяды. Ғ – ұяң, дауыссыз дыбыс. Әлия – озат оқушы.
• Я әрпі қай дыбыстардың орнына жазылып тұрғанын айт.
• Я әрпінің алдынан келген дауыстының астын сыз.

Ү.«Мықты болсаң, тауып көр» ойыны
Шарты: Дыбыс саны мен әрпі саны бірдей сөздерді сол бағанға, бірдей еместерді оң бағанға жаз.
Кептер, қия, дала, кітап, аяз, таяқ, жол, сәбіз, қоян, шаян, балық, ою, қию.
496 – жаттығу
Қай сөздерге у әрпін қосқанда ю болады? Сол сөздерді көшіріп жаз.
Жию, түс, кию, ұмтыл, үю, қою, жаю, талпын.
Ескерту!
Сөздегі и әрпінен соң у жазылмайды, ю жазылады: кию, қию, жию

ҮІ. Топтық жұмыс
1 топ Криптограмма. ҚАЗАҚСТАН
Мұнда топқа криптограмма беріледі. Берілген топ өздеріне ең көп сөз тауып жазады.

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы,
№ 132 орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Төлеутаева Аягөз Серікбайқызы
Дыбыс және әріп жүктеу
Дыбыс және әріп слайдты жүктеу


Дыбыс және әріп и й у әріптерінің жазылуы я ю дыбыстары қосарлы дыбыстар

© Дереккөзі

To Top