Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Дәрумендер – денсаулық кепілі

Білім беру саласы: «Қатынас», «Денсаулық», «Шығармашылық», «Таным», «Әлеуметтік орта»,
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу. Тіл дамыту.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: Дәрумендер – денсаулық кепілі
Мақсаты: Балаларға дәрумендер және оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында түсінік беру, логикалық ой – өрісін тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру. Баланың ой қиялын, зейінін, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын жетілдіру. Жемістер мен көкөністердің пайдасын білуге, табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: көкөністер, жемістердің суреттері,
Әдіс – тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру. Дәрумендердің келуі. Жұмбақтар шешу, мақал – мәтелдер айту,

Шаттық шеңбері:
Шуағын шашады,
Күн шықса жиектен.
Жылу алып нұрынан
Денсаулықты түлеткем,
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
– Балалар, осы жақсы көңіл – күймен бүгінгі ұйымдастырылған іс – әрекетімізді бастаймыз. Бүгінгі жаңа ұйымдастырылған іс – әрекетімізде дәрумендердің денсаулығымызға деген пайдасын білетін боламыз. Дәрумендер – дегеніміз не? Орысшасы қалай аталады? Дәрумен – Витамин. Дұрыс айтасыңдар, адамның дені сау болып, ширақ та, сергек болып жүру үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Адам ағзасына әртүрлі қоректік заттар мен дәрумендер қажет.
Біздің күнделікті ішіп жүрген тамағымыз жайлы Қасиет тақпақ айтып береді.
Тамақты ішсең күнде сен,
Белгілі бір мезгілде,
Таңертең, түс, түстен соң,
Жатар алды кезінде,
Біз тамақты күніне неше мезгіл ішуіміз керек екен? Төрт мезгіл. Таңертең, түс, түстен соң және де жатар алды кезінде. Дұрыс.
Біздің күнделікті тағамдарымыздың ішінде әртүрлі дәрумендер бар. Сол дәрумендердің бірнешеуін қонаққа шақырып қойдым. (Осы кезде есік қағылып дәрумендер қонаққа келеді).
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе, дәрумендер!
Мен «А» дәруменімін. Мен асқабақта, өрікте, қызанақта, салатта, сендер күнде ішіп жүрген айранда боламын. Мені күнде өз тағамдарында қолданған балалардың көздері жақсы көретін болады. Бойларына күш қуат беремін. (Мадина)
Ал мен, «В» дәруменімін. Мен балықта, картопта, асбұршақта, сиыр етінде, жаңғақта, нан өнімдерінде боламын. «В» дәруменін қолданған баланың ішкі құрылыстары, жүйке жолдары, қан айналымдары күшейіп, жақсы жүгіретін болады. (Альфия)
Мен «Д» дәруменімін. Мен жұмыртқада, балықтың майында, сүт тағамдарында, яғни ірімшікте, қаймақта боламын. Мені қолданған баланың сүйегі мықты болады. Қалай иілсеңдер де, сүйектерін мықты болып өседі. (Санжар)
Мен «С» дәруменімін. Мен орамжапырақта, алмада, лимонда, апельсинде, алмұртта боламын. Мені жеп өскен бала мықты, батыр болады. Ешқандай микробтар жоламайды. Балалар, біз сендерге өте қажетпіз. Денсаулықтарың мықты болып өсу үшін бізбен дос болыңдар. (Ариза)
Дәрумендер бәрі бірге айтады: сендер біз туралы не білесіңдер?
Біздің балалар дәрумендер туралы тақпақ біледі.
Балалардың тақпақтары:
Дәруменъхххдер тірегің,
АВСДЕ деп аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
А – сы қажет көзіңе,
В – сы қажет жүйкеге
С – дан микроб безінер,
Д – сүйекті нығайтар,
А – болады асқабақта,
Өрік, айран, салатта,
В – балық, картоп, асқабақ,
Сиыр еті жаңғақта,
С – апельсин, алмұртта,
Д – балық майында,
Е – қарақаттан табылар.

Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге тапсырма алып келдім. Тапсырманың аты «Бөліктерді құрастыр». Балалар, тақтада бір жеміс жасырулы тұр. Ол жеміс екіге бөлінген, сол бөліктердің ішіндегі тапсырмаға жауап берсеңдер, бөлік ашылатын болады. Сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар бөліктердің қандай жеміс екенін білетін боламыз.
Жұмбақ шешу. І – ші бөліктегі тапсырма
Бұйра шашы желменен ойнап тұрады,
Қызыл мұрны жерге бойлап тұрады. (Сәбіз).

Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз).

Аласа талда алуан алма,
Ал қызыл болмай аузыңа салма (Қызанақ).

Қараңдаршы, балалар, сендер жұмбақты дұрыс шешкен соң жасырылған жемістің бір бөлігі ашылды.
Дәрумендер – денсаулық кепілі жүктеу


Дәрумендер витаминдер денсаулық дәрумендер денсаулық кепілі

© Дереккөзі

To Top