Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Екі бала И. А. Крылов А. Байтұрсынұлы

Әдебиеттік оқу 4 сынып
Панорамалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Екі бала И. А. Крылов А. Байтұрсынұлы
Сабақтың мақсаты: 1. Мысал авторлары туралы мәлімет беру, мысалмен таныстыру арқылы идеяны анықтай білуге мүмкіндік туғызу
2. Топпен жұмыс жасай білу қабілеттерін арттыра отырып, сыни тұрғыдан ойлау, болған жайды бағалай білуге, баға бере білуге үйрету
3. Достық қадірін түсінуге, қадір тұта білуге жамандық пен жақсылық ара жігін ажырата білуге баулу
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сто стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: Мысал автор суреттері, мақал – мәтелдер, сюжетті суреттер
таратпалар, маркерь, плакат
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, музыка

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сыныпты 4 топқа бөлу
Сыныптың ережесін еске түсіру
1. Тыңдай білу
2. Сөзді бөлмеу
3. Белсенділік
4. Шығармашылық
5. Сыйластық
6. Бірігіп жұмыс істеу
7. Әдептілік
Сыныптың ережесін сақтау керектігін ескерту

ΙΙ. Үй жұмысын сұрау, бағалау
– Үйге қандай тапсырма берілді?
-«Біреуге ор қазба – өзің түсерсің»ертегісін түсініп оқу, мазмұндау
– И. А Крылов туралы біліп келу
– А. Байтұрсынұлы туралы біліп келу
1 – топ Баланың өмірі
2 – топ Байдың баланы орға тастауы
3 – топ Жігіттің аман қалуы
4 – топ Байдың орға түсуі
Ертегінің негізгі ойын анықтау
– Жолдасыңа, досыңа жамандық жасамау керектігін өзіне жамандық болып қайтатынын түсіну
Олай болса, дос сөзіне топтастыру жасайық
Дос
↓
Адал дос
нағыз дос
Мәңгілік дос
шынайы дос

Әр топ өздері қалап алған топ аты туралы түсінік беру
Қосымша тағы тапсырма туралы сұрайық
1 – топ И. А. Крылов
2 – топ А. Байтұрсынұлы кім?
3 – топ И. А. Крыловтың шығармасын тағы кімдер аударған?
4 – топ А. Байтұрсынұлы Крылов шығармаларын аударып қандай кітап шығарған?

ΙΙΙ. Жаңа сабақ
Олай болса, бүгін И. А. Крылов шығармасын аударған А. Байтұрсынұлы «Екі бала»
мысалын өтеміз.
1. Мағынаны тану
1 – топ 1, 2 шумағын оқып, мазмұндау
2 – топ 3. 4 шумағын оқу
3 – топ 5, 6 шумағын оқу
4 – топ 7, 8 шумағын оқу
2. Сұрақтар арқылы пысықтау Әр топ бір – біріне қарама – қарсы сұрақ қою.
3. Танымдық сұрақтар
1 – топ Мысал дегеніміз не?
2 – топ Федияға қандай бала?
3 – топ Жақсымен жүрсең, пейіш,
Жаманмен жүрсең, кейіш мақал мағынасын қалай түсінесің?
4 – топ Осы мысалды оқығанда қандай сезім пайда болды?

ΙV. Сөздік жұмыс
Кейіс – біреуге ренжу, қынжылу, налу
Пейіш – Керемет, ғажап, рақат

V. Сергіту сәті
Қызыл өрік

VΙ. Дәптермен жұмыс
1 – топ «Жаман дос көлеңке» мақалдың мағынасын ашып жаз.
2 – топ Федияға қандай ақыл – кеңес айтар едің? Хат жаз.
3 – топ Достық тақырыбына шағын әңгіме жаз.
4 – топ Достық тақырыбында өлең жаз.

VΙΙ. Сабақты қорытындылау
1 – топ А. Байтұрсынұлы бес жолды өлең құрастыру
2 – топ Крылов кім топтастыру
3 – топ Мысалдың негізгі ойды анықтау
4 – топ Достық дегеніміз не?

VΙΙΙ. Бағалау
Баланың көңіл – күйімен бағалау

ΙХ. Үйге тапсырма
1. Мысалды мәнерлеп оқу, мазмұндау
2. «Менің досым»тақырыбына әңгіме жазу
Х. Хор «Дос болайық бәріміз»


Екі бала Крылов Ахмет Байтұрсынұлы мысал панорамалық сабақ

© Дереккөзі

Tags: Ахмет БайтұрсынұлыЕкі балаКрыловмысалпанорамалық сабақ

Related Posts

Бастауыш сынып

Қос жұлдыз

Бастауыш сынып

Дәрумендер тұрағы – түрлі тағам құрамы

Бастауыш сынып

Алып бала 2-сынып

Бастауыш сынып

Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі

Бастауыш сынып

Дауыссыз К мен Г

Бастауыш сынып

Мұхтар Әуезов «Жетім»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)

Бастауыш сынып

Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

Бастауыш сынып

Тілашар тойы

Бастауыш сынып

Қалмақан Әбдіқадыров Жиб – Жица күресі (Қажымұқан туралы)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021