Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру. 100 саны

МАТЕМАТИКА 2 – сынып
Тақырыбы: Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру. 100 саны

Сабақтың мақсаты: 1) Екі иаңбалы сандарды ондықтармен және бірліктермен санау арқылы шығарып алуға машықтандыру; Екі таңбалы сандарды оқу мен жазудың ерекшеліктерімен таныстыру, қатардағы орнына және ретіне қарай салыстыру, олардың ондықтар мен бірліктерден тұратынын аңғарту;
2) бір амалмен шығарылатын есептерді пысықтау, кестелік қосу мен
азайтуды және сәйкес ондықтарды қосу мен азайтуды қайталау;
3) іскерлікке баулу

Көрнекілік: интертақта слайдтары, әр түсті жолақшалар, сызбалар, кесте, цифрлар.
Әдісі: сұрақ – жауап, көрнекілік, топтық жұмыс, ойын.
Түрі: аралас сабақ.

Сабақ жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық бетбұрыс
– Балалар, математика пәнінде оқушылар не істейді?
Жауаптары: санайды, қосады, азайтады, өлшейді.
– Дұрыс, ал адамдар нені санайды?
Нені өлшейді?
Нені қосады?
Нені азайтады?
Жауаптары: ақшаны, заттарды, дүкендегі заттарды, айлар мен жылдарды, т. б.
– Барлық мамандардың иелеріне санау, есептеу керек пе? (Ие)
– ендеше біз де бүгін тез, дұрыс, шапшаң санауды бастайық.

ІІ. Жаңа сабақ.
1) Интертақтадағы слайд
– Суретте неше жолақша бар?
– Әр жолақша неше шаршыдан құрастырылған?
– Он шаршыдан он рет алсақ, барлығы қанша болды? (100)
– Дұрыс, бұл бір жүздікті білдіреді
– Жүз саны былай жазылады: 100

2)
– Жасыл жолақша нешеу? (1 ондық)
– Суретте неше көк шаршы бар? ( 4)
– Барлығы неше шаршы бар? (14) Былай жазылады. (тақтада көрсету) Бұл – екі таңбалы сан.

– Жасыл жолақша нешеу? (1 ондық)
– Көк шаршылар нешеу? (6)
– Барлығы неше шаршы бар? (16 ) Бұл былай жазылады ( тақтада көрсету) Бұл да екі таңбалы сан.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.
1) Көркем жазу сәті
– Екі таңбалы сандар мен 100 – ді әдемілеп жазамыз
14 14 14 14
16 16 16 16
100 100 100

2)№2. 6 бет (Интертақтадағы өрнектерді екі оқушы тақтада, қалғандары дәптерде орындайды)
І – топ: ——————————– ІІ – топ:
18 = 1онд. 8бірл. ——————– 4 онд. 5 бірл. =45
24= 2онд. 4 бірл. ——————– 6 онд. 1 бірл. = 61
37= 3онд. 7бірл. ——————— 8 онд. 3 бірл. =83
(жауабын тексеру)

ІҮ. Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір
Сағаттың тіліндей иіліп солға бір
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай – ақ. 1, 2, 3 – отырамыз тып – тыныш.

Ү. Слайдпен жұмыс:
– Кестедегі жазуды оқып беріңдер.

ҮІ. Есеп № 4. 7 бет.
Дулат – 10 дәптер ———————- Самат – 7 дәптер
Самат -?, 3 дәптер кем —————- Дулат -?, 3 дәптер артық
Ш: 10 – 3 =7 —————————– Ш. 7+ 3 = 10
Ж: 7 дәптер —————————— Ж: 10 дәптер

ҮІІ. Шығармашылық тапсырма.
1 – тапсырма:
2 доңғалақты – 3
3 доңғалақты – 1
Ш: 2+2+2+3 =9
2 – тапсырма: Шаршының 4 бұрышы бар. Бір бұрышын қиып тастасаң, қанша бұрыш
қалады?

ҮІІ. Сабақты қорыту: Не үйрендік? ( Ондықтармен 100 – ге дейін санайық.)
Не білдік? ( Ондықтар мен бірліктеріне ажырат: 19, 24, 45, 31.)
ІХ. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Математика 2 сынып ашық сабақ екі таңбалы сандарды оқу жазу жүз саны

© Дереккөзі

To Top