Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Есеп

Сабақ тақырыбы: «Есеп»

Сабақ мақсаты: 1. «Есеп» терминін енгізіп, оның құрамдас бөліктері туралы түсінік қалыптастыру, есеп шығаруға үйрету.
2. Балалардың ой – өрісін, ойлау, салыстыру қабілеттерін жетілдіру.
3. Сақтыққа, ұқыптылыққа, бірлікке баулу.
Сабақ көрнекілігі: кеспе цифрлар, амал таңбалары, плакат, суреттер.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Балаларды сабаққа дайындап алу.

ІІ. Өткенді қайталау
1. Сандар қатары
Балалар кеспе цифрларды ұстап, сандар қатарын құрады, бұйрықтар орындайды (дене тәрбиесі сабағымен байланыстыру):
– Сандар, сапқа тұр!
– Сандар, тура санал!
– Сандар, кері санал!
– 5 санынан кейінгі сандар, алға шық!
– 3 санының көршілері, алға шық!

2. Сандар құрамы
«Үйшігіне орналастыр» ойыны.
(4, 5, 6 сандарының құрамын анықтау)

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Кіріспе.
2. Мұғалімнің түсіндірмесі.
Тақтадағы шыршаға қима шарларды ілу арқылы №1 есепті талдау, түсіндіру.
Арман шыршаға 3 жасыл әшекей шар, ал Рахима 2 сары әшекей шар ілді. Олар барлығы неше әшекей шар ілді?
(Арман мен Рахима шыршаға шарларды іледі).
– Балалар, бұл – есеп.
Есептің шартын құрайық:
Арман – 3 шар 000
Рахима – 2 шар 00
Сұрағын анықтап көрсету:
Барлық шар нешеу -?
Шешуін табайық: 3+2=5 (ш.)
Жауабы: Барлығы 5 шар ілінді.
– Балалар, көріп отырғанымыздай, есептің құрамдас бөліктері болады. Оларды атайық:
Шарты
Сұрағы
Шешуі
Жауабы
(плакаттан көрсету)

IV. Сергіту «Кім жылдам?» (эстафеталық ойын)
Балалар қатар бойынша 3 топқа бөлініп, тақтадағы мысалдарды кезекпен орындап жарысады. Жылдам әрі дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.

5+5= ————- 10 – 0= ———— 3+3=
2+1= ————- 0+1= ————– 3 – 3=
3 – 0= ———— 6 – 3= ————– 4+1=
5+2= ————- 5 – 2= ————– 7 – 5=
10 – 3= ———- 8+2=

V. 2 – жаттығуды тақтада орындау.
3 3 – 1
5 > 3+1
5 > 3 – 2
5 > 3 – 3

VІІІ. Қорытындылау
Не істедік? Нені үйрендік?
ІХ. Сабаққа белсенді қатысқан балаларды атап көрсетіп, мадақтау.
Х. Үйге тапсырма беру: 3 – жаттығу.


Есеп жайлы бастауыш математикадан сабақ жоспары

© Дереккөзі

To Top