Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Еңбек – ер атандырады

Тақырыбы: Еңбек – ер атандырады.
Мақсаты: Еңбектің түрлерін, еңбек етуге, еңбектің наны тәтті екенін түсіндіру.
Мұғалім
Бақыты асқан патшадан,
Миымен асқан қара артық.
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық
Оқушы
Жайнатар кең өлкені,
Болашақтың ертеңі.
Біз бақытты баламыз,
Ата – ананың өркені.

Еңбек туралы альбомдар және суреттер көрсетіледі.
Еңбек туралы тақпақтар;
Қарамай уақытына қиынына,
Қарамай уақыттың құйынына,
Ертеңге бара жатыр еңбек енді.
Жер шарын салып алып иығына.

Біледі оны терлеп көрген,
Терлесең кетер онда кернеп кеудең.
Адам мен бірге туып басталады,
Ол талаптану, ұмтылу, еңбектенуден.

Еріншектен ер шықпайды,
Ешқашан,
Өйткені,
Еңбек етпей тер шықпайды.
Жалқау болсаң жасыңнан,
Ұйқы қалмас қасыңнан.
Еңбек сүйсең табылар,
Бар жақсылық қасыңнан.

Бұлақ ақса – көл тоқ,
Көк шөп өссе – төл тоқ.
Қос білегін сыбанып,
Еңбек етсе – ер тоқ.

Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.

Көрініс: Еңбекпен тапқан тиын.
Автор: Жұлдыз Әкесі: Райымбек Анасы: Айдана Баласы: Жарас
Еңбек түрлері
Ақыл ой еңбегі иелері: оқушы, мұғалім, дәрігер, жазушы, ақын, жырау.
Дене еңбегі иелері: егінші, малшы, шахтер, кенші, спортсмен.
Еңбек туралы мақал – мәтелдер.

Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар,
Диқан еккенін жейді
Жылқы тепкенін жейді.
Еңбегің сайлы болса,
Жегенің майлы болар.
Маңдайы терлемегеннің,
Қазаны қайнамайды.

Еңбек адамды бүтіндейді,
Жалқаулық түтіп жейді.
Еңбек өмірді ұзартады,
Ұят бетті қызартады
Еңбек ширатады,
Өмір үйретеді.
Еңбек деген байлық бар,
Ерінбеген жететін.
Би: Қамажай
Еңбек – ер атандырады. жүктеу


еңбектің наны тәтті еңбек түбі береке еңбек ету тақырыбына ашық сабақ

© Дереккөзі

Tags: еңбек ету тақырыбына ашық сабақЕңбек түбі - берекееңбектің наны тәтті

Related Posts

Бастауыш сынып

Қос жұлдыз

Бастауыш сынып

Дәрумендер тұрағы – түрлі тағам құрамы

Бастауыш сынып

Алып бала 2-сынып

Бастауыш сынып

Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі

Бастауыш сынып

Дауыссыз К мен Г

Бастауыш сынып

Мұхтар Әуезов «Жетім»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)

Бастауыш сынып

Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

Бастауыш сынып

Тілашар тойы

Бастауыш сынып

Қалмақан Әбдіқадыров Жиб – Жица күресі (Қажымұқан туралы)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021