Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Жазда (өлең) | Бастауыш сынып

Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жазда» (өлең)
Мақсаты: жыл мезгілдері жайлы ойларын кеңейту, жайқалған жаз, жеміс – жидек туралы түсінік бере отырып, сөздік қорларын байыту. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жыл мезгілдері бейнеленген суреттер, хрестоматия, жемістер, көкөністердің суреті.
Сөздік жұмыс: жаз, көбелек
Билингвалды компонент: жаз – лето, көбелек – бабочка

Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Көбелек – ау, көбелек,
Әдемісің керемет.
Гүлге келіп қона ғой,
Өзің де гүл бола ғой

Ұйымдастырушылық – ізденістік
Кіріспе әңгіме.
– Балалар, біз қандай жыл мезгілдерін білеміз?
– Ендеше, балалар, бүгін осы жыл мезгілдерінің ішінен жаз мезгіліне тоқталамыз.
– Жаз мезгілі сендерге ұнай ма?
– Жазда не піседі?
– Жаздың қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
– Қазір мен сендерге ақын Несіпбек Айтовтың «Жаз» өлеңін беремін:
Жазым келді жарқылдап,
Қазым келді қаңқылдап.
Гүлге қонды көбелек,
Қос қанаты қалтылдап.
Сүйіп күннің шапағын,
Тау шешті ақ шапағын.
Күлтеленді қурайлар,
Төгіп бұйра шашағын.
Көкке қызыл – жасылды
Кемпірқосақ асылды.
Жарлауытты жағаны
Жапырақтар жасырды.

Сұрақ – жауап.
– Өлең ұнады ма?
Релаксация:
– Балалар, көзімізді жұмып тынығайық. Жаз мезгілін көз алдымызға елестетейік: күн ыстық, суға шомылып, денемізді бос ұстап, жағалауға шығып жатырмыз, су сылдыры құлағымызға жағып, күн шуағы денені жылытады, аяғымызды ыстық құм қыздырып барады. Ал енді көзімізді ашсақ та болады.
– Енді, балалар, көзіміз жұмылғанда нені көрдік, қандай әсер алдыңдар?
– Суда шомылғанды ұнатасыңдар ма?
Жазда (өлең). жүктеу


Жаз туралы өлең жаз өлең табиғат табиғатты аялау жыл мезгілдері

© Дереккөзі

To Top