Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Жануарлардың тіршілік ортасы

Абсалямова Д. М.
Дүниетану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасы.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Жануарлар туралы алған білімдерін топтарға бөліп, үй жануарлары мен жабайы аң, құстардың тіршілігіндегі өзгерістерді ерекшеліктерді танып білу дағдыларын дамыту.
Дамытушылығы: Орманда өмір сүретін аңдар әлемін танып, жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасына көз жеткізу.
Тәрбиелігі: Табиғатты аялауға, жануарларды қорғауға, қамқорлыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Жұмбақ шешу
Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ – тоқ – тоқ соғады.
Ол не? (тоқылдақ)
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (қоян)
Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақ. Жануарлардың тіршілік ортасы Мекен ортасына бейімділігі.
Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі ортада – суда, құрлықта, топырақ арасында тіршілік етеді. Қай орта болсын ондағы өлі, тірі табиғаттың жағдайлары бар жерлерде мекендейді. Осы жануарлардың барлығы да әр түрлі ортада тіршілік етеді.
Оқулықпен жұмыс.
Мысалы, камбала деген балық теңізде тіршілік етеді. Ол өзіне қажетті қоректі теңіз түбінен ғана табады, сондықтан ол су түбінен көтерілмейді.
Аузы үлкен, бүйір сызығы түзу
Денесінің ұзындығы 5 метр
Салмағы 300 кг
Көзі денесінің бір жағында болады.
Тиін – құрлықта мекен етуге бейімделген. Бірақ ол құрлықтың кез келген жерінде, ағаш жоқ, жазық жерді таңдамайды. Тек өзіне бүр, саңырауқұлақ сияқты қорек табылатын ағаштарды тіршілік етеді.
Мысалы, ұзын мойынды құстар ( қаз, аққу, үйрек ) судан қорек тауып жеуге машықтанған. Аяқтарындағы бармақ арасындағы жалғасып тұрған тері суда жақсы жүзуге көмектеседі. Ұзын да жалпақ тұмсығы аулаған азығын ұстап жеуге қолайлы. Сонымен жануарлар өздеріне қолайлы жерде тіршілік етуін мекен ортасы деп атайды.

Суретпен жұмыс. Жануарларды мекен ету ортасына қарай біріктіріңдер.
Бекіту.
Тест тапсырмалары:
1. Сүтқоректілерге қайсысы жатады?
А) Балық, құс
Ә) сиыр, бұғы
2. Жыртқыш аңды тап
А) Арқар, құлан, түйе
Ә) Қасқыр, түлкі, аю
3. Тиін немен қоректенеді?
А) Бидай, арпа, сұлы
Ә) Саңырауқұлақ, жаңғақ
4. Балықтар қайда тіршілік етеді?
А) суда
Ә) орманда
5. Бауырмен жорғалаушылар қайсы?
А) жылан, кесіртке
Ә) Қоңыз, көбелек
6. Бақа жануардың қай түріне жатады?
А) қосмекенді
Ә) Бауырмен жорғалаушы
Жауаптары: 1 – ә; 2 – ә; 3 – ә; 4 – а; 5 – а; 6 – а.
Бағалау.
Қатесіз – 5
1 – қате – 4
2 қате – 3

Қорытынды.
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Несімен ұнады?
Не білдіңдер?

Үйге тапсырма:
Табиғат, Ана құшағын саялайық,
Қорғау үшін күш – жігер аямайық.
Ол болмаса, сен жоқсың, осыны ұқ.
Адамзат! Табиғатты аялайық!


Жануарлардың тіршілік ортасы үй жануарлары жабайы жануарлар жабайы аңдар дүниетану

© Дереккөзі

Tags: дүниетанужабайы аңдаржабайы жануарларЖануарлардың тіршілік ортасыҮй жануарлары

Related Posts

Бастауыш сынып

Земля моя, ты будешь раем! Закрепление

Бастауыш сынып

Сложение и вычитание числа 5

Бастауыш сынып

Cу – тіршілік негізі

Бастауыш сынып

Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)

Бастауыш сынып

Әбдірахман Асылбеков «Үйрену»

Бастауыш сынып

Бастауыш сыныптарда білім беру қызметін психологиялық саралаумен қамтамасыз ету

Бастауыш сынып

Тиін туралы

Бастауыш сынып

8 санын қосу және азайту

Бастауыш сынып

Сіздің балаңыз – ертеңгі оқушы

Бастауыш сынып

Оспанхан Әубәкіров «Ара мен Шыбын»

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021