Бастауыш сынып
Жануарлар әлемінің алуан түрлігі
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы,
№2 Аманқарағай орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Туребекова Л. М.
2 – сынып
Тақырыбы: Жануарлар әлемінің алуан түрлігі
Сабақтың мақсаты:
1. оқушыларды жануарлар әлемінің алуан түрлігімен таныстыру, олардың қандай топқа жататындығын анықтай білуге үйрету.
2. оқушылардың ой – қиялын, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын молайту.
3. оқушыларды жануарларды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап, баяндау.
Көрнекілік: икт (сызба, жануарлар, құстар, жәндіктер суреттері)
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу
2. Орман әуенін тыңдау(аңдар, құстар әндері)
– Балалар бұл нелердің дауыстары?
– Табиғат деген не?
– Табиғат нешеге бөлінеді?
Табиғат
↓
Жанды → адамдар, өсімдіктер, жануарлар
Жансыз → тау – тас өзен, көл, су, аспан, күн
3. жаңа сабақ: Бүгін біз жануарлардың алуан түрлігімен танысамыз
Жануарлар
↓
Жәндіктер
Аңдар
Балықтар
Қосмекенділер
Бауырмен жорғалаушылар
Үлестірмелі қағаз (конвертте)
Тапсырма: жануарлардың тобын көрсетіп жазу (орындап болған соң 1 – 2 бала тақтаға шығып жазады, басқа оқушылар өз жұмыстарын тексереді)
Жануарлар қоректенуі бойынша да бірнеше топқа бөлінеді
Жануарлар
↓
Қорек талғамайтындар
Жыртқыштар
Шөп қоректілер
4. оқулықпен жұмыс.
А). 1 – ші бөлігі оқылады (шөп қоректілер туралы мәлімет алады)
Ә) 2 – ші бөлігі оқылады (жыртқыш жануарлар туралы мәлімет алады)
Б) 3 – ші бөлігі оқылады(талғаусыз қоректілер туралы мәлімет алады)
5. Сергіту сәті: «Ұзын құлақ сұр қоян»
6. Үлестірмелі қағаз (конвертте)
Тапсырма: жануарларды қоректенуі бойынша топқа бөліп жазу(орындап болған соң 1 – 2 бала тақтаға шығып жазады, басқа оқушылар өз жұмыстарын тексереді)
Ой – қозғау: – Өздеріңді бір жануар ретінде елестетіп көріңдер,
– неліктен осы жануарды таңдадың?
7. Сабақты қорыту: экологиялық ереже құрастыру сурет бойынша
« Табиғатты қорғау парыз,
Қорғау үшін сүю парыз,
Табиғатсыз адамдардың, күні жоқ.
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ».
дегендей табиғатты аялап, қорғап жүріңдер
8. Үй тапсырмасы: 54 – бет оқу,
1 – топ: жануарлар жайлы 5 – жолды өлең шығару
2 – топ: жұмбақ құрастыру
3 – топ: эссе жазу
Бағалау.
Толық нұсқасын жүктеу
Жануарлар әлемі табиғат жанды жансыз жәндіктер аңдар балықтар қосмекенділер бауырмен жорғалаушылар
© Дереккөзі
