Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі | Бастауыш сынып

Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жануарлар әлемінің алуан түрлері мен маңызын таныстыру
Сабақтың міндеттері: 1. Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі туралы теориялық білім беру.
2. Оқушылардың ақыл ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау. Тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.. Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1. Жануарлар әлемі туралы түсінік қалыптасады.
2. Алған білімдерін өмірде қолданады.
3. Ізденімпаздығы мен АКТ – ны пайдалану құзіреті артады.
4. Жануарлардың түрлерін ажырата алады.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдіс – тәсілі: диалогтық сұрақ – жауап, топтық жұмыс, ішіне сыртына, сәйкестендіру кестесі.
7модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелі тапсырмалар, жануарлар суреті.

Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық ахуал қалыптастыру
Табиғат – біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.

Жемістер арқылы топқа бөлу
І топ «Шөпқоректілер»
ІІ топ «Жыртқыштар»
ІІІ топ «Талғаусыз қоректілер»
1топ. Өсімдік шаруашылығы жайлы айту.
2топ. Жеміс – жидектер жайлы айту.
3топ. Бақша өсімдіктері жайлы айту.

1. Блинц сұрақтар
Жемістердің артындағы сұрақтарға жауап беру
– Ауылшаруашылығы деген не?
– Қандай өсімдіктерден жарма мен ұн алады?
– Күріштің өсуіне қандай жағдай керек?
– Сенің жеріңде қандай жеміс – жидектер өсіріледі?
2,«Сәйкестендіру кестесі» толтыру
Жануарлар әлемінің алуан түрлілігі. жүктеу


Жануарлар әлемі жануарлар әлемінің алуан түрлілігі дүниетану табиғатты қорғау табиғатты аялау

© Дереккөзі

To Top