Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Жаным толған жақсылық

Тақырыбы: Жаным толған жақсылық
Мақсатым: Оқушыларға жақсылық жасаудың адами қарым – қатынастағы мәнділігін түсіндіру; достық қарым – қатынаста болып үлкенді сыйлау, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту; бір – бірімен шынайы достықта қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

І. Ұйымдастыру бөлімі: (тәрбие сағатын бастамас бұрын амандасу) Үлкенге де «Сіз» Кішіге де «Сіз». Бар адамға құрметпен, Бас иеміз біз.
ІІ. Психологиялық дайындық
Күн жарығын алақанға саламын, Ізгі нәзік, жарық, мейірімді,
Жүрегіме басып ұстай қаламын. Болып кетер сонда дереу жан – жағым

Мұғалім: Сыйлық жүрекшелер тарату. Жүрекшелерде есептің мәні және дыбыстар жазылған. Есептің мәнін орындап, сандардың өсу ретімен тұрады. Сол кезде тәрбие сағатының тақырыбы «ЖАНЫМ ТОЛҒАН ЖАҚСЫЛЫҚ» деген жазу оқушылардың жүрекшелеріндегі дыбыстардан құралып шығады. Әрі қарай, сол дыбыстармен (дауысты, дауыссыз) екі топқа бөлінеді.

І – топ: «Адамгершілік» ІІ – топ: «Мейірімділік» (екі топ топ атауына байланысты түсінік беріледі)

Әрі қарай, мұғалім «Адамгершілік» пен «Мейірімділік» атауына түсінікті толықтыру арқылы жұмбақ жасырады. «Осы жақсылықтың барлығын адам бойынан бір сөзбен айтқанда ең бастысы не болуы керек білгілерің келе ме?» деп (слайдпен) ребусты шештіреді. Ребустен: «ҚАСИЕТ» сөзі шығады. Мұғалім қасие түрлері (жақсы қасиет, жаман қасиет) туралы түсінік беріледі.

ІІІ. Ой шақыру
Ұлы Абай атамыз жырлағандай «Адам болам десеңіз» өлеңін оқу арқылы адам бойындағы қасиеттерді ашып айту.

Мұғалім: Мен Абай атамыздың қатарына елбасымыз Әбішұлы Нұрсұлтан ағамызды қояр едім. Неге деп ойлайсыздар…
Өйткені, елбасымыз жүректі адам. Жұдырықтай жүрегіне барлық елдің қамын жеп, жағдайларын жасап, тілегі елінің үстінде…
Сіздер кімді қояр едіңіздер…? ( оқушылардың жауабы: ата ана, ұстаз, ат – әже туыс бауыр болды. Таңдауының себебін, өз бетімен ойларына дәлелдерін келтірді)

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай – ақ ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

ІV. Шығармашылық жұмыс. «Жақсылық атаулының үлгісі» ( 2 мин бейнеролик көрсету )

«Тіл – жүректің үні ғана емес, ұлттық рухтың абыройы мен болмысы. Елімізде қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі жаһандық экономика тілі болып саналады» деп елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында «Үш тұғырлы тілді білу – баянды болашақтың кепілі» дегендей, келесі бөлімде ана тіліміздің абройын асырып, мәртебесін үш тілде дамыту мақсатында

«Ойлан, тап» әдісін орындасақ.
«Жақсылық» тақырыбында қазақ тіліндегі нұсқасын (слайдтан) хормен оқыту. Әрі қарай, конвертте салынған үлгіде І – топқа орыс тілінде, ІІ – топқа ағылшын тілінде тілде төрт жол өлеңді кеспе сөздіктерден құраттым.

V. Рефлексия “Жақсылық тамшысы” өмірге риза болып, алғыс айту (бастапқыда берілген жүрекшелерді дәл ортасынан бөліп, тамшыға айналдыру. Сол тамшыларға кері байланыста тілек жазып, тақтаға жапсыру)

Мұғалім: Көптің тілегі – көл. Балалар, өмірде осы тамшылардай жан дүниесі жақсылыққа толы, мейірімді, жылы жүзді, жүректі, сыпайы адамдар тамшылардай көп болса, өмір сүру қандай керемет болар еді!!! Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рақмет деп алғыс білдіреді.
Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.

VІ. ҚОРЫТЫНДЫ.

Ендеше, бүгінгі таңдаған тақырыбымызға сай, «ЖАНЫМЫЗ ТОЛҒАН ЖАҚСЫЛЫҚ» болсын!!! Өмірді сүйіп, жақсылықты бағалайық!!!
Назарларыңызға рахмет!

Атырау обл, Мақат ауданы, Мақат поселкесі
Хамза Санбаев атындағы орта мектебінің
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Мансариева Нургуль Темирбаевна

Жаным толған жақсылық. жүктеу


Жаным толған жақсылық өзін өзі тану жақсылық жасау достық қарым қатынас

© Дереккөзі

Tags: достық қарым қатынасжақсылық жасауЖаным толған жақсылықөзін өзі тану

Related Posts

Бастауыш сынып

Қос жұлдыз

Бастауыш сынып

Дәрумендер тұрағы – түрлі тағам құрамы

Бастауыш сынып

Алып бала 2-сынып

Бастауыш сынып

Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі

Бастауыш сынып

Дауыссыз К мен Г

Бастауыш сынып

Мұхтар Әуезов «Жетім»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)

Бастауыш сынып

Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

Бастауыш сынып

Тілашар тойы

Бастауыш сынып

Қалмақан Әбдіқадыров Жиб – Жица күресі (Қажымұқан туралы)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021