Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Жанғыш пайдалы қазбалар

Тақырыбы: Жанғыш пайдалы қазбалар
4 сынып
Сабақ мақсаты: Жанғыш пайдалы қазбалар түрі, қасиеттері, өндірілуі, еліміздегі басты кен орындарымен танысу.
Жетістік критерилері: •
Сабақтың смарт мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады:
Жанғыш пайдалы қазбаларды анықтай алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Жанғыш пайдалы қазбалардың қасиетін айта алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Өндірілетін кен орындарын анықтай алады.
Бағалау критерийі:
дескрипторлар
– жанғыш пайдалы қазбаларды анықтай алады.
– жанғыш пайдалы қазбалардың қасиеттерін ажыратады.
– жанғыш пайдалы қазбалардың өмірде қолданылатын біледі.
Құндылықтарға баулу
Еңбекқорлыққа, қандай нәрсенің де қасиетін бағалай білуге тәрбиелейді.
Пәнаралық байланыс: география
Алдыңғы оқу: Кенді пайдалы қазбалар

Басы Оқушыларды 3 топқа бөлу
– тас көмір
– мұнай
– газ
«Менің көңіл – күйім» жаттығуы. Смайлик арқылы көрсету.

Ортасы
«Сәйкестендіру тесті» (үй тапсырмасы)
«Кім жылдам?» әдісі ( өткен сабақты пысықтау)
Мағынаны тану. (жаңа сабақ)
«Джигсо» әдісі. Жанғыш пайдалы қазбалар.
Мәтінді оқып, постер қорғайды. Мәтінді 3 топқа бөліп беру.
1 – топ. Тас көмір
2 – топ. Мұнай
3 – топ. Газ
«Сен білесің бе?» видеоролик көру.
Көмір – өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты шөгінді кен жынысы.
Көмір көп таралған пайдалы қазба. Қазақстанда аса ірі көмір кендері Қарағанды, Екібастұз көмір алаптарында орналасқан. Қазіргі таңда көмірді отын ретінде пайдаланамыз.
Мұнай – теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың түбіне жинақтала беруінен болады. Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мұнай судан жеңіл. Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді. Мұнайдан халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі – дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа заттар жасалады.
Газ – тасымалдануы жеңіл, бағалы химиялық шикізат. Өндірісте пластмасса, химия талшықтарын, синтетикалық каучук, азот тыңайткыштарын алуда қолданылады.
Сергіту сәті
«Қызыл гүлім – ай»
«Зерделейік»
Жанғыш пайдалы қазбаларды күнделікті өмірде пайдаланып жүрміз бе?

«Бумеранг» әдісі (кері байланыс, тест тапсырмасы)
1. Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
А) тас көмір, мұнай, газ Ә) мұнай, гранит, мыс
Б) газ, тас көмір, қорғасын
2. Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан?
А) Өскемен, Семей Ә) Қарағанды, Екібастұз
Б) Маңғыстау, Атырау
3. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?
А) тас көмір, мұнай Ә) қорғасын, алюминий
Б) мұнай, газ
4. Мұнайдан не алынады?
А) фосфорит, мәрмәр Ә) бензин, газ, жанармай
Б) жанғыш газ, әктас
5. Мұнай неден пайда болады?
А) көмір қалдықтарынан
Ә) жәндіктер мен өсімдік шірінділерінен
Б) май қалдықтарынан
6. Газды картада қандай белгімен белгілейді?
А) қара түсті шаршы Ә) қара түсті үшбұрыш
Б) ақ түсті үшбұрыш

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
Төребай би ауылы ауылы, №199 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Жұматаева Айжан Айдарбайқызы

Жанғыш пайдалы қазбалар. жүктеу


Жанғыш пайдалы қазбалар қысқа мерзімді жоспар жаңартылған бағдарлама бойынша құрылған жоспар

© Дереккөзі

Tags: Жанғыш пайдалы қазбаларжаңартылған бағдарлама бойынша құрылған сабақ жоспарыҚысқа мерзімді жоспар

Related Posts

Бастауыш сынып

Қос жұлдыз

Бастауыш сынып

Дәрумендер тұрағы – түрлі тағам құрамы

Бастауыш сынып

Алып бала 2-сынып

Бастауыш сынып

Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі

Бастауыш сынып

Дауыссыз К мен Г

Бастауыш сынып

Мұхтар Әуезов «Жетім»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)

Бастауыш сынып

Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

Бастауыш сынып

Тілашар тойы

Бастауыш сынып

Қалмақан Әбдіқадыров Жиб – Жица күресі (Қажымұқан туралы)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021