Бәрі туралы
No Result
View All Result
Бәрі туралы
No Result
View All Result

Жемістер мен көкөністер | Бастауыш сынып

Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Күз туралы білімдерін толықтыру, көкөністер мен жемістерді сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын дамыту, сөздік қорын молайту. Адамдар еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту.
Тәрбиелік: Адамдар еңбегін құрметтей білуге және табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: көкөністер мен жемістер суреті, муляждар, қуыршақ театры, музыка.
Алдын – ала жұмыс: көкөніс, жеміс – жидектердің қағаздан қиылған бейнесі.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, сергіту сәті Венн диаграммасы.
Сөздік жұмыс: «береке», «ырыс», «молшылық», «жомарт».

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Барлық жанды құрметтеп
Бас иеміз біз.
– Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
– Күз мезгілінде неше ай бар?
– Күз мезгілінде ауа – рай қандай болады?
– Күз мезгілі туралы қандай тақпақ болады?
Бүгін аптаның қай күні?
Өткен оқу іс – әрекетін еске түсіру.
– Балалар қане кім маған төрт түлікті атап береді?
– Төрт түліктің қандай пайдасы бар?
– Төрт түліктің төлдерін атайықшы?
– Өте жақсы, балалар.
Іздену – ұйымдастырушы Жаңа оқу қызметімен таныстыру. Балалар қазір мен сендерге өлең оқып беремін.
Өрік, шие, бәрі бар,
Қауын, қарбыз көбейді.
Жегің келсе бәрін ал,
Неге аласың демейді.
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
– Балалар бұл өлеңде қай мезгіл туралы айтылған?
– Неліктен күзді жомарт күз деп атаймыз?
Дәнді дақылдарға: күріш, бидай, жүгері жатады.
– Берекелі күздің сыйлары көкөністер мен жемістерге тоқталамыз. Көкөністерге: қауын, қарбыз, жуа, картоп, сәбіз, қызанақ, орамжапырақ, асқабақ, қызылша, қияр, жатады. Көкөністер жерде, бақшада өседі, ал жемістер ағашта өседі. Жемістер мен көкөністер дәрумендерге өте бай. Көкөністерді тамақ пісіргенде қолданамыз. Ал жемістерді жейміз, тосап, шырын қайнатамыз. Қане балалар жемістер мен көкөністер туралы тақпақ білеміз бе?
Өте жақсы, балалар көкөністер мен жемістер туралы тақпақ біледі екенсіңдер.
Ой, мынау кім? Балалар?
Наф – наф саламатсыз ба?
Қане балалар, орнымыздан тұрып, бір серігіп алайықшы.
Сергіту сәтті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық
Себеттерге салайық.

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
№23 «Айзере» балабақшасы
Тәрбиеші: Избастиева Марияш Сагиновна
Жемістер мен көкөністер. жүктеу
Жемістер мен көкөністер. слайдты жүктеу


Жемістер мен көкөністер күз туралы жеміс жидектер көкөністер мен жемістер

© Дереккөзі

Tags: Жеміс-жидектерЖемістер мен көкөністеркөкөністер мен жемістерКүз туралы

Related Posts

Бастауыш сынып

Қос жұлдыз

Бастауыш сынып

Дәрумендер тұрағы – түрлі тағам құрамы

Бастауыш сынып

Алып бала 2-сынып

Бастауыш сынып

Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі

Бастауыш сынып

Дауыссыз К мен Г

Бастауыш сынып

Мұхтар Әуезов «Жетім»

Бастауыш сынып

Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)

Бастауыш сынып

Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

Бастауыш сынып

Тілашар тойы

Бастауыш сынып

Қалмақан Әбдіқадыров Жиб – Жица күресі (Қажымұқан туралы)

Санаттар

  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Бәрі туралы
  • Биология
  • География
  • Ғылым-білім
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия
Яндекс.Метрика
  • Бәрі туралы

Бәрі бар © 2021

No Result
View All Result
  • Бастауыш сынып
  • Баталар жинағы
  • Биология
  • География
  • Ғылыми мақала
  • Дипломдық жұмыс
  • Ертегілер
  • Есімдер
  • Журналистика
  • Информатика
  • Курстық жұмыс
  • Қазақ әдебиеті
  • Қазақ тілі
  • Құттықтау
  • Мақал-мәтелдер
  • Математика
  • Өлең
  • Сұрақ-Жауап
  • Тарих
  • Тәрбие сағаты
  • Физика
  • Химия

Бәрі бар © 2021