Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Жемқорлық індет, жою міндет

Атырау облысы, Қызылғоға ауданы,
Миялы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Салықова Гулбарам

Тақырыбы: Жемқорлық індет, жою міндет
Мақсаты: 1. Оқушыларға адам құқтары жайлы түсініктерін қалыптастыру «жемқорлық»деген не екенін түсіндіру;
2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттері дамиды; дүниетанымдары кеңейді;
3. Патриоттық тәрбие қалыптасады
Көрнекілігі: Жемқорлық қоғам дерті, суреттер, слайдтар
Түрі: Тәрбие сағаты

Жүрісі:
1. Ұйымдастыру
2. Кіріспе сөз
Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру.
3. Тәрбие сағаты: Жемқорлық індет, жою міндет
Жүргізуші
Құрметті оқушылар ұстаздар 4а сыныбының «Жемқорлық індет, жою міндет» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

1 – оқушы Жайдарлым
1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды.

2 – оқушы Камшат
Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заң қабылдады.

3 – оқушы Наурызгүл
Жемқорлық латынша сатып алу. Мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерінің жеке бастарының пайдасы мен мүдессі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс – әрекеттері.

4 – оқушы Наргиза
Жамандыққа тосқауылды қояйық,
Пара алғанның жолы жабық қой анық,
«Қазақстан – 2050»- айқын жол,
Күресейік, жемқорлықты жояйық.

5 – оқушы Айнамкөз
Әр ата – ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа, даналыққа үйретсең,
Жолдан таймас ар болған соң санада.

6 – оқушы Айкөркем
Пара алғандар темір тордан әрі асар,
Алса да оны мойындамай санасар,
Беделі кетіп, қайыры қашып ортадан,
Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар.

7 – оқушы Айкөркем
Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер гүлденер, ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз.

8 – оқушы Шынаргүл
Егеменді өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін сезімімді жыр – әнмен.
Жолыменен Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол жоқ»- деген ұранмен.

9 – оқушы Арнұр
2001 жылы Мексикада БҰҰ – ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды.
10 – оқушы Әли
БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халық – қ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.

11 – оқушы Айнамкөз
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

12 – оқушы Гүлнұр
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білеміз.
Қорытынды.


Тәрбие сағаты сынып сағаты жемқорлық індет жою міндет

© Дереккөзі

To Top