Сабақтың тақырыбы: Жолбарыс пен түлкі Тәжік ертегісі желісімен
Сабақтың мақсаты: М. Әлімбаев туралы мағлұмат беру, мысал өлеңінің мазмұнын ашу.
Сабақтың міндеті:
аЕртегі туралы түсініктерін кеңейту.
бОй өрісін дамыту, адам бойындағы сезімдерді тануға, байқауға, оқушы қиялын дамытуға жол ашу.
вӨтірік пен шынның, әділдік пен зұлымдықтың, мақтаныш пен қарапайымдылықтың арасындағы айырмашылықты тану, адал болуға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:
аЕртегінің негізгі идеясын түсінеді
бЕртегі кейіпкерлерін салыстырады
вҚорытынды шығара алады.
гСыни тұрғыдан ойлай алады
дАвтор орнында болып ой толғау жаза алады
е Бес жолды өлең жаза алады
жЖеке жұмыс жасайды, топта пікір алмасады
Сабақтың әдісі: Топтасу, Диалогтық оқыту, Кубизм стратегиясы, өзің үшін жазу стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі: М. Әлімбаевтың суреті, жолбарыс пен түлкінің суреттері, кестелер, автор орындығы
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, түсіндіру, сұрақ жауап
Бағалау критерийі:
Өзіңді бағала кестесі беріледі
Бүгінгі сабақтан не түсіндің?
Бүгінгі түсінгеніңді қаншаға бағалар едің?
Осы бағаны неліктен таңдадың?
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру
Үй жануарлары
Жабайы аңдар
Құстар бойынша топтасу
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Автор орындығына отырып,
Бала көбелекке ақыл көзбен қарап отырып не айтар едің? Жазған хаттарын оқыту
Осы мәтін негізіне сүйене отырып қандай мақал мәтел айтуға болады?
Әр топ мақал мәтелдер айтады
Жаңа сабақ
Сабақ барысында қалай топтастық? Әр топ өздерінің топтасқан суреттері бойынша әңгімелеп береді
Бүгін біз сендермен М. Әлімбаевтың «Жолбарыс пен түлкі» тәжік ертегісі желісімен ертегісін оқимыз
М. Әлімбаев 1923 жылы Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, балалар поэзиясының классигі. Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер жазушы. 1956 – 1986 жылдары «Балдырған» журналының бас редакторы болды. Ақынның алғашқы жинағы «Қарағанды жырлары»1 952 жылы жарық көрді. Ақынның 52 кітабы жарыққа шыққан. Бірнеше ордендермен марапатталған.
Жолбарыс пен түлкі ертегісін мәнерлеп оқыту
Мәтіндегі негізгі ой неде?
Топта ақылдасып жауап беру
«Кубизм» стратегиясы
І топ Түлкі бейнесін басқа ертегідегі түлкілермен салыстыру
ІІ топ Егер сені басқа біреу мақтаса қандай сезім билеп кетеді?
ІІІ топ Ертегіден қандай қорытынды ой шығаруға болады?
Топ бойынша талқылап, қорғайды
Осы ертегіге қандай мақал мәтел сәйкес келеді? Жазыңдар мағынасын ашыңдар
Мақал мәтелдер
аЖағымпаз жасқаншақ
Жаман мақтаншақ
бДаңқ қуған далада қалады
Мақтан қуған масқара болады
вМақтанғаннан сақтан
Мақтаншақтықты жаман қасиеттердің бірі деген ақын жазушы кім еді?
Жолбарыс пен түлкі Тәжік ертегісі желісімен. жүктеу
Жолбарыс пен түлкі ертегісі тәжік ертегісі ашық сабақ бастауыш сыныптарына арналған
© Дереккөзі