Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Жуан дауысты дыбыстар. Намыс

Бөлімі: Ана тілі
Тақырыбы: Жуан дауысты дыбыстар. Намыс
Мақсаты: – Балаларға қыс мезгілінің ерекшелігін түсіндіру, қысқы спорт ойындары туралы әңгімелесу, бақылай білуге дағдыландыру;
– Есту, айту арқылы жуан дауысты дыбыстар туралы түсіндіру;
– Мәтінді түсініп оқыту, батылдыққа, достыққа тәрбиелеу;
– Білуге деген құштарлықтарын арттыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету;

Қажетті құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: «Қыс» мезгілінің суреті. Қима әріптер. Қысқы спорт ойындар бейнеленген қима қағаздар, аудиожазба, ноутбук, ақ қағаздар, түрлі – түсті қарындаштар, су бояулар т. б.

Іс – әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс – әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық – Ұйымдастыру кезеңі:
– Балалар, айналамызда не өзгергенін қарап көрдіңдер ме?
– Жылдың қай мезгілі басталды?
– Қыстың қандай белгілерін білсеңдер?
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып – жылтыр болып жатады.

Ұйымдастыру – іздестіру Жаңа тақырыпқа кіріспе.
Дидактикалық ойын: «Ненің даусы?»
Мақсаты: Есту арқылы дыбыстарды ажыратуға үйрету. Масаның, жыланның, араның дауыстарының аудиожазбасын тыңдатады, ненің даусы екенін тапқызады.
– Дауысты және дауыссыз дыбыстарды қайталаймыз.
Дауысты дыбыстар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, э, и, ю, я.
Дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, ң, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ,(у).
– Жан – жануар, жәндіктер қалай дыбыстайды?
Мысалы: Түйе боздайды. Ешкі маңырайды. Арыстан ақырады. Қасқыр ұлиды. Әтеш шақырады.

Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді түсініп оқы.
– «Намыс» деген сөзді естігенде ойларыңа не келді?
Намыс – батылдық, ойлағанын орындау.
Мақал
Жігітті намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді?

– Іштей оқыту;
– Дауыстап оқыту;
– Бөліп оқыту;
– Рөлмен оқыту;
Сұрақ – жауап арқылы:
– Әңгімеде жылдың қай мезгілі суреттелген?
– Әңгіме не туралы? Әңгімедегі Кәрім қандай бала? Ол не істеді?
– Өзің қыста қандай ойындар ойнайсың?

– Мәтіннің алғашқы бөлігіндегі сөздерден дауысты дыбыстарды тап. Олардың жуан және жіңішке екенін
айт.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп,
Саусақты ашып – жұмамыз.
Содан соң төмен түсіріп,
Алақанды соғамыз.
Иықты артқа ысырып,
Басты төмен саламыз.
Жаттығу жасап осылай,
Үлкен боп ертең шығамыз.
– Суретпен жұмыс:
– Суреттегі заттардың атауларын жаз.
– Сөздерге сөйлем құрастырады.

– Жұмбақты оқы, шешуін тап.
Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді.

Рефлексивті – түзетушілік
Қорытындылау
– Бүгінгі сабақтан не туралы үйрендік?
– Әңгіме не туралы? Әңгімедегі Кәрім қандай бала?
– Кәрім туралы не айтасыңдар?
– Кәрімнің орнында болсаң не істер едің?
– Өзің қыста қандай ойындар ойнайсың?
Сұрақтарға жауап алынып, оқушыларды бағалайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Жуан дауысты дыбыстар намыс туралы жануарлар қалай дыбыстайды

© Дереккөзі

To Top