Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Жәндіктер – біздің достарымыз | Бастауыш сынып

Жоба жұмысы
Тақырыбы: Жәндіктер – біздің достарымыз

Жобаның түрі: топтық ұзақ мерзімді белгілі нәтижесі бар, 4 – 5 жастағы балаларға арналған шығармашылық жоба.
Білім облысы: экологиялық тәрбие.
Көкейтесті мәселе: серуен кезінде балалар жәндіктерді көрді. Балалар жәндіктерді көргенде бейжай қалмады. Балалардың біразы қуанды, қызықты, басқалары қорықты, кейбіреуі өлтіру керек,- деп ұсыныс жасады. Пікір екіге бөлінді, әңгіме барысында балалардың жәндіктер туралы аз білетіндері көрінді. Жәндіктер бізге керек пе?- деген сұрақ туындады. Олар қандай пайда келтіреді, не зиян әкеледі? – деген сауалдар қойылды. Сондықтан жоба тақырыбы осылай таңдалды. Балалардың жобаға қатысуы олардың жәндіктер туралы білімдерін толықтырып, балалардың шығармашылық – ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру.
Жобаның мақсаты: Жәндіктер – біздің достарымыз жобасы шығармашылық – ізденімпаздық қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды.

Бал араның жыры. М. Әлімбаев
Баратыным – Қыр.
Қонатыным – Гүл.
Теретінім – Нәр.
Беретінім – Бал.

Бал арасы. С. Тойлыбаев
Ара, ара, аралар,
Гүл қауызын жағалар.
Оны баққан ағалар,
Шелек – шелек бал алар.
Ұшып кірсе қосына,
Сен тимесең, тимейді,
Қастығы жоқ досына.

Көбелек Т. Елеусізұлы
Көбелек – ау, көбелек!
Әдемісің керемет!
Гүлге келіп қона ғой,
Өзің де гүл бола ғой.

Құмырсқа А. Байғабылова
Кіп-кішкентай құмырсқа,
Бейім барлық жұмысқа.
Еңбекшіл, жоқ зияны,
Қиянат етпе сен босқа.
Денесіне қарамай,
Жүк салмағын талғамай,
Көтергені ауыр бөрене,
Алып емей, немене?

Жаңылтпаш
Шын еңбекшіл – өрмекші,
Өрмекші – шын еңбекші.

Жәндіктер қалай дыбыстайды?
Ара – ызылдайды.
Шыбын – ызыңдайды.
Шегіртке – шырылдайды.
Бақа – бақылдайды, құрылдайды.

Құмырсқаларды бақылау
Құмырсқа қандай жәндік? Құмырсқаның қандай пайдасы бар? Құмырсқаның ерекшелігін айтқызу. Денесі қандай? Құмырсқалар еңбекқор талмай өздері еңбек етеді. Қыстық қорларын мол жинап алады. Құмырсқалар зиянкес жәндіктердің көзін жойып, пайдалы жәндіктерге тиіспейді. Балаларды қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

Жұмбақ шешу:
Белең – белең ат,
Белі нәзік күрең ат.
Тауға мінсе таймас ат,
Танау тисе өлмес ат. ( Құмырсқа)

Инелікті бақылау
Инеліктердің ұшып жүріп шыбын – шіркейлерді өте жақсы аулайтынын оның қанаттары өте қуатты. Ұшып келе жатып тоқтап, бір орында тұра алатынын айту. Инеліктің көздері айналасын бір мезгілде түгел көреді, ол шыбынның қас жауы.

Жұмбақ шешу:
Жіп – жіңішке инедей,
Екі көзі түймедей.
Тікұшаққа ұқсайды,
Бірақ биік ұшпайды. (Инелік)

Жарық қоңызды бақылау
Балалардың жәндіктер жөнінде түсініктерін толықтыру. Қорапқа салған
жарық қоңызды (жаңбырдан ұстап алған). Түсі қандай? Қанаты бар, ұшады т. б деп қоңызбен таныстыру. Жарық қоңыз түнде ғана ұшып, жылтырап жүреді.

Өлең:
Шықты кеште алдымнан,
Жарық қоңыз қос қанат.
Көрген жанды таң қылған,
Жаны бар, ұшқан от.

Көбелектерді бақылау
Әр түрлі түсті ұшып қонып жүрген көбелектерге қарап, түсерін, дене мүшелерін айыру. Көбелек қай жерде мекендейді? (шабындықта) Олар немен қоректенеді?(гүл шырынын сорады) Оның пайдасы қандай? Көбелектің қандай айырмашылықтары бар? Көбелек те аралар сияқты гүлдердің тұқымын шашып, көбеюіне пайдасын тигізеді. Өз жауларынан жасырынуына түсінің көмегі арқасында қашып құтылады. Көбелектер тез ұшады.

Жұмбақ шешу:
Өзі кілем түріндей,
Құдды қырдың гүліндей,
Гүлге қонса кетеді,
Айырмасы білінбей. (Көбелек)

Масаны бақылау
Маса кішкентай болса да денені шақса ісіп, қышытып мазасыздандыратынын айту.
Өлең:
Шағып алса адамды,
Ауыртады тызылдап.
Үйдің іші қараңғы,
Масалар жүр ызылдап.
Жәндіктер – біздің достарымыз жүктеу


Жәндіктер біздің достарымыз экологиялық тәрбие шығармашылық жоба

© Дереккөзі

To Top