Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Киіз үй – жер шарының жарты моделі (шығармашылық жоба)

Бағыты: тарих, этномәдениеттану
Тақырыбы: «Киіз үй – жер шарының жарты моделі»

Кубайдолла Асылжанның «Киіз үй – жер шарының жарты моделі» атты шығармашылық жобасына
ПІКІР
Еліміз егемендігін алып, халқымыз қараңғылықтың түбінен шыға бастағанда тарихымызға, мәдениетімізге деген халқымыздың қызығушылығы арта түскені белгілі деп ойлаймын. Тарихымыздан хабар беріп, мәдениетімізді бейнелейтін мәдени мұраларымыздың бірі – киіз үйдің көшпелі халқымыздың өмірінен алатын орны ерекше. Оның тарихы, жасалу технологиясы, бөліктері, түрлері туралы түсініктер жұмыстың құндылығы болып табылуда. Асылжан жұмысының мақсаты киіз үйдің ата – бабаларымыздың өмірінде алатын орны туралы, көп оқушылар біле бермейтін киіз үй бөліктері туралы, олардың түрлері мен атаулары туралы түрлі пікірлерді жинақтай отырып, бүгінгі ұрпақтың бойына мәдени мұраларға деген көзқарасты қалыптастыру, тәуелсіз елімізге деген патриоттық сезімдерін дамыту болып табылады. Осындай құнды мәліметтерді жинақтай отырып, ата бабамыздың тұрмысы туралы өз білімін де толықтыра түсуде. Әрі өз кластастары арасында өз білгендерімен бөлісуде.
Егер біз осы бабаларымыздан қалған ең қымбат мұралардың бірі – киіз үйді сол кездегі ата – бабаларымыз сияқты қастерлеп, оның қасиетін, құдіретін келер ұрпаққа жеткізер болсақ, олардың бойына рухани құндылықтарды бағалай білетін ұлттық және патриоттық санасы жоғары тұлға қалыптастыруға болады.
Сондай – ақ, Асылжанның киіз үй моделін қолданып, баспананың жаңа үлгісін жасаудағы үлесі құптарлық дүние. Оны көрген адам ата – бабамыздың баспанасынан хабардар болар еді. Асылжан осы ойын ұштай отырып, алда архитектурада әлі де жаңа жоба үлгілерін көрсетер деп ойлаймын.

Жетекшісі: Мурынова Алия Ордабаевна

Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………….. 3
І тарау. Қазақ халқының ежелгі үйі………………………………………. 4
1. 1. Киіз үй атаулары………………………………………………………….. 4
1. 2. Киіз үй сүйегі………………………………………………………………. 11
ІІ тарау. Киіз үй – ғажайып өнер туындысы………………………….. 14
2. 1. Киіз үй жабулары………………………………………………………… 14
2. 2. Киіз үйдің ішкі баулары……………………………………………….. 16
2. 3. Киіз үйді тігу……………………………………………………………….. 17
2. 4. Киіз үйді жаңа ғасыр талабымен жабдықтау………………….. 18
Қорытынды……………………………………………………………………….. 19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………….. 20

АННОТАЦИЯ
Киіз үй – қазақ халқының өзімен бірге жасасып, тарих белестерінен бірге келе жатқан заттық, тұрмыстық мәдениеттің көрінісі. Бұл жұмыстың мақсаты киіз үйдің ата – бабаларымыздың өмірінде алған орны туралы түрлі пікірлерді келтіре отырып, бүгінгі ұрпақтың бойына мәдени мұраларға деген көзқарасты қалыптастыру, тәуелсіз елімізге деген патриоттық сезімдерін дамыту болып табылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер біз осы бабаларымыздан қалған ең қымбат мұралардың бірі – киіз үйді сол кездегі ата – бабаларымыз сияқты қастерлеп, оның қасиетін, құдіретін келер ұрпаққа жеткізер болсақ олардың бойына рухани құндылықтарды бағалай білетін ұлттық және патриоттық санасы жоғары тұлға қалыптасады.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Киіз үй туралы ғылыми жоба немесе курстық жұмыс дайындағанда көмекші құрал болады. Сонымен қатар оқушыларға мәлімет жинауға септігін тигізеді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: Оқушыларға киіз үй жабдықтағанда немесе кездестіргенде көмегін тигізеді және өз елінің ертедегі тұрмысымен танысады.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
– киіз үй туралы тәлімдік, тәрбиелік көзқарастарға талдау жасалды;
– киіз үйдің ата – бабаларымыздың өмірінде алған орнын көрсету;
– киіз үйдің бөліктері мен түрлері жайында түсінік берілді;
– киіз үйді жаңа ғасыр талабына қарай жабдықтау
Жұмыстың орындалу әдістері: Тарихи деректермен танысу, оларды жинақтау, қорыту, салыстырмалы талдау жасау, тұжырымдау.

Кіріспе
Киіз үй – қазақ халқының өзімен бірге жасасып, тарих белестерінен бірге келе жатқан заттық, тұрмыстық мәдениеттің көрінісі. Ол сонымен қатар қазақ халқының материалдық мұрасының бірі ғана емес бірегейі болып бағаланады.
Қазақтың киіз үйі – қазақ баласы үшін адамгершілік ұясы, қасиет тұтар ордасы. Ол әр қазақ баласы үшін тәуелсіздігі мен бостандығының, байлығы мен барлығының, рухани кісілігі мен қоғам алдындағы міндеттілігінің символы.

Киiз үй — жер шарының жарты моделi іспеттес. Себебі бұл дүниедегі барлық нәрсе шар тәрізді, ғалам да. Ал киіз үй – адам өмірінің бұл жақтағы да жартысы. Жаратылыстың мызғымас заңының негізі – бар нәрсе шар тәрізді ұсақ бөлшектерден тұратын болса, бар тіршілік негізі – шар тәрізді форма болатын болса, киіз үй шардың жартысы, сол форманың бірінші бөлігі.

Менің бұл тақырыпты таңдауыма ата – бабамыздан қалған мұра – киіз үй туралы білімімді тереңдету қажеттілігі себеп болды. Өйткені, кешегіні білмей бүгінгінің қадірін түсінбейміз. Бірақ қазіргі күні киіз үй туралы жеткілікті түрде насихатталмай жүр. Сол себепті кейбір қазақ балалары киіз үйді тек көшпенділіктің белгісі ретінде қабылдайды. Негізінде ол ертедегі тұрмысымыздың ажырамас бөлігі, сәулет өнеріміздің бастауы, қолөнеріміздің дамығандығының көрсеткіші.
Бұл мәселені шешу үшін оқушыларға арналған үйірме ашу керек деп ойлаймын. Үйірме киіз үй жобасында тұрғызылып, оның ішінде қазақ тарихы, тұрмысы көрініс тапса. Сонда оқушылар киіз үйді ата – бабаларымыз сияқты қастерлеп, рухани құндылықтарды құрметтейтін болады деген үміттемін.

І тарау. Қазақ халқының ежелгі үйі
1. 1. Киіз үй атаулары
Кең далада орналасқан ақ отау
Айналасы сылдыр су мен жота, бау
Ата – бабам сыйға тартқан ағаш үй
Сансыз ойға жетелейді, сансыз күй.
Ашық аспан астындағы шаңырақ
Келер ұрпақ сақтап қалсын қалпында – ақ
Терең сыр, терең тарих, терең ой
Іші оның сырға толы біліп қой.

Киіз үй – Орталық және Орта Азияны қоныстанған мал өсірушілердің негізгі баспанасы. Қазіргі көріп жүрген киіз үй бірден дәл осы қалпында пайда бола қойған жоқ. Ол, негізінен адамзат дамуының әр кезең, сатыларындағы тұрғын үйдің қарапайым түрлерін жетілдірудің нәтижесі болып табылады. Орманды далада өмір сүрген көшпелі халық әуелі бірнеше сырықтың басын қосып буып күрке жасады. Келесі сатыда сырықтардың басын қосып бумай, оны шығыршыққа өткізіп қойды. Одан беріректе сырықтың ұшын әр жерден арнаулы тесік жасалған дөңгелекке кигізетін болды. Мұндай күрке бұрынғыға қарағанда әрі кең, әрі биіктеу болатын. Ал, төртінші сатыда күркенің сырықтары жоғарғы және төменгі бөліктерден тұрды. Уық пен керегенің негізі осылай қаланды.

Соңғы 7 – 8 ғасыр бойына киіз үйге жөнді өзгеріс енгізілмей, малшылар үшін ең қолайлы баспана болып қалды. Ол ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы – ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел – дауылға көп шайқалмайды, берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап – тігуі оңай. Осындай ерекше ыңғайлы қасиеттері үшін киіз үйді ертедегі жаугершілік жорықтарда сарбаздар да үнемі қолданып жүрген.
Ол мәдени – тұрмыстық және шаруашылық мақсатқа арналуына қарай төрт түрге бөлінеді: жаздық тұрғын киіз үй, мереке – жиынға немесе қадірлі қонақты күтуге арналған салтанатты киіз үй; жорық кезінде тігуге арналған киіз үй. Осыған байланысты киіз үй атаулары: ағаш үй, қара шаңырақ, орда, ақ орда, алтын орда, отау, үлкен отау, кіші отау, үлкен үй, кішкене үй, төр үй, ауыз үй, қонақ үй, ақ үй, қара үй, жабасалма, жолым үй, шайла, шатпа, күрке.
Ағаш үй. Киіз үйді Қазақстанның кейбір өңірінде ағаш үй деп те атай береді. Киіз үйдің ішін төр жақ, есік жақ деп екіге бөледі. Есік жақты да екіге бөліп – оң жақ, сол жақ деп атайды. Төрде есікке қарап отырған кісінің оң қол жағы оң жақ болып есептеледі. Оң жақтың да, сол жақтың да өз міндеттері бар. Сол жақ үлкендердің (үй иелерінің) орны болса, оң жақ жастардың орны.
Шаңырақ. Қара шаңырақ. Қазақ халқы «шаңырақ» деген сөзге көптеген ұғымдарды сыйғызады. Мысалы «Пәленшекемнің ұрпағы пәлен шаңыраққа жетіпті» деп, бір ауылдың, не бір рудың өсімін жобалап отыратын болған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Киіз үй туралы ғылыми жоба кереге шаңырақ қазақ халқының ежелгі үйі киіз үй сүйегі оқушыларға арналған

© Дереккөзі

To Top