Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Көбейту және бөлуді пысықтау

Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлуді пысықтау.

Сабақтың мақсаты: Көбейту және бөлудің кестелік жағдайы туралы білімдерін бекіту.
Білімділік: көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару дағдыларын жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру
Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балаларды ұйымшылдыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа, қазақтың салт – дәстүрлерін құрметтеуге үйрету, Отанға, туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақ типі: Білімді бекіту, бір жүйеге келтіру.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілікпен жұмыс, іздену, қайталау, кіріктіру, топтық жұмыс.
Құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, ұлттық ойындар, дидактикалық үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану, дене шынықтыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сынып тазалығына қарау
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
– Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше сабақ. Сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз
Сәлем бердік сіздерге
Басты иіп бәріміз
б) Психологиялық дайындық.
Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде
Математиканы оқимыз
Миымызға тоқимыз
– Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!
Математика – Абай атамыз ғалымдар патшасы деген екен. Яғни математиканы
білсек барлығын да білеміз екенбіз.

II. Актуализация
1) 5 – есеп Амалдар тәртібін анықта және есепте.
(120+300): 7=60
720: 8+200=290
(370+30): 5=80
(500 – 20): 60=8
360: 60+840=846
370+150: 5=400
7•(700 – 650)=350
560: 8•3=210
50•6+630: 9=370

2. Тірек білімдерін белсендіру.
1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады?
2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?
3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?
4. Санды нөлге бөлуге бола ма?
5. 2 – ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады?
6. 2 – ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады?
7. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз?

ІІІ. Жаңа сабақ.
– Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып қоямыз: Қазір қай ай? Осы айда қандай атаулы күн бар?
Желтоқсанның 20 – сы
Сынып жұмысы.
– Біз қай елде тұрамыз?
– Еліміздің тәуелсіздігінің неше жылдығын атап өттік?
– 22 қандай сан? – Отан, туған ел, ел рәміздері, Астана қаласы жайлы қандай өлеңдер білесіңдер?
( Балалар әдебиеттік оқудан жаттаған өлеңдерін айтып шығады).
– Егеменді еліміздің жарқын болашағы сендерсіңдер. Балалар, бүгін біз сендермен тәуелсіз еліміздің гүлденген «Абай»ауылына жүйрік аттармен саяхатқа шығамыз.
– Абай Құнанбаев кім?
– Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
– «Адам болам десеңіз» өлеңінде Абай атамыз 5 жақсы қасиет және 5 жаман қасиет туралы айтқан.
– 5 қандай сан?
– Ат үстінде ойналатын қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

1. Жылқы малы туралы мақал – мәтелдер айтқызу.

2. Оқушыларды «Бозжорға», «Құлагер» деген екі топқа бөлу.
Бүгінгі сабағымызда осы ұлттық ойындарды екі топқа бөлініп ойнай отырып, математикалық тапсырмалар орындаймыз!
Екі топ оқушылары жұлдызша, шаршы, үшбұрыш белгілерімен бағаланып отырады.

1.«Көкпар» ойыны. Ауызша есепте.(1 – есеп)
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым соған үйір болады
Досың солар табылатын қасыңнан
1.«Бозжорға»тобы
6•20
5•20
8•20
2•20
0•20
9•20
2.«Құлагер» тобы
7•100
3•100
9•100
0•100
5•100
4•100

2. «Асық ату» ойыны. Қай сан орнында жоқ? (2 – есеп)
Кел, балалар, ойнайық!
Ойнайық та ойлайық
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық
1. «Бозжорға» тобы
9 • □ = 540
1000 – □ =630
380+□ = 540
7 • □ = 630
90 • □ = 540
□ • 90 = 630
Көбейту және бөлуді пысықтау жүктеу
Көбейту және бөлуді қайталау слайд жүктеу


Көбейту және бөлу көбейту және бөлуді қайталау көбейту және бөлуге берілген есептерді шығару

© Дереккөзі

To Top