Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Көбелек және инелік | Бастауыш сынып

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы: Көбелек және инелік
Білім беру салалары: Таным
Бөлімдері: Экология негіздері
Әдіс – тәсілі: әңгімелесу, саяхат, түсіндіру, сұрақ – жауап, тапсырма.
Мақсаты: Жәндіктер әлемімен таныстыруды жалғастыру.
Көбелек және инелікпен қысқаша таныстыру. Жәндіктер бейнесін қағаз бетіне жапсыру арқылы, саусақ маторикасын дамыту. Жәндіктер тіршілігіне қызығушылықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу.
Алдын – ала жүргізілген жұмыс және сабаққа даярлық:
Жәндіктер тіршілігі туралы әңгімелесу.
Билингвизм: Жәндіктер – насекомые – insects
Көбелек – бабочка – butterfly
Инелік – стрекоза – dragonfly

Мотивациялық қозғаушы
Балалар әсем әуенмен залға кіреді. Бүгін біздің тобымызға көптеген қонақтар келіп отыр, қане бәріміз қонақтармен амандасайық.
Амандасу.
Шаттық шеңбері.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
Лучик, лучик золотой
Луч везде и луч со мной.
Добро в тебе добро во мне
Добро кругом на всей земле.
Ай кән сей хеллоу
Ю кән сей хеллоу
Ай кән сей хеллоу төу ю
Ю кән сей хеллоу төу мей.
Хеллоу, хеллоу төу ю.

– Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
– Көктем айларын атайықшы?
– Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Ұйымдастырушы ізденушілік
– Ендеше балалар табиғат аясына серуендеп қайтайық.
Табиғат қандай тамаша…
– Балалар қараңдаршы?
Табиғатты тамашалап суретші сурет салып отыр екен.
Жақынырақ барайықшы.
Суретші:
– Саламатсыздарма балалар!
– Қандай әдемі балаларсыңдар!
– Қай балабақшадан келдіңдер?
– Топтарыңның аты қандай?
Тәрбиеші:
– Суретші сіз нені тамашалап, суретін салып отырсыз?
– Біздердің де көбелек пен инелік туралы білгіміз келеді?
Суретші:
Көбелектер екі түрге бөлінеді.
«Күндізгі» және «түнгі»
Күндізгі көбелектердің түсі қанық, әдемі болады. Сол себепті олардың гүлге қонып отырғаны көрінбей де қалады. Көбелектердің қанаты нәзік болып келеді. Ал түнгі көбелектер түнде ғана ұшып жүреді. Сондықтан да олардың түсі қанық болмайды.
– Көбелектер қалай ұшады?
– Қане бәріміз көбелектерше ұшайық. Олар дыбыстарды жақсы естиді. Көбелектердің табиғатқа әкелер пайдасы бар. Олар гүлдердің көбейіп өсуіне көмектеседі. Олар гүлдермен қоректенеді.
Көбелек және инелік жүктеу


Көбелек және инелік экология негіздері жәндіктер әлемі жәндіктер тіршілігі

© Дереккөзі

To Top