Connect with us

Бәрі туралы

Бастауыш сынып

Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері

Мақсаты: абілімділік: оқушыларды екі таңбалы санға жазбаша қалдықпен бөлу тәсілімен шығаруды таныстыру; жазбаша бөлу тәсілдерін үйрету; есептер шығарту;
әтәрбиелік: балаларды ақыл – ой, еңбек тәрбиесіне баулу, дәптермен жұмыс жасау барысында ұқыптылыққа, тазалыққа баулу, пәнге деген сүйіспеншілігін ояту
б дамытушылық: есте сақтау, ойлау және математикалық тілде дұрыс сөйлей білу қабілетін дамыту; жылдам, тез есептеуге баулу, логикалық ойлау қабілетін арттыру;
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ Әдісі: түсіндіру, көрсету, өзіндік.
Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 2 – 5 есептер (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)
ІІІ. Өткенді қорыту:
1. Математикалық диктант
а 125 пен 5 – тің көбейтіндісін 118 – ге кеміт;
ә 900 бен 456 – ның айырмасын 2 есе кеміт;
б 95 пен 4 – тің көбейтіндісіне 459 – ды қос;
в 1000 мен 455 – тің айырмасын 5 есе кеміт;
2. Көбейтудің компоненттерін атау. Көбейтуді немен тексереміз? Көбейткіштердің орны ауысқаннан…?
2. Ауызша жаттығулар. №1
Бөліндінің мәні мен қалдықты атау.
425: 20=21 (қалд. 5)
812: 90=9 (қалд. 2)
723: 8=80 (қалд. 3)
2450: 80=30(қалд. 50)
6308: 10 =630(қалд. 8)
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Сынып оқушылары «Алғырлар» және «Білгірлер» топтарына бөлініп, өз топтарына қаражат жинайды. Ол үшін әр тапсырманың өзіндік құны болады.

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс.
№2 а) есептеулерді құрастыру, бірінші толымсыз бөлінгішті анықтау. Есептеу мен оны тексерудің қалай орындалғандығын түсіндіру.
4569: 23=198 (қалд. 15)
198*23=4554+15=4569

ә) өзіндік жұмыс ретінде орындау.
384545: 22=17479 (қ7) ————– 20ц5кг: 17=117кг(қалд16) ————- 90т6кг: 43=2093(қ. 7)
907654: 25= 36306 (қ. 4) ———– 6т345кг: 26=244 (қ. 1) ——————- 23км45м: 54=426(қ. 41)
№3 есеп талдана отырып шығарылады.
а) 3750: 15=250(км/сағ) – 1 – пойыздың жылдамдығы.
5880: 21=280 (км/сағ) – 2 – пойыздың жылдамдығы.
280 – 250=30 (км/сағ) – 2 – пойыздың жылдамдығы осыншама артық.

ә) баға қойылатын өзіндік жұмыс ретінде орындау.
1) 2520: 84=30 (сағ) – жолдағы уақыт 2) 72∙30=2160 (км) – 1 – пойыздың жолы.
3) 2160+2520=4680 (км) – пойыздар арасындағы қашықтық.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
№4. а) Шешуі: 240: (36 – 28) =30 36∙30=1080 28•30=840
Жауабы: үлкен залда 1080, ал кіші залда 840 орын бар.
ә) Шешуі: 16: (7 – 5) =8 (л) 7 ∙ 8=56 (л) 5∙8=40 (л) Жауабы: әкесі 56 л, ал ұлы 40 л су әкелді.

Өзіндік жұмыс
№5 – мысал
V=8*6*4=192м2 =19200дм2: 20=960 ыдысты толтырады.
1 л су=1 дм2
«Кім жылдам?»
500*2: 1000*20 – 20+5007=
32*40: 10: 32: 4*2492 – 2492=
№6 – мысал
640000: 500= 1280
400000: 500=800
720000: 500=1440
240000: 500=480
640000: 800 =800
400000: 800=500
720000: 800=900
240000: 800=300

Ойлан, тап:
Төмендегі сандардың ішінен:
• 3 – ке бөлінетін сандарды;
• 2 – ге бөлінетін сандарды тап.
45 123; 32 112; 14 580; 55 170; 91 110; 23 504;
25110; 58 096; 10 006; 3111; 50211; 40111.
№7 мысал Берілген өлшемдерді миллиметрмен өрнекте. Ауызша.

Дауылпаз 3м 20 см — 3200 мм
Сұңқылдақ аққу 2 м 60 см — 2600 мм
Субүркіт 2м 55см — 2550 мм
Құзғын 1м 25см — 1250 мм

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:
– Бүгінгі сабақтан қандай қызықты нәрсені білдіңдер?- Нені үйрендіңдер?

Шығармашылық жұмыс.
№8 а) көбейтінділері олардың бөліндісіне тең болатын екі сан ойла:
1•1=1: 1
2•1=2: 1
ә) Көбейтінділері олардың қосындысына тең болатын үш сан ойла:
1+2+3=1•2∙3
б) Екі санның көбейтіндісінің мәні көбейткіштердің біріне тең бола ала ма? Әр көбейткішке ше? (Егер көбейткіштердің бірі 1 – ге немесе 0 – ге тең болса; егер көбейткіштердің екеуі де 1 – ге немесе 0 – ге тең болса).
ІІ. Бекіту. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Білімді бекіту үшін электронды оқулықтан тест тапсырмаларын орындаймыз.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
Бағалау. Қорытынды.


ашық сабақ математика бастауыш сынып көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу

© Дереккөзі

To Top